Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109-1 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты шешіміне жоба.
Мәслихат шешімінің жобасы жергілікті атқарушы органның қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
Шешім жобасын құру мақсаты – Кенжегалы ауылының су тарату желісіне қызмет көрсету үшін жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі қызметтер үшін (ауданы 0,5 га), жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру, сәйкестендіру құжаттарын дайындау үшін 597,5 мың теңге мөлшерінде қосымша ақшалай қаражат бөлу қажет жер учаскесіне; қысқы кезеңде Трудовое ауылындағы кентішілік жолдарды күтіп ұстау үшін 300,0 мың теңге.