
Хабарландыру
әсер ету скринингін қарау туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі - ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті:
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Сампи» ЖШС
СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
СЭБ әзірлеуге жауапты: «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:
1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықты әсер
етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
2)Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
3) Құжатты іске асыру барысында скрининг материалдарында қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына елеулі ықтимал әсерлері туралы Сіз үшін маңызды барлық ақпарат қамтылған ба? Сізге қандай ақпарат қажетті болып табылды және неліктен?
4) Сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданулы мерзімі: 2024-2039 ж.ж.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 14 тамыздан 28 тамызға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 28 тамыз).
Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі,
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
Экологиялық мәдениет және саясат департаменті
Тел.:8(7172)74-02-83,8(7172)74-08-90
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде электронды мекен – жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен - жайы: k.kense@ecogeo.gov.kz
Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7717274-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.
СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:
Министрліктің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);
Құжатты әзірлеген мемлекеттік органның интернет - ресурсында: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akkayiyn-lesnoy/documents/details/1053967?lang=kk