Ардақты ардагерлер! Қадірлі аға буын өкілдері!
Сіздерді Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
1 қазан – құрметке, ризашылық пен мейірімге толы ерекше мереке. Бұл күн – аға буын өкілдеріне көп жылдық еңбегі, өмірлік даналығы мен еліміздің дамуына қосқан зор үлесі үшін терең алғыс білдіретін тамаша мүмкіндік.
Өмір жолдарыңыз – Отанға деген адалдықтың, жоғары жауапкершіліктің және рухани беріктіктің айқын көрінісі. Бүгінгі қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуі жолында атқарған еңбектеріңіз ұшан-теңіз. Сіздер – еңбексүйгіштік пен парасаттылықтың, өмірге деген құштарлықтың жарқын үлгісі болып табыласыздар.
Қоғамның әр саласында абыройлы еңбек еткен ардагерлерге айрықша алғысымызды білдіремін. Өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және экономикалық салалардағы ерен еңбектеріңіз ауданымыздың дамуына берік тірек болды. Еңбек жолдарыңыз – ұрпаққа өнеге, ал сақтап келген рухани-мәдени мұраларыңыз жас буынмен жалғасып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып келеді.
Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге белсенді қатысып, тәжірибеңізбен және ақыл-кеңестеріңізбен бөлісу арқылы қоғамымыздың бірлігін нығайтуға баға жетпес үлес қосып келесіздер.
Сіздерге зор денсаулық, жақындарыңыздың қамқорлығы мен мейірімін, қуаныш пен құрметке толы ұзақ өмір тілеймін. Әр күндеріңіз жарқын эмоциялар мен шабытқа, жан тыныштығына толы болсын!
Айыртау ауданының әкімі М.Меңдібаев