Солтүстік Қазақстан облысының әкімі «Оқжетпес» балалар сауықтыру лагеріне барды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі «Оқжетпес» балалар сауықтыру лагеріне барды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Аққайың ауданы, Ленинское ауылында орналасқан «Оқжетпес» балалар сауықтыру лагеріне барды. Іссапар барысында өңір басшысы балалармен кездесіп, олардың демалыс күндерін қалай өткізетінін көріп, тынығу мен дамуға жасалған жағдайлармен танысты. Аталмыш лагерь өз жұмысын 6 маусымнан бастады және алғашқы демалушыларды қабылдап үлгерді. Жазғы маусымда мұнда 500-ден астам бала тынығады деп жоспарлануда. Әр маусым 10 күнге созылады. Осы уақыт аралығында балалар үшін түрлі мазмұндағы іс-шаралар ұйымдастырылады: спорттық ойындар, шығармашылық шеберлік сабақтары, викториналар мен кешкі бағдарламалар. Өскелең ұрпақтың демалысы мен денсаулығын нығайтуға қолайлы жағдай жасау – өңірлік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Балалардың әрбір жазғы демалысы жарқын естеліктерге толы әрі денсаулыққа пайдалы болуы маңызды.

https://www.facebook.com/share/v/1BNrKcLCWH/