20 қаңтарда аудан әкімі М. Меңдібаевтың төрағалығымен "магистральдық құбыр құрылысы" жобасы бойынша техникалық кеңес өткізілді

20 қаңтарда аудан әкімі М. Меңдібаевтың төрағалығымен "магистральдық құбыр құрылысы" жобасы бойынша техникалық кеңес өткізілді
20 қаңтар күні Айыртау ауданының әкімі М.Ж.Меңдібаевтың төрағалығымен «Кәріздің тазалық жүйесінен Үлкен Қоскөл көліне қарай магистральды құбыр желісін салу» жобасының 2-ші және 3-ші кезеңдері бойынша техникалық кеңес өтті. Кеңеске жауапты лауазымды тұлғалар мен Астана қаласынан мердігер ұйым «SEMKAZ» ЖШС өкілдері қатысты.
Кеңес барысында құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы, сондай-ақ әкімшілік сипаттағы туындаған мәселелер талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша аудан басшысы аудан әкімінің орынбасары Б.М.Жантілеуовке құрылыс-монтаждау жұмыстарын бақылауға алу туралы нақты тапсырмалар берді.