
2026 жылғы 13 мамырда Айытау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер жөніндегі бас инспекторы Л.Ф. Биксандаева ішкі бақылау бойынша ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсететін маманымен құқықтық жалпы оқыту жүргізді. Құқықтық жалпыға бірдей оқытуды жүргізу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің, мемлекеттік қызметтер туралы заңнама талаптарының мүлтіксіз сақталуына ерекше назар аударылды.
Келіп түскен сұрақтарға түсініктемелер беріліп, нормативтік-құқықтық актілерді сақтау, өтініштердің сапалы қаралуын, өтінімдерді уақтылы тіркеуді және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мерзімдерді, бизнес-процестерді және жұмыс уақытының кестесін сақтауды қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсынымдар әзірленді.