Кайрат Кобеевич Мукажанов — 1983 жылы 13 сәуiрде туған, бiлiмi жоғары заңгерлiк, 2006 жылы Абай Мырзахметов атындағы университетiн бiтiрген.
2006-2007 ж. ж. — ҚР Құрлық әскерлерiндегi қызмет.
2008-2009 ж.ж. «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетiнiң басқармасында» бас маман болып жұмыс iстедi.
2009 жылдың қыркүйек айынан бастап «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының Айыртау бөлiмiнде маман болып жұмыс iстедi, 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕАҚ СҚО бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Айыртау ауданы бөлiмi басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2019 жылдың сәуiрiнен бастап қазiргi уақытқа дейiн — «Азаматтарға арналған үкiмет «МК КЕАҚ СҚО бойынша филиалының Айыртау ауданының Халыққа қызмет көрсету бөлiмiнiң басшысы болып жұмыс атқарады.
Естерiңiзге сала кетейiк, өткен жылдың қараша айынан бастап мұндай мүмкiндiк тек астана мен Шымкент қаласының тұрғындарында болған. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бiрлесiп, аталған мемлекеттiк қызметтi Қазақстанның барлық өңiрiнiң тұрғындары egov.kz электрондық үкiмет порталынан ала алатындай еттi. Жаңа қызмет қазақстандықтарға ХҚО-ға бармай-ақ, жылжымайтын мүлiк техпаспортын онлайн алуға мүмкiндiк бередi.
Электрондық техпаспортты электронды үкiмет порталында алу үшiн «Жылжымайтын мүлiк» бөлiмiне кiрiп, «Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникалық паспортын алуға электронды өтiнiш беру» қызметiн таңдау қажет. Пәтерлердiң, жатақхана бөлмелерiнiң, жеке гараждардың және саяжай құрылыстарының құқық иелерi онлайн сұрау салғаннан кейiн тiзiмде көрсетiлген құжаттарды тiркеуi қажет.
Құжатты дайындау мерзiмi жылжымайтын мүлiк түрiне байланысты. Техникалық тексеру қорытындысы бойынша пәтердiң, жатақханалардағы бөлменiң техпаспорты үш жұмыс күнi, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына бес жұмыс күнi өткен соң берiледi.
Пәтер, жатақхана бөлмесi, жеке гараждар мен саяжай құрылыстарына рәсiмделетiн электронды техпаспорт ХҚО-да қолтаңбамен расталып, мөр басылып берiлетiн құжаттағыдай бiрдей деректердi қамтиды. Техпаспорттың электронды баламасы Мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге тартылған қызметкерлердiң электрондық-цифрлық қолтаңбасымен расталатын болады.
Айта кетейiк, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында жүзеге асырылған пилоттық жоба аясында 12 мыңнан астам қазақстандық жаңа техпаспортты электронды тәсiлмен алған.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметi
Медициналық ұйымның ұйғаруымен мүгедектiгi бар азаматтар мен балаларға санаторлық-курорттық емдеу тағайындалған болса, онда бұл қызметке өтiнiштi ХҚО-арқылы да рәсiмдеуге болатынын бiлесiз бе? Ендеше #oqy&toqy айдарына назар салыңыз.
Ең алдымен ХҚО-ның жеңiлдiк терезесiне кезектi алдын ала онлайн брондап баруды ұсынамыз;
Бронды растау үшiн белгiленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;
ХҚО операторына келесi құжаттарды тапсырып, өтiнiш берiңiз:
Жеке куәлiк;
Егер заңды өкiлi жүгiнген болса, мүгедектiгi бар азаматтан сенiмхат (нотариалды растау қажет емес);
Мүгедек азамат жайлы қажеттi ақпараттарды ХҚО-операторы ақпараттық жүйеден бiрден енгiзедi. :point_up:Егер ақпараттық жүйеде мәлiмет толық болмаған жағдайда келесi мәлiметтердi қосымша талап етедi:
Мүгедектiгiне байланысты құжаттар;
Жеке оңалту бағдарламасы әзiрленген iс-шаралар туралы жазба көшiрмесi;
Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күндi есепке алмағанда — 10 жұмыс күнi.
Есiңiзде болсын!
Мүгедек азаматқа санаторлық-курорттық емдеу медициналық ұйымның шешiмiмен тағайындалады.
Дендерiңiз сау болсын!
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметi
Баршаңызға сәлем! Бүгiнгi #oqy&toqy айдарында ЭЦҚ мерзiмiн ұзарту жайында айтатын боламыз. Ең алдымен сiздiң телефоныңызға ЭЦҚ мерзiмiнiң аяқталып қалғаны жайлы SMS-хабарлама келедi. Ақпаратты тексеру үшiн Ұлттық куәландыру орталығының pki.gov.kz порталына кiрiп, жеке кабинетiңiзден ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзiмiн тексерiңiз. Одан әрi:
Қолданыстағы ЭЦҚ-ңызға қатысты барлық деректердi толтырыңыз;
«Кiлттер тiзiмiн жаңарту» батырмасын басыңыз. ЭЦҚ құпиясөзiн дұрыс енгiзген кезде аутентификация кiлтi бейнеленедi. Қол қойып, әрi қарай жұмысқа кiрiсемiз;
ЭЦҚ кiлттерiмен жұмыс жасау үшiн «Менiң ЭЦҚ кiлттерiм» бөлiмiне көшемiз.
Ашылған мәзiрден «ЭЦҚ кiлттерiн қайта шығару» тармағын таңдаңыз.
Негiзгi жолдарды толтырыңыз, «Өтiнiм беру» батырмасын басыңыз, растаңыз және оған қол қойыңыз;
ЭЦҚ-ны сақтау үшiн компьютердi таңдасаңыз, онда құпиясөз ойлап табыңыз және енгiзiңiз, одан кейiн «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.
Есiңiзде болсын
Мобильдi азаматтар базасында тiркелмеген болсаңыз SMS-хабарлама келмейдi;
Құпиясөзде төменгi және жоғарғы регистрдегi латын әрiптерi, сондай-ақ сандар болуы тиiс;
Құпиясөздiң ұзындығы кем дегенде 6 таңбалы болуы керек.
Электронды цифрлық қолтаңбаны өзге адамдарға беруге болмайды. Егер берсеңiз, ол адам сiздiң дүние-мүлкiңiзге және барлық заңды әрекеттер жасау құқығыңызға ие болады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметi
Ол үшiн:
* Қолданыстағы жеке куәлiктiң түпнұсқасы немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиiс;
* SMS-хабарламаларды алу мүмкiндiгi бар телефон;
* Компьютерiңiзде веб-камера болуы керек;
* Компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз.
Порталдың басты бетiнде еgov.kz "ЭЦҚ қашықтықтан алу"батырмасын басыңыз. Жүйе компьютерде веб-камераның болуын тексередi. Қалқымалы терезеде "Рұқсат ету" түймесiн басыңыз.
Мобильдi азаматтар базасында (МАБ) телефон нөмiрiңiздiң тiркелуiн тексеру үшiн ЖСН көрсетiңiз. Тексеру сәттi өткен жағдайда 1414 нөмiрiнен келген SMS-кодты (бiр реттiк құпиясөз) енгiзiңiз;
Назар аударыңыз! Егер сiз бұрын МАБ-та тiркелмеген болсаңыз немесе бiр реттiк парольдi алмаған болсаңыз, жүйе Сiздi және телефон нөмiрiңiздi тiркеудi/қайта тiркеудi ұсынады.
МАБ-та сәттi тiркелгеннен кейiн жүйе компьютерде NCALayer бағдарламасының болуын тексередi;
"ЭЦҚ алуға өту" батырмасын басыңыз және қашықтықтан сәйкестендiру бетi ашылады, онда МАБ-та тiркелген телефон нөмiрiн және SMS-кодты енгiзу қажет. Енгiзгеннен кейiн жеке басын растап, (Digital ID жасау), "Бастау" батырмасын басу қажет»;
Сiзге селфи суретiн қосу терезесi ашылады. Бет-әлпетiңiздi ортадағы шеңберге "орналастырып", фото белгiсiне басыңыз. Селфи қосқаннан кейiн бейне сәйкестендiрудi өту үшiн "Жалғастыру" түймесiн басыңыз;
Әрi қарай сiзге бейнесәйкестендiру терезесi ашылады, онда "Бастау" түймесiн басу керек. Бейнесәйкестендiру сәттi өткеннен кейiн аккаунтқа әрi қарай кiру үшiн PIN-кодты ойлап тауып, "PIN-кодты орнату" батырмасын басу қажет»;
Жеке куәлiктiң фотосуретiн жасап, қосыңыз немесе файлды жүктеңiз және құпиясөз арқылы жеке кабинетке кiрiңiз;
Электрондық мекенжайды өтiнiштiң электрондық нұсқасына қосыңыз және кiлттi сақтау орнын таңдаңыз, содан кейiн оның орналасқан жерiн көрсете отырып, өтiнiм жiберiңiз;
Бұдан әрi ЭЦҚ сақтау үшiн кiлттер қоймасына жолды көрсетiңiз (папканы таңдаңыз) және "Ашу" батырмасын басыңыз».
