2026 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік туралы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Әкімдігі мен «Сырымбет» кен орнын игеруге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқан ЖШС «Tin One Mining» (Тин Уан Майнинг) келісімге қол қойды. Кәсіпорын Solidcore Resources және Berkut Mining компанияларының еншілес құрылымы болып табылады.
Келісім аясында Саумалкөл ауылындағы орталық саябаққа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жобасын жүзеге асыру үшін демеушілік ЖШС «Tin One Mining» көмек көрсетеді. Қаржыландырудың жалпы көлемі 150 млн теңгеге дейін болады.
Жобаны іске асыру барысында жергілікті мердігер ұйымдарды тарту жоспарлануда.
Бұл ауданның шағын және орта бизнесін қолдауға, халықты жұмыспен қамтуға қосымша мүмкіндіктер жасауға және аудан экономикасына мультипликативтік әсер беруге мүмкіндік береді.
Келісім сондай-ақ тараптардың ашық өзара іс-қимыл тетіктерін, қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды, жобалық шешімдерді келісуді және жүзеге асырылатын бастамаларды ақпараттық сүйемелдеуді қарастырады.