
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында бүгін Явленка ауылында облыстық жұмысшы мамандықтары фестивалі өтті. Оның мақсаты — мектеп оқушылары мен студенттерге жұмысшы мамандықтарының экономика үшін маңызды екенін және нақты мүмкіндіктер ашатынын көрсету. Аққайың ауданынан Қиялин аграрлық колледжі қатысып, аспаздық, дәнекерлеу және ауыл шаруашылығын механикаландыру бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Колледж жыл сайын орта есеппен 70-ке жуық маман дайындайды. Барлық студенттер мемлекеттік грантпен тегін оқиды, стипендия алады — бүгінгі күнде қажетті мамандықтарды игеруге барлық жағдай жасалған. Фестиваль аясында колледж студенті Владимир Андреев өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасу сертификатын алды. Ол жуырда облыстық AgroSkills чемпионатында жеңімпаз атанған болатын.