ЭЦҚ-да құпиясөз ойлап табыңыз және енгiзiңiз және "сертификаттарды Жүктеу" батырмасын басыңыз.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша баспасөз қызметi
ХҚО арқылы электрондық цирфлық қолтаңба рәсiмдеушiлер саны қаңтар айында күрт өстi. Жыл басынан берi халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қазақстандықтар 270 мыңнан астам ЭЦҚ рәсiмдеген, бұл көрсеткiш желтоқсан айымен салыстырғанда 30 % көп.
Бұл зейнетақы қорындағы қаржыны шешу және жыл сайынғы мемлекеттiк қызметкерлердiң декларация тапсыру уақытының басталғанымен байланысты. Цифрлық қолтаңбаны рәсiмдеушiлер арасында Алматы, Түркiстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары көп, көшбастап тұрған мегаполис — Алматыда 27 мың болса, қалған екеуiнде 23 мыңнан қолтаңба алынған. ЭЦҚ-ны ХҚО арқылы ең аз рәсiмдегендер саны Батыс-Қазақстан облысында — не бары 7 мың.
Мемлекеттiк корпорацияның төрағасы Әдiл Кожиховтың айтуынша, ЭЦҚ-ны онлайн түрде рәсiмдеуге болады, сондықтан пандемия уақытында халық көп жиналатын жерге барудың қажетi жоқ. «Бiз әр тұрғынның денсаулығына алаңдаймыз. Бүгiнде ЭЦҚ-ны үйде отырып-ақ, бiрнеше минуттың iшiнде рәсiмдеуге болады»,– дейдi Әдiл Кожихов.
Сондай-ақ Азаматтарға арналған үкiмет ЭЦҚ кiлттерiн уақытылы жаңартып отыруды ескертедi. Бiр жылға берiлетiн электронды қолтаңбаның мерзiмi аяқталуға таяған кезде, яғни 10 күн бұрын ЭЦҚ иесiне ескертпе-смс келедi. Азаматтар кiлттердiң жарамдылық мерзiмiн Ұлттық күәландырушы орталығының pki.gov.kz сайты арқылы тағы бiр жылға ұзарта алады. Бұл да ЭЦҚ алу үшiн ХҚО-ға барудың қажеттiлiгiн жояды.
Айта кетейiк, ЭЦҚ-ны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсiмдеу мүмкiндiгi 2020 жылғы сәуiр айынан берi бар. Ол үшiн камерасы бар ноутбук немесе компьютер, жеке куәлiк және мобильдi азаматтар базасында тiркеу болу қажет. Жүйе азаматтың жеке басының мәлiметтерi мен бет-әлпетiн сәйкестiргеннен кейiн жаңа ЭЦҚ-ны сақтап алуды ұсынады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметi
Еgov.kz арқылы:
Порталдың "Бизнестi тiркеу және оны дамыту" бөлiмшесiнен қажеттi қызметтi тауып, онлайн сұратыңыз;
Бiрiншi қадамда ұйым жайлы деректердi толтырып, компанияңыздың толық және қысқа атауын қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде жазыңыз;
Ұйымның құқықтық формалары мен құрылтайшылары жайлы ақпараттарды да толық толтырыңыз;
Заңды мекенжайын, байланыстарын және экономикалық қызметтiң негiзгi түрiнiң кодын, жұмыспен қамтылған адамдардың санын көрсетiңiз.
Егер банк шотын онлайн ашқыңыз келсе, оны үшiншi қадамда банк талап еткен құжаттарды тiркей отырып рәсiмдеңсiз.
Келесi қадамда сақтандыру шартын онлайн жасауға болады.
Өтiнiшке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.
Егер банк шоты мен сақтандыру шартын өз бетiңiзше жасауды жоспарласаңыз, 1-қадамнан соң, бет соңындағы тиiстi тармақты белгiлемеңiз.
Егер компания басшысы басқа адам болса, оның ЖСН нөмiрi порталда көрсетiлген соң, ол 1 сағат iшiнде әрекеттi растауы қажет.
Қызмет уақыты — 1 сағ. (Қайта тiркеу- 1 жұмыс күнi). Нәтижесiн жеке кабинетiңiзден аласыз.
Тiркеудi ХҚО арқылы жүзеге асыру үшiн Сiзге келесi құжаттар тiзiмi қажет:
• жеке куәлiк;
• заңды тұлғаны тiркеу туралы өтiнiш;
Қызмет құны
Iрi бизнес субъектiлерi үшiн — 18382 тг;
Шағын және орта бизнес субъектiлерi үшiн тiркеу — тегiн.
ЖШС-нiң атауы, құрылтайшылар құрамы өзгерген жағдайда және жарғылық капитал сомасы төмендеген жағдайда ХҚО арқылы құжаттарды қайта тiркеу қажет. Ол үшiн келесi құжаттар тапсырылады:
• өтiнiш (ХҚО-да берiледi)
• өзгерiс бойынша қаулы
• мерзiмi 1 айдан аспаған БАҚ баспа басылымында жарғылық капиталдың өзгеруi туралы жарияланым (жарғылық капитал сомасы төмендеген жағдайда)
• келiсiмшарт түпнұсқасы (құрылтайшылар өзгерген жағдайда).
Қызмет құны:
• Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 5656 тг;
• Орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 18382 тг.
Қызмет нәтижесi 1 жұмыс күнi iшiнде дайын болады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша филиалының баспасө қызметi
Бүгiн #oqy&toqy айдарында ЖШС-ны тарату жолдарын айтатын боламыз.
• Еgov.kz арқылы:
Порталға кiрiңiз, порталдың «Бизнеске», «Бизнестi тiркеу және дамыту», «Бизнестi тiркеу және жою» тармақтарына өтiп, «Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын мемлекеттiк тiркеу, филиал мен өкiлдiктi есептiк тiркеуден шығару» қызметiне онлайн тапсырыс берiңiз.
Портал талап екен деректердi толтырып, қажеттi құжаттарды тiркеп, ЭЦҚ арқылы өтiнiшке қол қойыңыз.
Есiңiзде болсын:
Порталға жүктелетiн құжаттардың скан көшiрмелерiн алдын ала дайындап алуды ұмытпаңыз.
Бұл қызметтi жүзеге асыру үшiн порталға ЖШС басшысының ЭЦҚ-сымен кiру керек.
• ХҚО арқылы жүзеге асыру үшiн:
Ең алдымен ХҚО-ға кезектi онлайн брондаңыз. Бронды растау үшiн ХҚО-ға 20 минутқа ерте келiңiз.
ХҚО операторы арқылы заңды тұлғаның таратылуын мемлекеттiк тiркеуге өтiнiш берiңiз.
Қажеттi құжаттар тiзiмi (портал үшiн де, ХҚО үшiн де)
меншiк иесiнiң немесе құрылтайшылар жиналысының мөрiмен бекiтiлген шешiмi;
ЖШС таратылатындығы туралы жарияланған хабарлама бар газет көшiрмесi;
ЖШС-ның мөрiн жойған ұйымның анықтамасы;
Акцияларды шығарудың күшiн жою туралы Ұлттық Банктiң хабарламасы (акционерлiк қоғамдар үшiн);
Филиал және өкiлдiктi есептен шығарған жағдайда филиал туралы өтiнiш және ереже;
Қызмет құны төленгенi жайлы түбiртек.
Қызмет құны:
Iрi бизнес субъектiлерi үшiн — 18382 тг;
Шағын және орта бизнес субъектiлерi үшiн — тегiн.
Қызмет көрсету уақыты портал арқылы да, ХҚО арқылы да 5 жұмыс күнiн құрайды.
Ескерту:
Бұл қызметке өтiнiш қалдыру ЖШС-ны тарату этаптарының ең соңғысы болып табылады.
ҚҚС бойынша тiркелмеген, белгiлi бiр қызмет түрлерiн жүзеге асырмайтын, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi үшiн арнайы режимдi қолданбайтын, бұрын қайта ұйымдастырылмаған, салықтық тексеру жоспарына енгiзiлмеген ЖШС-лар жеңiлдетiлген тарату жолын пайдалана алады. Олар құжаттарды ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер басқармасының бақылау үстелiнен өткiзумен шектеле алады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi
Бұрын автокөлiктi тек арнайы ХҚО-да немесе egov.kz электронды үкiмет порталында тiркеу мүмкiн болатын. Ендi мемлекеттiк қызмет kaspi.kz қосымшасында онлайн режимiнде қол жетiмдi.
Қосымшада автомобильдi қайта ресiмдеу "Мемлекеттiк қызметтер" бөлiмiнде жасалуы мүмкiн, онда сатушы, Сатып алушы үшiн жеке қосымшалар бар. Қызметтi пайдалану үшiн ЭЦҚ қажет емес. Құжаттарға Kaspi арнайы электрондық қолтаңбасы қойылады.
