Елді мекендердің - Жарық, Құмтөкен және Қамсақты - алдағы көктемгі су тасқынына дайындығын тексеру

Елді мекендердің - Жарық, Құмтөкен және Қамсақты - алдағы көктемгі су тасқынына дайындығын тексеру
2 наурыз күні Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Есмағзам Сейітжанмен Қамсақты ауылдық округіне барып, өңірдегі көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша шаралардың деңгейін тексерді.
Жұмыс сапары аясында Светлое, Құмтөккен және Қамсақты ауылдарындағы су тасқынына дайындық шаралары тексеріліп, арнайы техникалардың жағдайы бақыланды. Аталған елді мекендерде көпжылдық бақылау нәтижесі бойынша көктемгі су тасқыны қаупінің ықтималдығы жоғары. Осыған орай жедел әрекет ету үшін аса маңызды техникалық құралдарға, су сору құрылғылары мен өрт сөндіру жеңдерінің жарамдылығына ерекше көңіл бөлінді.
Тексеру барысында жергілікті қызметтердің төтенше жағдайға қаншалықты дайын екені бағаланып, дайындықты күшейтуге қатысты нақты шаралар белгіленді. Аудан басшысы Мейрам Меңдібаев ауылдық округ әкімі Қайсар Махметовке алдын алу жұмыстарын күшейтіп, тұрғындарды дер кезінде хабардар ету және қажетті көмекті ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жантілеуов пен аудандық төтенше жағдайлар бөліміне жүктелді.
Аталған жұмыстар мен арнайы шаралар су тасқыны қаупін азайтуға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлар қызметінің дайындығын арттыруға бағытталған.