Ботай жаңа шығармашылық орталығы мен мұражай-қорығының ашылуы

Ботай жаңа шығармашылық орталығы мен мұражай-қорығының ашылуы

16 сәуірде Айыртау ауданында бір заманауи ғимаратта орналасқан жаңа креативті орталық пен Ботай мұражай-қорығының ашылуы өтті.
"Ботай" мұражай-қорығын Сабина Әмірова басқарады, Ернар Қазбеков шығармашылық орталықтың басшысы болып тағайындалды. Жаңа алаңдар жастардың зерттеу жұмыстарын, білім беру жобалары мен шығармашылық бастамаларын біріктіруге арналған.
Ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлішев, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Закиржан Мамлютов, Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев, AlmaU университетінің вице-президенті Меруерт Қазбекова және басқа да қоғам өкілдері қатысты.