«Ендi сатушы автомобильдi қосымшадағы есептен шығарған кезде, сервис көлiк құралына ауыртпалықтарға, айыппұлдарға және салық берешектерiне автоматты түрде тексеру жүргiзедi. Егер төленбеген салықтар мен айыппұлдар болса, сатушы оларды бiрден қосымшада төлей алады. Сатып алушы сатып алу үшiн ақша аударады, баж салығын төлейдi, автокөлiктi есепке қояды және мемлекеттiк нөмiрлiк белгiнi онлайн таңдайды», — деп түсiндiрдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалында.
Жаңа сервистi пайдалана отырып, автокөлiктi сатып алушы мен сатушы мемлекеттiк органдарға жүгiнбей, өз бетiнше рәсiмнен өте алады. Онлайн мәмiле аяқталғаннан кейiн құжаттарды және мемлекеттiк нөмiрлiк белгiнi "Электрондық үкiмет" порталындағы үйге жеткiзуге тапсырыс беруге немесе оларды мамандандырылған ХҚО-да өз бетiнше алуға болады.
Жақын арада осындай қызметтер басқа банктерде пайда болады деп күтiлуде.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша филиалының баспасөз қызметi
Бүгiн бiз бiлiм туралы құжаттардың, яғни мектептi бiтiргенiңiз туралы аттестаттың не кез келген оқу орны дипломының телнұсқасын алу жолдарын айтатын боламыз. Сонымен бiлiм туралы құжаттардың телнұсқасын алудың екi жолы бар:
Еgov.kz арқылы:
Ең алдымен порталға кiрiп, iздеу жолы арқылы «Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқасын алу» деген қызметтi табыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс берiңiз;
Бiрiншi қадамда өзiңiз туралы мәлiметтердi, қайта қалпына келтiретiн құжаттың түрiн таңдаңыз;
Оқу орны жайлы мәлiметтердi ұсынылған нұсқалардан "қосу" батырмасын басу арқылы көрсетiңiз;
Екiншi қадамда ЭЦҚ арқылы өтiнiшке қол қойыңыз;
Қызмет нәтижесiн жеке кабинетiңiзден тексерiп отырыңыз.
Есiңiзде болсын:
Бұл қызмет түрiн электронды алу үшiн сiз мiндеттi түрде мобильдi азаматтар базасында тiркелген болуыңыз керек.
Қызмет көрсету уақыты — 15 жұмыс күнi.
ХҚО арқылы жүзеге асыру үшiн:
Ең алдымен ХҚО-ға кезектi онлайн брондаңыз. Бронды растау үшiн ХҚО-ға 20 минутқа ерте келiңiз;
ХҚО операторы арқылы «Бiлiм туралы құжаттардың телнұсқасын алу» қызметiне өтiнiш қалдырыңыз;
Қажеттi құжаттар тiзiмi:
Туу туралы куәлiк немесе жеке куәлiк;
Өтiнiш берушi кәмелет жасына толмаған азамат болса, оның ата-анасы немесе заңды өкiлiнiң құжаттары.
Есiңiзде болсын:
ХҚО-ға бармас бұрын бiлiм беру орынының мекенжайын, дұрыс атауын, оқу орнының атауы өзгерген болса, оның жаңа атауын, пошта индексiн бiлiп алыңыз.
Егер бiлiм беру орны жабылып қалса, сұратылған құжаттың телнұсқасы жергiлiктi мұрағатқа сұрау жiберу арқылы алынады.
Қызмет көрсету құны — тегiн.
Қызмет көрсету мерзiмi құжат тапсырған күндi есепке алмағанда 30 жұмыс күнiн құрайды.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
Бүгiн сiздерге жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы қалай алуға болатынын айтып беремiз.
Оны egov.kz электронды үкiмет порталынан онлайн режимiнде алуға болады egov.kz.
Ол үшiн "Жылжымайтын мүлiк" бөлiмiне кiрiп, "сатып алу, сату, жалдау" айдарын таңдап, тиiстi анықтаманы тауып, қарапайым әрекеттер алгоритмiн орындаңыз.
"Онлайн сұрау" батырмасын басыңыз;
Өтiнiмдi толтырыңыз және оған ЭЦҚ-мен немесе бiр реттiк смс-парольмен қол қойыңыз (бұл үшiн мобильдi азаматтар базасында тiркелу мiндеттi);
Жеке кабинетте ("Қызметтердi алу тарихы" бөлiмiнде) өтiнiмдердi өңдеу туралы хабарламамен танысу қажет.
Мемлекеттiк қызмет үшiншi тұлғаларға арналған сервис арқылы да көрсетiледi. Үшiншi тұлғалардың электрондық сұрау салуы өзiне қатысты мәлiметтер сұратылып отырған тұлғаның келiсiмi болған жағдайда орындалады.
Қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi.
Қызмет көрсету мерзiмi: мемлекеттiк жүйеде мәлiметтер болған жағдайда 20 минут iшiнде.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi
Бүгiнгi #oqy&toqy айдарында сатып алынған жылжымайтын мүлiктi нотариуссыз, яғни ХҚО арқылы тiркеп көретiн боламыз.
Ең алдымен ХҚО-ға кезектi онлайн брондаңыз. Бронды растау үшiн ХҚО-ға 20 минутқа ерте келiңiз;
ХҚО операторына келесi құжаттарды ұсыну:
сатып алу- сату келiсiмшартының 2 данасын жасасыңыз:
Мүлiктiң техникалық паспорты;
Мүлiк меншiгiне құқық беретiн құжаттар (сатушы тарапынан);
Некеде болса, екi тараптың да жұбайының нотариус арқылы рәсiмделген келiсiмi;
Егер жылжымайтын мүлiк құрылыс компаниясынан сатып алынатын болса, қосымша:
Сату жөнiндегi шешiм;
Сатып алушы некеде болса, нотариус арқылы жұбайының рәсiмделген келiсiмi;
Есiңiзде болсын:
ХҚО-ға дайын келiсiмшартпен келулерiңiз қажет. Келiсiм-шартта мiндеттi түрде жылжымайтын мүлiктiң барлық сипаттамасы (ауданы, қабаты, пәтер нөмiрi, кадастр нөмiрi және басқа да техникалық сипаттамалары) көрсетiлуi тиiс.
Жылжымайтын мүлiктi құрылыс компаниясынан алған жағдайда, ХҚО-ға компания өкiлi келетiн болса, келiсiмшартта оның аты-жөнi көрсетiлуi қажет. Егер олай болмаған жағдайда, келiсiмшартқа қол қоюшы, яғни компания директоры, директорлыққа тағайындалғаны жайында бұйрықпен ХҚО-ға өзi келедi.
Қызмет құны (тұрғын үй үшiн) — 1 202 тг
Есiңiзде болсын:
Қызмет құны тұрғын үйден басқа жылжымайтын мүлiк түрлерi үшiн (қойма, автотұрақ т.б.) ауданына қарай өзгередi.
Егер тұрғын үй жекежай болса, қызмет құны өзгермейдi, бiрақ жер телiмi және басқа да жекежай аумағындағы құрылыс нысандары үшiн қосымша төлем жасалады.
Қызмет көрсету мерзiмi құжат тапсырған күндi есепке алмағанда — 1 жұмыс күнi.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» QR-код арқылы баж салығын төлеуге болатын мемлекеттiк қызметтер қатарын ұлғайтты. Ендi қазақстандықтар смартфондары арқылы елдегi ХҚО-да кез келген мемлекеттiк қызметтiң төлемiн бiрнеше секундтың iшiнде жолдай алады.
QR-код арқылы, мысалы, жер учаскесiне актiлердi дайындау және беру, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды, банктiк қарызға алу шарты бойынша талаптар құқығын берудi, кондоминиум объектiсiн, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ жер қатынастары, жылжымайтын және жылжымалы мүлiктер саласындағы басқа да мемлекеттiк қызметтер үшiн төлем жасауға болады.
«Пандемия кезiнде ұзын-сонар кезектiң алдын алу керектiгiн түсiнемiз, сондықтан процестердi барынша автоматтандырып, қызметалушыларға ыңғайлы етуге тырысып жатырмыз. Мемлекеттiк қызметтер үшiн QR-төлем жасау жобасы бiрнеше ай бұрын iске қосылды және осы уақыттың iшiнде бiз тиiстi құрылғыны барлық 339 халыққа қызмет көрсету орталығына орнаттық», — дедi мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасының бiрiншi орынбасары Сүйенiш Әбдiлдин.
Азаматтар ХҚО-да мемлекеттiк қызметтердiң ақысын Homebank және Kaspi.kz қосымшасында QR-код арқылы кезексiз, қауiпсiз және тез төлей алады.
