Бүгін Саумалкөл ауылындағы «Сұңкар» хоккей алаңында «Солтүстік 2026» қысқы спорттық мерекесі аясында хоккейден аймақтық жарыстың салтанатты ашылуы өтті.
Мұз айдынында екі күн қатарынан Айыртау ауданы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Есіл және Мамлют аудандарының командалары сынға түседі. Турнир 7 ақпанға дейін жалғасады.
Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаев жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлерге құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға адал бәсеке, жарқын сәттер мен спорттық жеңістер тіледі. Шайба лақтыру мен алғашқы ойын бастау салтанаты аудан әкімі Мейрам Меңдібаевқа берілді.