«2025-2027 жылдарға арналған Аққайың ауданының
Смирново ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихаты шешімінің жобасына пресс-релиз
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109-1-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты шешіміне жоба.
Мәслихат шешімінің жобасы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің жергілікті атқарушы орган қызметін қамтамасыз етуге жолданған.
Шешім жобасын құру мақсаты – ауыл, ауылдық округ азаматтарының тұрмысын жақсартуға бағытталған абаттандыру деңгейін көтеру.