Ендi азаматтар қандай бiр қызметтi алған кезде төлем жасау үшiн менеджерден QR құрып беруiн өтiнiп, сосын өзiнiң смартфоны арқылы бiрнеше минуттың iшiнде төлей алады. Айта кету керек, әр клиент үшiн әрбiр қызмет бойынша жеке QR-код жасақталады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметi
2021 жылғы 26 ақпан
Бұл туралы фейсбук парақшасында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Әдiл Қожықов хабарлады. Дарындылар пулына (кадр резервiне) қатысуға өтiнiштердi қабылдау 2021 жылғы 1 наурызда басталады.
«Министр Бағдат Мусин өз парақшасында кадрлық резерв туралы айтқан болатын. Бiз дарындылар пулын — болашақта кәсiпқой мамандардан құралған мықты команда жасақтауды жоспарлап отырмыз. Оған тек бiздiң қызметкерлер ғана емес, кез келген азамат қатысып, өтiнiм бере алады», — деп жазды Әдiл Қожықов.
Жобаға жоғары бiлiмi және кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi бар тұлғалар қатыса алады. Үмiткерлер үшiн ғылыми дәреженiң болуы резервке алу барысында артықшылық болып есептеледi. Тiркеу және онлайн iрiктеу talent.gov4c.kz сайтында 1 наурыздан бастап жүргiзiледi.
Жобаға қатысушылар iрiктеудiң үш кезеңiнен өтедi. Алғашқы екеуiнде үмiткерлер логикалық тестiлеу мен ҚР заңдарының бiлiмi бойынша тест тапсырады. Қорытынды кезеңде мемлекеттiк және қоғам қайраткерлерiнен, HR сарапшыларынан және мемлекеттiк корпорацияның басқарма мүшелерiнен тұратын сарапшы кеңеспен әңгiмелесу өтедi. Жоғары балл жинаған және әңгiмелесу кезеңiнен өткен үмiткерлер кейiннен тиiстi бос лауазымдарға тағайындау мақсатында кадр резервiне алынады.
Халықаралық әйелдер күнi қарсаңында Азаматтарға арналған үкiмет мемлекеттiк қызметтерге қанша әйел жүгiнетiнiн есептеп көрдi.
Белгiлi болғандай, 2020 жылы мемлекеттiк корпорацияға түрлi қызметтердi алу үшiн 6,2 млн әйел жүгiнген. Жалпы алғанда Азаматтарға арналған үкiмет былтыр 13 млн мемлекеттiк қызмет көрсеткенiн ескерсек, олардың 45%-ы нәзiк жандыларға көрсетiлген.
Электрондық цифрлық қолтаңба алуға өтiнiш бiлдiрген әйелдердiң саны ерлермен салыстырғанда бiр пайызға ғана артық. Мысалы, өткен жылы ХҚО арқылы 4,7 млн ЭЦҚ рәсiмделген болса (оның iшiнде 300 мың ЭЦҚ заңды тұлғалар үшiн), оның 2,2 млн-ға жуығын (51%) арулар алған.
Автоқызметтер бойынша жүгiнетiн ханымдардың да саны аз болып шықты. 2020 жылы 173 мың әйел жүргiзушi куәлiгiн ресiмдеген, бұл жалпы берiлген көлiк жүргiзушiсi құжаттарының 21%.
Сонымен қатар мемлекеттiк корпорациядағылар түрлi жәрдемақы алушы қыз-келiншектер туралы да айтып бердi. Мысалы, көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақыны 440 мың отбасы алады, «Алтын алқа», «Күмiс алқа», «Ана даңқы» наградаларының берiлуiне байланысты 229 мың ана жәрдемақы алады, ал бiр жасқа дейiнгi бала күтiмi бойынша бiржолғы жәрдемақы өткен жылы 430 мың анаға тағайындалған.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметi
Әйел адам үшiн ана болудан асқан бақыт жоқ шығар. Босанар алдындағы машақаттардан бөлек, мемлекет төлемдерiн рәсiмдеу жағын да ойластыру керек.
Пайдалы ақпаратпен бөлiсе отырып, бiз өмiрлерiңiздi жеңiлдетпекпiз.
Кiрiсiнен айырылу жағдайындағы төленетiн әлеуметтiк төлем болашақ ананың жұмысқа жарамсыз күндерiн, орташа айлық кiрiсiн және зейнетақы төлемiнiң тиiстi көлемiн ала отырып есептеледi.
Бұл төлемдi рәсiмдеуге ХҚО-ға келесi құжаттар қажет:
- Жеке басын куәландыратын құжат;
- Банк шоты жайлы мәлiмет;
- Жұмысқа жарамсыздық парағы;
- Егер болашақ ана жеке кәсiпкер болса, кәсiптiң мемлекетiк тiркеуi туралы куәлiктiң көшiрмесi.
Құжаттарды тiркелген мекенжайына қарасты ХҚО-ға, еңбекке жарамсыздық парағын алған сәттен бастап 1 жыл iшiнде өткiзуге болады.
Құжаттар толық тапсырылған соң 8 жұмыс күнi iшiнде төлемдердiң тағайындалғаны жайлы SMS-хабарлама келедi.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорация»
КЕ АҚ баспасөз қызметi
Егер сіз «Алтын» алқа», «Күміс алқа» , «Батыр ана», «Ана даңқы» атағын алған аналар қатарынан болсаңыз, сіз ХҚО арқылы мемлекеттік жәрдемақыға өтініш бере аласыз. Біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында аталмыш қызметке өтініш беру жолдарын айтатын боламыз.
ХҚО арқылы:
Ең алдымен өз қалаңыздағы кез-келген ХҚО-ға кезекті онлайн брондап баруды ұсынамыз;
Брондырастауүшінбелгіленгенуақыттан 20 минутқаертебарыңыз;
ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсыру арқылы жәрдемақыға өтініш бере аласыз:
Жеке куәлік;
Дәрежеңізді растайтын құжат, яғни кітапша;
Банктік есепшот жайлы анықтама;
SMS хат арқылы:
Егер сіз мобильді азаматтар базасында тіркелген болсаңыз, «Алтын» немесе «Күміс» алқа табысталғаннан кейін, жәрдемақыға проактивті түрде өтініш білдіруге SMS хат келіп түседі.
Хабарламаға оң жауап беріп, банк шотын жазып жіберсеңіз, ХҚО-ға бармай-ақ қоюға болады.
Мобильді азаматтар базасына тіркелмеген аналарға SMS-хат келмейді.
Жәрдемақы мөлшері барлық дәрежелер үшін – 6,4 АЕК (17 779,2 тг).
Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 7 жұмыс күні.
Есіңізде болсын!
Жәрдемақы өтініш берілген күннен бастап төленеді. Егер өтінішті дәреже алған кезден кешіктіріп өткізсеңіз, қайта есептеу жүргізілмейді.
«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» дәрежелері жергілікті әкімдікпен тағайындалады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі
Баспасөз релизі
2020 ж. 09.11. Петропавл қ.
Солтүстік Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін өзгертті. Облыстың бас санитарлық дәрігерінің.2020 жылғы 05 қарашадағы № 34 қаулысына сәйкес дүсенбіден жұмаға дейін ХҚО-лар азаматтарды сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайтын болады. Сенбі мен жексенбі демалыс күндері
«Енді Солтүстік Қазақстан облысының барлық ХҚО-лары сағат 09-дан 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Бірақ Петропавл қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына назар аударғым келеді. Естеріңізге сала кетейін, облыс орталығының ХҚО-лары ашылғаннан бері жаңа форматта жұмыс істеп келеді. Тек «қағаз» қызметтері ұсынылады, азаматтар электрондық қызметтерді өздері немесе өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында алады. Сонымен бірге, қалалық бөлімдерде сіз қызметтерді кезекке алдын-ала тапсырыс бергеннен кейін ала аласыз. Жаңа кестені ескере отырып, Петропавл қаласының халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде қызметтерді алу үшін сағат 17.30-ға дейін кезекті брондау қажет. Кейін брондау жарамсыз деп танылады», - деді Еркін Жұмабай, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры.
Кезекке бірнеше тәсілмен тапсырыс беруге болады: egov.kz электрондық үкімет порталындағы арнайы қызмет арқылы, 1414 нөмірі немесе Telegram bot EgovKzBot2.0 және eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы. Бұған қоса, кезекке қайта тапсырыс беру мүмкіндігі бар.
Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында ХҚКО-ларда міндетті түрде медициналық маскаларда болу қажет. Сондай-ақәлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы QR кодын пайдалана отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының сапасын бағалау жүйесін іске қосты. Келушілероның көмегімен қызмет көрсету процесі, мәдениеті және бөлімнің инфрақұрылымы сияқты жайттар бойынша өзпікірлерін қалдыра алады. Бүгінде 500-ден астам азамат бұл тәсілді қолданып, халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің жұмыс сапасын бағалап үлгерді.
