1 маусым — Балаларды қорғау күнімен

1 маусым — Балаларды қорғау күнімен
Құрметті аққайыңдықтар! Қымбатты балалар! Сіздерді 1 маусым — Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн — тек балалардың ғана емес, барлық отбасының, бүкіл қоғамның мерекесі. Өйткені әрбір бала — біздің болашағымыз, тәуелсіз еліміздің тірегі, жүрегіміздің қуанышы. Бүгін біз тағы да баланың шат күлкісін, қуанышқа толы көздерін, армандары мен үміттерін қорғаудың маңыздылығын еске аламыз. Оларға мейірім, қамқорлық пен сүйіспеншілік сыйлау — бәріміздің ортақ міндетіміз. Қымбатты балалар! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, ашық аспан, қуаныш пен шаттық тілеймін! Армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық болсын!
Бақытты бала — жарқын болашақ!