Дене шынықтыру және спорт бөлімінің мемлекеттік қызметтерін көрсететін маманмен құқықтық жалпыға бірдей оқыту

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің мемлекеттік қызметтерін көрсететін маманмен құқықтық жалпыға бірдей оқыту

2025 жылғы 28 қарашада Айыртау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі бас инспекторы дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мемлекеттік қызмет көрсететін маманымен кеңес өткізді. Құқықтық жалпыға бірдей оқытуды жүргізу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің, мемлекеттік қызметтер туралы заңнама талаптарының мүлтіксіз сақталуына ерекше назар аударылды.

Келіп түскен сұрақтарға түсініктемелер беріліп, нормативтік-құқықтық актілерді сақтау, өтініштердің сапалы қаралуын, өтінімдерді уақтылы тіркеуді және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мерзімдерді, бизнес-процестерді және жұмыс уақытының кестесін сақтауды қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсынымдар әзірленді.