Еліміздегі 339 бөлімнің әрқайсысында келушілер QR коды орнатылған стендтерді таба алады. QR кодты оқып-танитын қосымшаны пайдалану арқылы клиенттер смартфондағы сауалнама парағына бірден өтеді. Азаматтар онда оператордың жұмысына көңілі толғанын, қызметтіалу ыңғайлы болған/болмағанын, қажет ақпаратты ала алғанын айтып бере алады. Сонымен қатар қызмет алушылар өздерінің тілек-пікірлерін фронт-офис фотосуретін немесе бейнесін жүктеу арқылы да білдіре алады.
Аталған кері байланыс келушілердің мемлекеттік корпорацияның қызметі туралы пікірін білу және олардың қанағаттану деңгейін анықтау үшін қажет. Сондай-ақ сауалнама нәтижелері бөлімдердегі кемшіліктерді анықтауға және оларды жедел жоюға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, сауалнама сұрақтарына мемлекеттік корпорациясының gov4c.kz ресми интернет-ресурсындағы «Кері байланыс» бөліміне өту арқылы да жауап беруге болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы соңғы ай ішінде азаматтарға қоңырау шалып, өзін ХҚО қызметкерімін деп таныстырып, қарызын төлеуді немесе тексеріс үшін жеке басының мәліметтерін сұрайтын алаяқтардың әрекеті жиілеп кеткенін ескертеді.
Келеңсіз жайттарды болдырмау үшін мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің ешкімге қоңырау шалмайтынын, борышкерлердің мәліметтер базасын көре алмайтынын және коллекторлық компаниялардың жұмысына еш қатысы жоқтығын хабарлайды. «Азаматтарға арналған үкімет» пен қызмет алушылар арасындағы кез келген байланыс 1414 нөмірінен жолданатын SMS хабарлама түрінде ғана болуы мүмкін, азаматтарға брондау, құжаттар мерзімінің аяқталуы, құжаттың дайын болғаны немесе композит қызметтеріне қатысты хабарламалар жолданады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тұрғындарға мұқият болып, жеке деректерді үшінші тұлғаларға таратпауға кеңес береді. Аталған мәселе бойынша алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендер құқық қорғау органдарына хабарласа алады.
Қайырлы күн оқырман! Әдеттегідей, аптаны парақшамыздың #oqy&toqy айдарынан бастаймыз. Бүгін біз Қандас мәртебесін ХҚО арқылы алу жолын айтып береміз. Ондай болса, іске сәт:
Алдымен ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз
Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз
Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз
Қандас (Оралман) мәртебесін алу үшін:
Еркін түрде жазылған өмірбаян
Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлеміндегі екі суреті
Мәртебені алушы барлық отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі
Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса:
Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхат
Өтініш беріледі
Мәртебе мерзімі:
Мәртебе 1 жылға жарамды. Бұл мерзім бітерде ҚР азаматтығын алу үшін өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады.
Мәртебені ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң, қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз.
Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде:
Мәртебені алу – 15 жұмыс күні
Мәртебені ұзарту – 5 жұмыс күні
Ескерту!
Сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтер тексерілгеннен кейін, өтініш берушіге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ ХҚО операторынан құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатты алуды ұмытпаңыз.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Blockchain технологиясын мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдісіне алғашқы болып енгізді. Әзірше бұл технология жылжымайтын мүлік кепіл шартын тіркеу бойынша жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметке қатысты қолданыла бастады. Алдағы уақытта бұл тәжірибе басқа да кең таралған қызметтерге енгізілуі ықтимал.
Блоктардың техникалық реттелген тізбегі түріндегі Blockchain жүйесі жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігінен сақтап, ақпараттық қауіпсіздік пен сапалы қызметті қамтамасыз етеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, Blockchain технологиясы кепіл шартын тіркеу үрдісін барынша оңтайландыруға жол ашты. «Бұған дейін қызмет алушылар мүлік кепіл шартын тіркеу үшін бірнеше мекемені аралауға мәжбүр болатын. Мәселен, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы анықтаманы алу үшін ХҚО-ға немесе egov.kz порталына жүгініп, сосын оны банкке апаратын. Енді банк қызметкері өтінім жасағанда қызмет алушының жылжымайтын мүлікке құқықтары және ауыртпалықтардың бар-жоғы туралы мәліметтер автоматты түрде тексеріледі. Енді адамдар емес, мәліметтер сіз үшін «жүгіретін» болды»,– дейді Балташева.
Blockchain технологиясын қолдану арқылы аталған қызметті көрсету мерзімі үш күннен бір күнге дейін қысқарып, банкке ұсынылатын құжаттар тізімі де азайды.
Енді қызмет алушы банктің ақпараттық жүйесінде мүлік шартымен танысып, өзінің ЭЦҚ-сы арқылы қол қояды, ал қызметтің нәтижесі – жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама қызмет алушының egov.kz электрондық порталындағы жеке кабинетіне жолданады.
Blockchain технологиясын таңдау барысында желі қолданушыларының әрекеттерінің айқындығы, децентрализация және сенімді қорғаныс жүйесі есепке алынды.
Қазақстанда кепіл шартын тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті осындай әдіспен көрсету үрдісі коммерциялық банктің бірімен жүзеге асуда.
«Азаматтарға арналған үкімет» басқа да екінші деңгейлі банктермен осы бағытта қызмет көрсету туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Себебі Blockchain технологиясы екіжақты келісім жасасу кезінде үшінші тұлғаларды кірістірмей, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін несиені онлайн ресімдеу және несие беру мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі
Тұрғын үйіңіздің кондоминиум құқығын тіркеу қажет пе? Олай болса, біздің парақшамыздың #oqy&toqy айдарына зер салыңыз.
Egov.kz арқылы
Порталға кіріңіз
Іздеу жолы арқылы «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу» қызметін табыңыз
Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз
Өтініш берушіні таңдаңыз
Тұрғын үй туралы мәліметтерді толық толтырып шығыңыз
Екінші қадамда портал жер учаскесі туралы мәліметтерді сұрайды, көрсетіңіз
Қызмет үшін электронды шлюз арқылы төлем жасаңыз
Төртінші қадамда өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет
Өтініш электронды түрде тапсырылғанда сізге жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаты мен жер учаскесінің актісінің скан көшірмелер қажет болады. Сондай-ақ қызмет ақысын банк арқылы төлеген болсаңыз, төлем түбіртегінің де скан көшірмесін жүктейсіз.
ХҚО арқылы
Алдымен кез келген ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз
Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз
Операторға қызмет ақысының төленгені туралы түбіртекті көрсетіп, тұрғын үйдің екі тұрғынынан өтініш қалдыру жеткілікті
Ескерту, өтініш берушілердің немесе олардың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын және өкілеттілігі туралы құжаттары мәліметтерді сәйкестендіру үшін ғана қажет. Сондай-ақ өтініш беруші тұрғындар меншік иелігі туралы ақпаратты да растаулары керек.
Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 3 жұмыс күні
Қызмет құны - 2404,98 теңге.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, мемлекеттік органдардың шешімімен жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда, өзгерістерді тіркеу құқық иесіне жүктелмейтінін еске салады. Мұндай өзгерістерге, атап айтқанда, елдімекендердің атаулары, көше атаулары, сондай-ақ ғимараттардың және басқа құрылыс нысандарының (мекен-жайлардың) реттік нөмірінің өзгеруі немесе ҚР әкімшілік-аумақтық құрылым реформасына байланысты кадастрлық нөмірлердің ауысуы жатады.
Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамасы бойынша мемлекеттік органдардың шешімімен енген өзгерістерді мемлекеттік тіркеу мемлекеттік ақпарат жүйелерін өзара ықпалдастыру аясында жүзеге асады.
Енді жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы өзгерген жағдайда, тіркелген құқықтар мен жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық сипаттамалары туралы анықтамада мекенжайдың тарихи деректері қоса көрсетіледі (жаңа мекенжаймен бірге ескі мекенжай атауы да жазылады). Мысалы, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел д-лы, 10 (бұдан бұрын Астана қ., Орынбор к-сі, 10).
Сонымен қатар құқық белгілеуші құжаттарда алдыңғы мәліметтер сақталады, бұл ретте жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын нақтылау қажет емес.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметі
Бүгін елордадағы Есіл ауданының №1 ХҚО бөлімініңкелушілеріне «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева қызмет көрсетті. Дәстүрлі қызметтен бөлек, ол дүниеге енді келген егіздерінің құжатын алған ата-ананы, 38 жыл еңбек етіп, құрметті демалысқа шыққан оқытушыны және 16-ға толып, алғашқы жеке куәліктерін алғанағалы-қарындас Рауан мен Аружанды салтанатты түрде құттықтады. Құжаттардан бөлек, мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы естелік сыйлықтар да табыстады.
Естеріңізге салайық, бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметкерлердің корпоративті құндылықтарын қалыптастыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Мәселен, ХҚО қызметкерлері баласының туу туралы куәлігін, жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін алғаш алған, зейнетке шығып жатқан келушілерді өміріндегі ұмытылмассәттерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіреді.
Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметтерді дәстүрлі түрде көрсету шеңберінен шығуға ұмтылып, келушілерге жылу мен мейірімділік сыйлауға дайын. «Әлем өзгерді, онымен бірге біз де өзгеруіміз керек. Қызмет алушыларды жігерлендіріп, қуанышын бөлісіп, әркез қолдауымыз қажет. Маркетологтар мұны тұтынушының қалауын табу дер, ал біз оны шынайы ықылас таныту деп атар едік», – дейді Балташева.
Төрайым қолынан құжат алғандар да өз пікірін айтуды жөн көрді. «Мемлекеттік корпорация төрайымының қыздарымыздың алғашқы құжаттарынтабыстағанына өте қуаныштымыз. Қолы жеңіл болып,олардың да жолы ашық әрі жарқын болады деп сенеміз», – деді Данелия мен Адалин есімді егіздердің әкесі Ренат Шаймарданов.
Білім беру саласында 38 жыл еңбектенген Салтанат Артықова зейнеткерлікке байланысты құжаттарын реттеуге келген. Ол мемлекеттік қызмет көрсету саласында мұндайды бірінші рет кездестіргенін жасырмады: «Құрметті демалысқа шығуыммен құттықтап жатқандарыңызға көп рахмет, өте жағымды әсер алдым. Елімізде өз азаматтарына осындай ілтипат көрсететін ұйымдардың бары қуантады».
ХҚО-да қызмет көрсетудің жаңа тұжырымдамасы биылғы қыркүйекте басталды. #Бізжылусыйлаймыз жобасы аясында еліміз бойынша 20 мыңға жуық қазақстандық қызмет алды. Бұл деректің тек ұлғая түсері анық, себебі мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымынан кейін, осы аптадан бастап, ХҚО-да Азаматтарға арналған үкіметтің төрайым орынбасарларынан, басқарушы директорларына дейін барлық топ-менеджмент азаматтарға қызмет көрсетеді. Өңірлерде – филиал директорлары және орынбасарлары. Олардың барлығы келушілердің өміріндегі ең маңызды сәттерінің куәсі болып, жылы лебіздерін білдіретін болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметі
Жұмыс уақыты:
Түскi үзiлiс жоқ
Телефондар:
Бүгін #қысқаданұсқа айдарында пәтерге тіркелгендердің санын қалай табуға болатынын айтамыз.
Сонымен, егер сіз меншік иесі болсаңыз және тіркелген азаматтардың санын білгіңіз келсе, мұны екі жолмен жасауға болады:
Egov.kz порталы арқылы:
Egov.kz порталына ЖСН мен парольді енгізу немесе ЭСҚ қолдану арқылы тіркеліңіз;
«Жеке кабинетке» өтіңіз;
«Меншік» бөлімінде «Тіркелгендердің тізімін көрсету / жасыру» тармағын таңдаңыз;
Telegram бот EgovKzBot2.0 Telegram бот арқылы:
Іздеу өрісіне EgovKzBot2.0 теріңіз;
Содан кейін стартты басып, «Қызметтерге» өтіңіз;
«Жылжымайтын мүлік» бөлімінде «Менің пәтерімде қанша адам тіркелген» қызметін таңдаңыз;
Егер сізде бірнеше пәтер болса - пайда болған тізімнен қажетті мекен-жайды таңдаңы. Сіз ұялы телефоныңызға растау коды бар хабарлама аласыз, оны енгізуіңіз керек. Нәтиже бірнеше минут ішінде дайын болады.
Назар аударыңыз, қызметті алу үшін сіз мобильді азаматтар базасында тіркелуіңіз керек.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі
Өз баспанаңыздың тіркеу есебінен, баспана қожайыны ретінде, кез-келген адамды тіркеуден шығара алатыныңызды білесіз бе? Бүгін біз парақшамыздың #oqy&toqy айдарында оның екі жолын көрсететін боламыз.
Біріншісі Egov.kz порталы арқылы:
Порталға кіріңіз;
Іздеу жолы арқылы «Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу есебінен шығару» қызметін табыңыз;
Қызметті онлайн сұратыңыз;
Портал сұратқан мекенжай туралы мәліметтерді толтырыңыз;
Портал тіркелген азаматтар тізімін шығарады. Қажетті азаматты "алып тастау" батырмасын басу арқылы көрсетіңіз;
ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
Тұрғын үйдің ортақ иелері болса, олар өз тарапынан жеке кабинетінде келісімін беруі қажет;
Қызмет нәтижесін жеке кабинетіңізден білесіз.
Ескерту, өтініш беруші мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы қажет.
Екіншісі ХҚО арқылы:
ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;
Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;
Операторға есептен шығаратын азаматтардың ЖСН нөмірін беру ақылы қызметке өтініш беріңіз;
Қызмет нәтижесі 5 минутта дайын болады.
Ескерту, ХҚО арқылы рәсімдеген кезде тіркеуден шығаратын азаматтардың ЖСН нөмірін алдын ала білгеніңіз абзал. Білмесеңіз, бұны Egov.kz порталы арқылы жеке кабинетіңізден тіркелгендер тізімін тексеру арқылы білуге болады.
Іске сәт. Қызметтерді үйде отырып, онлайн рәсімдеңіз!
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызметтерді көрсету саласына жаңашылдықтар енгізуде. Қызмет алушылардың ыңғайлылығы үшін мемлекеттік корпорация бизнес пен жеке тұлғаларға арналған бірнеше сервисті іске қосты.
Атап айтқанда, енді ХҚО менеджерінің заңды тұлғалардың кеңсесіне барып, мемлекеттік қызметтерді көрсету мүмкіндігі қарастырылған.
Бұл жаңашылдықты пайдалану үшін мемлекеттік корпорация мен заңды тұлға арасында белгілі бір келісімшарт жасалуы тиіс. ХҚО маманы заңды тұлғалардың керекті анықтамалары мен қызмет етуіне қажетті құжаттар мен өтініштерді рәсімдеуге көмектеседі. Осылайша ірі бизнес өкілдері, екінші деңгейлі банктер, құрылыс компаниялары сияқты мекемелер халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, мемлекеттік қызметтерді ала алатын болады.
«Жеке менеджер – клиентке сапалы қызмет көрсетіп, тиімді ұсыныс жасайтын маман. Ол компанияның мемлекеттік қызметтерге кететін уақытын үнемдейді. Бұл ХҚО-дағы қызметкерлердің жүктемесін де азайтып, жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін ыңғайландырады. Біз әрдайым қызмет көрсету процесін жақсартуға тырысамыз», – дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.
Бүгінде мемлекеттік корпорация клиент қалауына бағдарланған іс-шараларды қарастырып жатыр. Осы ретте, жаңадан көлік сатып алған азаматтар ХҚО-ға бармай-ақ, көліктің техникалық паспорты мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін үйлеріне жеткізіп беру қызметін пайдалана алады. Ол үшін көлікті онлайн рәсімдегеннен кейін порталдағы «Көлік және коммуникациялар» бөлімінен тиісті қызметті таңдау қажет. Қызмет ақысы төленгеннен кейін, автоХҚО курьері құжат пен тіркеу нөмірін бір күн ішінде жеткізіп береді.
Келесі жылдан бастап қазақстандықтар дәл осылайша үйлеріне жеке куәлік, баланың туу туралы куәлігі сияқты құжаттарды жеткізуге тапсырыс бере алатын болады. Бүгінде ол үшін арнайы сервистерді іске қосу жұмысы пысықталып жатыр.
*Анықтама:
2020 жылғы 10 ай ішінде мемлекеттік корпорация арқылы 14,3 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді. Халықтың ХҚО қызметі бойынша қанағаттану көрсеткіші 87,2 % (2019ж.).
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметі
Елімізде жарияланған төтенше жағдайдан кейін жұмысын бастаған қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарында коронавирус пандемиясына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысы шектелген болатын. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің тапсырмасымен бұл аймақтардың жұмысы 30 қарашадан бастап қайта жанданды.
Бүгінде республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда 137 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы іске қосылды. Онда азаматтарға кеңес беру үшін мыңнан астам қызметкер тартылды. Келушілер ондағы компьютерлер арқылы керекті анықтамалар мен электронды қызметтерді өз беттерінше ала алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторындағы ең көп алынатын қызметтерге ЭЦҚ рәсімдеу, соттылықтың болуы/болмауы туралы, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің есебінде болмау туралы анықтамалар алу, тұрғылықты жер бойынша тіркелу және емханаға тіркелу кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, карантин уақыты барысында электронды қызметтерді алу үшін қалалардағы сауда орындары, жоғары оқу орындары, қала әкімдігі сияқты азаматтар көп баратын жерлерде 700-ден астам egov бұрыштары іске қосылған болатын. Онда компьютері немесе интернет байланысы жоқ азаматтар қажетті анықтамалар мен қызметтерді рәсімдейтін. Аталған бұрыштар әлі де қызметін жалғастыратын болады.
