Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«1.Аққайың ауданының Астраханка ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімнің 1,2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 48027 мың теңге:
салық түсімдері — 7211 мың теңге;
салықтық емес түсімдер — 0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер — 0 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 40816 мың теңге;
2) шығындар – 48027 мың теңге;
3) Таза бюджеттік кредиттеу 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер — 0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу — 0 мың теңге;
4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо — 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу — 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер-0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) — -0 мың теңге;
5-1) бюджеттің мұнай емес тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 мың теңге:
Қарыздар түсімі — 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу — 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары-0 мың теңге.
1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;
3) мыналардан:
тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан;
өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;
4) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:
аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде;
елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы;
5) бірыңғай жер салыгы;
6) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
1) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;
2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;
3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер;
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.