Сандардағы отбасылық құндылықтар: СҚО-ның Отбасы күніне арналған статистикасы

Сандардағы отбасылық құндылықтар: СҚО-ның Отбасы күніне арналған статистикасы

Жыл сайын 15 мамырда БҰҰ құрған халықаралық отбасы күні атап өтіледі. Осы күн қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы өңір бойынша арнайы статистика дайындады.

Мәселен, 2025 жылы облыста 4 675 неке тіркелді. 2026 жылдың басынан бастап тағы 750 жұп қарым-қатынастарын ресми түрде рәсімдеді.

    

 Некені тіркеудің ең көп саны дәстүрлі түрде Петропавл қаласына тиесілі. Облыс аудандарының ішінде Айыртау, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан және Тайынша аудандары көш бастап тұр.

 

 Сонымен қатар, 2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 4684 бала дүниеге келді, ал ағымдағы жылдың басынан бастап тағы 1389 бала туылды.

 

 Айта кету керек, көптеген ерлі-зайыптылар үйлену тойына әдемі және есте қаларлық күндерді таңдағанды жөн көреді. 2026 жылы жас жұбайлар арасында ерекше қызығушылық 2026 жылдың 26 маусымына байланысты (26.06.26).

 Естеріңізге сала кетейік, некеге тұру үшін өтініш таңдалған күннен 15 күн бұрын берілуі керек. Мұны АХАТ бөлімдерінде немесе электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы жасауға болады. Бұл ретте электрондық форматта қызмет тек Қазақстан Республикасының азаматтарына, ал тіркеу бөлімдері арқылы-барлығына қол жетімді.

 

 Бұдан басқа, азаматтар неке қию рәсімін ақылы негізде АХАТ бөлімдері, «ХҚКО» мобильдік қосымшасы немесе электрондық үкімет порталы арқылы өткізуге өтінімді ресімдей алады.

 

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы өңір тұрғындарын Халықаралық Отбасы күнімен құттықтайды және отбасылық құндылықтарды сақтаудың, отбасы институтын қолдаудың және балаларды тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасаудың маңыздылығын еске салады.