2025 жылдың 26 тамызында аудан әкімдігінде ауылдық округ әкімдерімен кеңес өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
қызметтік әдеп нормаларын сақтау, қызметтік автокөлікті пайдалану және құмар ойындардың алдын алу.
Қатысушыларға қызметтік автомобильдерді пайдалану ережелерін қатаң сақтау және оларды жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермеу қажеттігі ескертілді. Құмар ойындар мәселесіне де назар аударылады.
Оларға қатысу қоғамға теріс әсер ететіні және Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретіні атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берілді:
. қызметтік автокөліктің пайдаланылуын бақылауды күшейту;
. қызметкерлер арасында құмар ойындардың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.