Құрметті ұстаздар!

Құрметті ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен — Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз — тек білім беруші емес, ол — болашақты қалыптастырушы, ұрпаққа жол көрсетуші. Сіздердің даналықтарыңыз, төзімдеріңіз бен мамандыққа деген адалдығыңыз — еліміздің ертеңінің кепілі.

Әр сабағыңыз — шәкірт жүрегіне жол тауып, өмірлік бағыт-бағдар береді.

Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз үшін зор алғыс айтамын!
Шығармашылық табыс, мықты денсаулық, шәкірттер мен ата-аналардың құрметі, еңбектеріңіздің жемісін тілеймін!

 Айыртау ауданының әкімі                                                                                  М.Меңдібаев