Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы
2025 жылғы 19 желтоқсанда сағат 11-00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Н.Е.Жанмурзинаның қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Күн тәртібінде Сырымбет ауылдық округі әкімі аппаратының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыс қорытындылары туралы мәселелер қаралды (баяндамашы округ әкімі М.Бекенов).
Өз баяндамасында округ әкімі ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы хабардар етті.
Қоғамдық кеңес мүшелері ауылдық округ әкіміне көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері және өткізілген ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары бойынша бірқатар сұрақтар қойып, барлық сұрақтарға жауаптар берілді.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар берілді.