2025 жылдың 23 мамырында аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Б. Қабдрашитов талантты жастарды тарту мақсатында жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.
Іріктеуге В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар және жалпы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл мемлекеттік тілді меңгерген, жоғары білімі бар 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
🔗Іріктеу 6 кезеңнен тұрады:
- Кандидаттардың құжаттарын беру;
- Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
- Ситуациялық міндеттерді шешу;
- Құзыреттерді бағалау;
- Резервке іріктеу жөніндегі сараптамалық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;
- Ұлттық комиссия отырысында ұсынылған кандидаттарды қарау
Сараптама комиссиясы қортындысы бойынша 50 адамды резервке алады.