Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеу өткізіледі:
- агроөнеркәсіптік кешен және ветеринария;
- ішкі саясат,
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
- денсаулық сақтау;
- ақпарат, азаматтық қоғам, жастар және отбасы;
- мәдениет, өнер, тілдерді дамыту;
- қорғаныс;
- білім және ғылым;
- кәсіпкерлік;
- еңбек қатынастары мен әлеуметтік қамтамасыз ету.
Бағалаушы ретінде конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер eqyzmet.gov.kz. интернет-порталында тіркелуі тиіс.
Бағалаушы – бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.
Іріктеуге қатысуға өтінім беру мерзімі: 2025 жылғы 17 маусымынан 2025 жылғы 23 маусымына дейін