Қазандықтар бойынша жұмыс сапары

Қазандықтар бойынша жұмыс сапары
 
15 қаңтар күні Айыртау ауданының әкімі М.Ж.Меңдібаев, аудан әкімінің орынбасары Б.М.Жантілеуов және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы А.Ж.Қазкеевпен бірге Саумалкөл ауылында орналасқан барлық жылу қазандықтарына жұмыс сапарын жүзеге асырды.
Іссапар барысында аудан басшылығы жылумен жабдықтау нысандарына кешенді түрде тексеру жүргізді. Аудан әкімі қазандықтардың техникалық жай-күйімен, қызметкерлердің еңбек жағдайларымен, жұмыс ауысымдарының ұйымдастырылуымен танысып, сондай-ақ жұмысшылардың тұрмыстық бөлмелері мен демалыс орындарын аралады. Ерекше назар техника қауіпсіздігі талаптарының сақталуына, жабдықтардың үздіксіз әрі тұрақты жұмыс істеуіне және қажетті отын қорының жеткілікті болуына аударылды.
Қазандық қызметкерлерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қалыптасқан аязды ауа райы мен жылу жүйелеріне түсетін жүктеменің артуы жағдайында Мейрам Меңдібаев жабдықтардың жұмысын күшейтілген бақылауда ұстаудың, технологиялық регламенттерді қатаң сақтаудың және кез келген төтенше жағдайға жедел әрі сауатты әрекет етудің маңыздылығын атап өтті. Ол қысқы кезеңде қазандықтардың тұрақты әрі сенімді жұмыс істеуі ауыл тұрғындарының тұрмыстық жайлылығы мен қауіпсіздігінің басты кепілі екенін алға тартты.
Сапар қорытындысында аудан әкімі қазандық қызметкерлеріне қыс мезгіліндегі тынымсыз әрі жауапты еңбектері үшін ризашылығын білдіріп, жылумен тұрақты қамтамасыз ету мен қызметкерлердің қалыпты еңбек жағдайларын сақтау мәселелері аудандық атқарушы органдардың тұрақты бақылауында екенін жеткізді.