20 қаңтарында Айыртау ауданының әкімі Мейрам Меңдібаевтың төрағалығымен автожолдарды қысқы күтіп-ұстау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында аудан әкімі Антоновка (Уголки станциясы), Лобанов (Заря аулында) және Сырымбет (Сулыкөл аулында) ауылдық округтеріндегі мердігер ұйымдардың жұмыстағы кемшіліктерін атап өтіп, жолдарда апаттық жағдайлар туындаған жағдайда, ауылдарда жылытқыш пункттерінің дайын болуы қажеттігін ескертті.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан әкімі Айыртау ауданының полиция бөліміне, ТЖ және ТКШ бөлімдеріне, ауылдық округ әкімдеріне автожолдарды үнемі бақылауда ұстауды, тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беруді және қажет болған жағдайда қысқы кезеңдегі автожолдардың күтіп-ұстау міндеттерін бұзған мердігер ұйымдарға қатысты шаралар қабылдауды тапсырды.