Құжатқа сәйкес компания Гусаков ауылдық округінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізеді және округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қолдау көрсетеді. Қол қою рәсіміне Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Гүлмира Әбілқайырова, "Володаровское PRP" ЖШС директорының орынбасары Дармен Рахимов қатысты.
Бұл ынтымақтастық өңірдің әлеуетін нығайтуға, ал болашақта – жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.