Бұған дейін тегін алуға болатын электронды қызметтерді ақылы түрде ұсынатын мекемелердің жұмысына байланысты азаматтардың шағымы көбейген болатын. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы олардың жұмысына еш қатысы жоқтығын және анықтамаларды алу үшін бөгде азаматтарға жеке мәліметтерді ұсыну қауіпті екенін ескертеді.
Мемлекеттік корпорация қайта жанданған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында барлық санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ өздігінен қызмет алушыларға бетперде тағып, арақашықтықты сақтау қажеттігін еске салады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы электрондық портал операторы – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, техпаспорт пен автомобильдің мемлекеттік нөмірлік белгісін қазақстандықтардың үйіне жеткізу қызметін іске қосқан болатын. Қызметке ең көп тапсырыс берген өңірлердің қатарында Қызылорда облысы мен Шымкент және Алматы қалалары бар.
Бұған дейін жаңа көлікті онлайн не офлайн түрде қайта тіркеген көлік иесі машинаның тіркеу нөмірі мен техникалық паспортын алу үшін міндетті түрде мамандандырылған ХҚО-ға жүгінетін. Енді курьер қызметіне тапсырыс берушілер көбіне қаланың сыртында орналасатын автоХҚО-ға бару үшін уақытын шығындамайтын болады.
Алғаш көлік алып отырған қызылордалық Асхат Кеңес бұл қызмет туралы автоХҚО мамандарынан естіген. Көлігін өз атына рәсімдеп болған соң, тіркеу нөмірінің дайын болуын күтпей, оның үйге жеткізіп беруін қалаған. Оның айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру белсенді түрде жүріп жатыр. «Баршамыз қызметтерді электронды үкімет порталы арқылы алудамыз. Игілігін көрудеміз. Тапсырыс бергеннен кейін, көпке созбай, ХҚО мамандары үйіме нөмірді жеткізіп берді. Бұл өте қолайлы әрі оңтайлы екен» – дейді Асхат Талғатұлы.
Жаңа автокөлік иесі онлайн сатып алу мәмілесінен кейін egov.kz порталындағы «Көлік және коммуникация» бөлімінде «МТНБ мен техпаспортты жеткізу» электронды қызметіне тапсырыс беруі тиіс. Бұдан әрі жеке деректерді және көлік туралы мәліметтерді (техпаспорт, МТНБ) толтыру қажет, сондай-ақ ең соңында құжаттар жеткізілуі тиіс мекенжай көрсетілуі қажет. Курьер қызметін пайдалану үшін 2240 тг төленеді.
Екібастұздық Дмитрий Фёдоров портал көмегімен көліктің дайын болған құжаттарын ғана емес, жаңа көлігін де қайта тіркеп алған. «Жарты сағат ішінде онлайн түрде көлікті өз атыма тіркеп алдым. Сосын курьер қызметіне тапсырыс бердім. Сол күні барлық құжаттар қолыма тиді. АвтоХҚО-ға мүлде барған жоқпын. Цифрланудың игілігі деген осы».
Келесі жылдан бастап, мемлекеттік корпорация дәл осылайша қызмет алушылардың үйлеріне дайын болған құжаттарды жеткізу қызметін іске қоспақшы. Азаматтар осылайша ХҚО-ға бармай-ақ, баланың туу туралы куәлігін, жеке куәлікті, паспортты алдырта алатын болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметі
Қазақстанда жыл сайын қыркүйектiң екiншi жексенбiсiнде Отбасы күнi атап өтiледi. Биылғы жылы мереке 13 қыркүйекке дөп келiп отыр. Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «отбасылық» ең танымал ТОП-3 қызмет бойынша ақпаратты ұсынады.
Олар — баланың туылуын тiркеу, жүктiлiк пен босануға байланысты табысынан айырылғаны үшiн әлеуметтiк төлем тағайындау, баланың туылуына және оның бiр жасқа дейiнгi күтiмiне жәрдемақы тағайындау қызметтерi.
Биылғы жылдың 8 айында Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы сәбидiң 145 мыңнан астам туу туралы куәлiгi берiлген, 267 мыңнан астам жас ана бала туғаны үшiн бiрретiк және оның бiр жасқа толғанға дейiнгi күтiмiне тиiстi жәрдемақыларды алған, ал 134 мыңнан астам әйелге жүктiлiгi мен босануына байланысты табысынан айырылғаны үшiн әлеуметтiк төлем тағайындалған.
Аталған қызметтердi халыққа қызмет көрсету орталықтарында ғана емес, egov.kz электронды үкiмет порталы арқылы ЭЦҚ көмегiмен де тапсырыс беруге болады немесе мобильдi азаматтар базасында тiркелгендер проактивтi форматта СМС-хабарлама арқылы ала алады.
Айта кетейiк, баланың туылуына байланысты проактивтi қызмет Қазақстанда 2017 жылдың соңында iске қосылды. Бала дүниеге келгеннен кейiн ата-анаға бiрден құттықтау SMS-хабарламасы, сондай-ақ сәбидiң тууын тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтi алу туралы ұсыныс келедi. Электрондық үкiметтiң порталы барлық ақпаратты мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алады, ал жетiспейтiн ақпарат қызмет алушыдан SMS хабарлама арқылы сұратылады. Соңғы үш жылда 85 мыңнан астам қазақстандық отбасы баланың туылуына қатысты қызметтердi проактивтi түрде алған.
Тағы бiр ақпарат қосып өтсек, жыл басынан берi 53 мыңнан астам жұп некелерiн egov.kz электронды үкiмет порталы арқылы тiркеген.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» КЕ АҚ баспасөз қызметi
Құрметтi оқырман, егер сiздiң жеке басыңызды куәландыратын құжаттардың бiрiн ауыстыру керек болса, ХҚО-ға бару қажет. Ал бiз сiзге бүгiнгi #oqy&toqy айдарында бұл жайлы қысқаша ақпарат беретiн боламыз.
ХҚО-ға кезектi алдын ала онлайн брондаңыз;
Өзiңiз брондаған ХҚО-ға уақтылы барыңыз;
Тiркеу залына өтiп, ЖСН арқылы брондаған кезегiңiздi растап, элекронды талон алыңыз;
Күту залындағы электронды таблодан кезегiңiздi бақылаңыз;
Құжаттандыру секторына өтiңiз;
Көшi -қон қызметкерi құжатты рәсiмдейдi;
Дайын құжатты осы ХҚО-дан алатын боласыз.
ҚР азаматының жеке куәлiгi азаматтарға 16 жастан бастап, 10 жылға берiледi.
ҚР азаматының паспорты азаматтардың қалауына қарай, ҚР аумағынан тыс жерге шыққанда жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Паспорт 10 жылға берiледi.
16 жасқа толған жасөспiрiм жеке куәлiктi алу үшiн ХҚО-ға ата-анасының бiрiмен келуге мiндеттi
Төленетiн баж алымы:
Паспорт — 8 АЕК
Жеке куәлiк — 0,2 АЕК
Құжат 15 жұмыс күнi iшiнде жасалады
Егер құжаттың жасалу мерзiмiн жеделдету қажет болса, қосымша ақы төлеу қажет болады.
1 жұмыс күнi — 4983 тг
3 жұмыс күнi — 2752 тг
Жеке куәлiктiң мерзiмi аяқталуға таяу болса, кез келген ХҚО-ға алдын ала баруыңыз керектiгiн ескертемiз.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
Баспаналы болдыңыз ба? Ал оны қалай заңдастырасыз? Естерiңiзде болса жылжымайтын мүлiкке мемлекеттiк тiркеудi бұрын тек нотариустар арқылы ғана жасап жататынбыз. Қазiр бұл қызметтi ХҚО арқылы да рәсiмдеуге болады. Сондықтан бiз бүгiнгi #oqy&toqy айдарымызда жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қызметiн алудың жолын үйрететiн боламыз.
Ең алдымен ХҚО-ға кезектi брондаңыз;
Брон уақытына сәйкес ХҚО тiркеу бөлiмiне барып талон алыңыз;
Күту залындағы электронды таблодан кезегiңiздi бақылаңыз;
Реттеу залына өтiп қажеттi операторға құжаттарыңызды ұсыныңыз.
ХҚО-ға келесi құжаттарды ала баруыңыз керек:
Жылжымайтын мүлiктiң меншiк құжаттары;
Жылжымайтын мүлiктiң техникалық паспорты;
Жер телiмi болса, оның сәйкестендiру нөмiрi;
Жылжымайтын мүлiкке құқылы азаматтардың нотариалды заңдастырылған келiсiмi;
Некеде болсаңыз, жұбайңыздың нотариалды тiркелген келiсiмi, некеде болмасаңыз — некеге тұрмағандығы жайлы нотариалдық құжат;
Егер сатушы кәмелет жасына толмаған iске қабiлетсiз азамат болса, онда қамқоршы органның жазбаша келiсiмi;
Келiсiм-шартты жасау үшiн төленген қаражаттың төлем түбiртегi.
