
Аққайың ауданының әкімі Жанар Құсайын «Гендерлік теңдік — қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың негізі: тиімділік, ұмтылыс, трансформация» тақырыбына арналған форумға қатысты. Аудан әкімі жергілікті қауымдастықтардағы әйелдер көшбасшылығы тақырыбындағы практикалық сессияда сөз сөйледі. Өз сөзінде ол «Мемлекеттік қызметтегі әйел: стереотиптерді бұзу және мүмкіндіктерді ашу» тақырыбын қозғап, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің рөлін, кедергілерді еңсеру жолдарын және мансаптық өсуге арналған жаңа мүмкіндіктерді атап өтті. Аққайың ауданы қоғамдағы теңдік пен әділеттілікті нығайтуға, әйелдердің белсенділігі мен көшбасшылығын дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастыруда.