
2026 жылғы 18 ақпанда Айытау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер жөніндегі бас маманы Л.Ф. Бикандаева Елецкое ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсететін маманымен құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізді. Құқықтық жалпыға бірдей оқытуды жүргізу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің, мемлекеттік қызметтер туралы заңнама талаптарының мүлтіксіз сақталуына ерекше назар аударылды.
Келіп түскен сұрақтарға түсініктемелер беріліп, нормативтік-құқықтық актілерді сақтау, өтініштердің сапалы қаралуын, өтінімдерді уақтылы тіркеуді және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мерзімдерді, бизнес-процестерді және жұмыс уақытының кестесін сақтауды қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсынымдар әзірленді.