«Айыртау ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150100, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов көшесі 44, анықтама үшін телефон 8(71533) 21483, факс 8(71533) 22646, электрондық мекенжай: dana.bai.79@mail.ru, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін Айыртау ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бойынша құрылымдық бөлімшесінің басшысы, мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-3. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 305 232 теңгеден 350 615 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Құрылымдық бөлімше жұмыстарын үйлестіреді, құрылымдық бөлімшеге берілген тапсырмалардың орындалуына жеке жауапты болады.
Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелермен, ауылдық округтермен, мемлекеттік мекемелер және ұйымдармен өзара іс-әрекетті жүзеге асырады.
Аппараттағы қолданыстағы нұсқаулық және регламенттік құжаттармен құрылымдық бөлімшеге жүктелген басқа да функционалдық міндеттерді орындауды және бақылауды қамтамасыз етеді.
Аудан әкімі жанындағы әкімдік отырыстарының ай сайынғы, тоқсан сайынғы жоспарларын әзірлейді және аудан әкіміне қарастыруға ұсынады.
Әкімге қарастырылатын мәселелер бойынша материалдарды жинайды Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларының орындалуына бақылау нысандарын әзірлейді, түсіп жатқан ақпаратты қорытындылап, облыс және аудан әкімдеріне инспекторлық тексерістердің нәтижелері бойынша материалдар дайындайды.Аудан әкімі аппаратында Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс және аудан әкімдерінің актілері мен хаттаммаларын орындау мерзімдері бойынша аудан әкімі аппаратының атқарушылық тәртібін талдау және есеп жүргізу бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.
Аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулеріне дайындық және өткізу, аудан әкімі мен ауылдық округ әкімдерінің есептік кездесулері барысында түскен ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру.
Мемлекеттік тілге білікті және уақтылы аударманы қамтамасыз етеді. Сайлаушылар қозғалысына тұрақты мониторингті, аппараттық кеңестерде берілген аудан әкімінің тапсырыстарының орындалуын бақылауға алады.
Аудан әкімінің қызметімен байланысты барлық шараларды ақпараттық қамтамасыз ету: аудан әкімі жанындағы кеңеске қатысушыларды хабарландыру, жинау, тіркеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (құқық және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (математика және статистика); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық- коммуникациялық технологиялар); педагогикалық ғылымдар (құқық және экономика негіздері және/немесе педагогика және психология және/немесе тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау); өнер және гуманитарлық ғылымдар (аударма ісі және/немесе гуманитарлықғылымдар және/немесе тілдер және әдебиет); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (әлеуметтік ғылымдар) бейіндері бойынша.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес."
Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» КММ құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппараты ғимаратында әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі www.airtau.sko.gov.kz және мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органының gov.egov.kz. интернет-ресурстарында ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде, тапсырылуы тиіс.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
Нысан |
|
__________________________ |
|
(мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені ____________________________________________________________
__________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін ________________________________________________________________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Мекен жайы: ____________________________________________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-maіl: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))