2025 жылғы 16–18 мамыр аралығында Смирново ауылының стадионында «Ақ-Бидай – 2025» жазғы спорт мерекесі аясында футболдан аймақтық жарыстар өтті. Финалдық кезеңге жолдама алу үшін Солтүстік Қазақстан облысының ең мықты командалары өзара бақ сынасты. Аққайың ауданының құрамасы жоғары шеберлік көрсетіп, үш сенімді жеңіске жетті:
Аққайың ауданы — Мамлют ауданы: 4:0
Аққайың ауданы — Айыртау ауданы: 2:1
Аққайың ауданы — Тимирязев ауданы: 7:0
Жарыс қорытындысы бойынша Аққайың ауданының командасы өз аймағында бірінші орынды иеленіп, «Ақ-Бидай – 2025» облыстық турнирінің финалдық кезеңіне қатысу құқығын жеңіп алды. Ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамын тамаша нәтижемен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жеңістер мен табыстар тілеймін!