Мемлекеттiк БАЖ салығы 1073 теңгенi құрайды.
Қызмет 1 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi.
Баспана құтты болсын! Iске сәт!
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
Жыл басынан берi 1,2 миллионнан астам қазақстандық тұрғылықты жерi бойынша электронды үкiмет порталы арқылы тiркеуге тұрды, бұл ретте 699 мың қызмет алушы ХҚО-ға барып тiркелудi жөн көрген. Осылайша, 2020 жылы egov.kz порталындағы «Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жер бойынша тiркеу» қызметiне сұраныс екi есеге жуық өскенi байқалады.
Өткен жылдың сәйкес мерзiмi iшiнде көрсеткiш түбегейлi басқа болған. ХҚО арқылы 2,1 миллионнан астам қызмет алынса, 726 мың тiркеу электрондық үкiмет порталында жүзеге асқан.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, электронды қызметтерге деген сұраныстың күрт өсуi COVID-19 пандемиясы мен төтенше жағдай кезiнде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жабылуына байланысты. «Пандемия электронды қызметтердiң дамуына үлкен серпiн бердi. Егер бұрын үлкенi де, кiшiсi де қарапайым анықтамалар үшiн халыққа қызмет көрсету орталығына баруды жөн көретiн болса, карантин жағдайында денсаулықтарына алаңдаған азаматтар мемлекеттiк қызметтердi өз бетiнше онлайн түрде ала бастады. Күн сайын мыңдаған адам қызмет алуға келетiн мемлекеттiк қызметтердiң бiрыңғай провайдерi ретiнде бұл бiздi өте қуантып отыр. Азаматтарға бұдан да күрделi қызметтердi ұсыну мүмкiндiгi жасалуда», — дедi Балташева.
Egov.kz электронды үкiмет порталында тұрғылықты жерi бойынша тiркелу үшiн өтiнiш берушiнiң және жылжымайтын мүлiк иесiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы керек. Тiркелушi азамат өтiнiш жасап, мүлiк иесi оны растауы қажет. Тұрғындарды тiркеу қызметiн «Азаматтық, миграция және иммиграция» — «Халықты тiркеу және тiркеу есебiнен шығару» бөлiмiнен табуға болады.
Еске салайық, 2019 жылдың маусым айынан бастап азаматтарды тұрғылықты жерi бойынша тiркеу қызметiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының қызметкерлерi жүзеге асырады бастады. Бұл халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесiне сәйкес тiркеу қызметтерiн ұсынуға мүмкiндiк бердi, яғни таңғы 9.00-ден кешкi 20.00-ге дейiн түскi үзiлiссiз, сондай-ақ көшi-қон полициясының деректер базасына тiркеу мүмкiндiгi бар қызметкерлердiң санын көбейтiп, осы қызмет түрiне кезектi азайтты.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметi
Парақшамыздың #oqy&toqy айдарында бүгiн бiз АХАТ бөлiмi арқылы алынатын негiзгi куәлiктердiң қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды электронды форматта алу жолы жайлы айтып беремiз. Ондай болса:
Egov.kz порталына кiрiңiз;
Iздеу жолында «Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктер немесе анықтамалар беру» деген қызмет атауын терiңiз;
Қызмет парақшасынан онлайн алуға болатын куәлiктер тiзiмiнен қажеттiсiн таңдаңыз;
Куәлiк атауын басу арқылы қызмет алу парақшасына өтiңiз;
Портал талап еткен барлық мәлiметтердi толтыру арқылы қызметке онлайн тапсырыс берiңiз;
Қандай куәлiктердiң қайталама баламасын немесе анықтамасын онлайн алуға болады?
Некеге тұру туралы куәлiктiң;
Некенi бұзу туралы куәлiктiң;
Туу туралы куәлiктiң;
Атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту туралы куәлiктiң;
Әкелiк құқықты бекiту туралы куәлiктiң;
Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлiктiң:
Қызмет көрсету құны:
Қайталама куәлiктер үшiн — 1 АЕК
Анықтама үшiн — 0,3 АЕК.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгi (ЦДИАӨМ) және Kaspi.kz қазақстандықтарға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi онлайн түрiнде тез және оңай алуға көмектесетiн жаңа сервистер бiрлесiп әзiрленуде.
Осындай алғашқы жоба Kaspi.kz мобильдi қосымшада ЖК тiркеу сервисi болып табылады. Сервис құжаттарды қашықтықтан тексеруге, кәсiпкердi сәйкестендiруге, тiркеудi растауға арналған бiрқатар заманауи техникалық шешiмдердi қамтиды.
Жоба аясында Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгi, Kaspi.kz, Мемлекеттiк кiрiстер комитетi және «Е-лицензиялау» мемлекеттiк деректер қоры ақпараттық жүйелерiн интеграциялау жүргiзiлдi.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрi Бағдат Мусин:
«Бизнес арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету идеясы Министрлiк командасына тиесiлi. Одан кейiн «ҰАТ» АҚ мен Kaspi.kz-тiң үйлесiмдi атқарылған жұмысы. Мемлекеттiк қызметтердi неғұрлым танымал сервистерде ұсынуы ел үшiн тарихи сәт деп есептеуге болады. Бiз бизнеспен белсендi түрде бiрге қызмет етемiз, өйткенi халықтың қызмет алуда таңдауы болуы тиiс. Бұл өзара iс-қимыл моральдық тұрғыдан ескiрген Egov-қа жүктеменi айтарлықтай азайтады және мемлекеттiк қызметтердi ұсыну жөнiндегi жаңа мүмкiндiктер жасайды. Ендi қазақстандықтар мемлекеттiк қызметтердi өздерiне ыңғайлы жолдармен ала алады».
Kaspi.kz басшысы және негiзiн қалаушылардың бiрi Михаил Ломтадзе жаңа бiрегей сервистiң iске қосылуына қатысты пiкiр бiлдiрдi:
«Бiз үнемi елдегi ең танымал Kaspi.kz үздiк қосымшаға инновациялық сервистердi қосамыз. Бүгiн бiз кәсiпкерлер үшiн ЖК-ны тiкелей бiздiң қосымшамызда онлайн түрде тiркеу мүмкiндiгiн iске қосамыз. Бұл Kaspi.kz және мемлекеттiң сәттi ынтымақтастықтың тағы бiр мысалы. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгiнiң командасы бiздiң командамен бiрге сервистi қысқа мерзiмде iске асырды. Осы бiрегей қызметтi әзiрлеуге және iске қосуға қатысқандардың барлығына рахметiм шексiз».
ЖК тiркеу үшiн ендi осы қызметтi Kaspi.kz қосымшадан таңдап, сауалнаманы толтырып, Kaspi ЭЦҚ көмегiмен қол қою жеткiлiктi.
Елiмiзде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейiн емханаға тiркелу науқаны басталып кеттi. Сiз өз емханаңызға тiркелiп үлгердiңiз бе? Үлгермесеңiз, бiз бүгiнгi #oqy&toqy айдарында оны оңай да онлайн жүзеге асыру жолын көрсететiн боламыз.
Egov.kz порталы арқылы:
Egov.kz порталына кiрiңiз;
Iздеу жолында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететiн медициналық ұйымға бекiту» деген қызмет атауын терiңiз;
Қызметтi онлайн сұратыңыз;
Бiрiншi қадамда сiз кiмдi тiркейтiнiңiз (балаңыз/өзiңiз) және тұрғылықты жерiңiз туралы ақпаратты енгiзесiз;
Медициналық ұйым атауын және дәрiгерiңiздiң аты-жөнiн таңдаңыз;
Мекенжайыңыз бен байланыс нөмiрiңiздi көрсетiңiз;
Келесi қадамда енгiзген мәлiметтерiңiздiң дұрыстығын тексерiп, қызмет мәртебесiмен таныс болыңыз;
Нәтиженi жеке кабинетiңiздегi қызметтер тарихынан бiле аласыз.
Телеграм бот арқылы:
Телеграмдағы EgovKzBot2.0 ботына кiрiңiз;
Теру жолынан көрсетiлетiн қызметтер тiзiмiн ашыңыз;
Денсаулық сақтау батырмасын басыңыз;
Медициналық ұйымға месенджер ақылы тiркелу батырмасын басыңыз;
Қызметтi кiмге алатыныңызды көрсетiңiз;
Мекенжай мәлiметтерiн растаңыз;
Тұрғылықты өңiрiңiздi көрсетiңiз;
Емхананы таңдаңыз;
Тiркелу себебi мен дәрiгердiң аты-жөнiн көрсетiңiз;
Бот сiздiң өтiнiшiңiздiң нөмiрi мен тiркелгендiгiңiз туралы ақпаратты бiрден көрсетедi.
Емхана арқылы:
Жеке куәлiк және басқа да денсаулығыңызға қатысты құжаттарды емхананың тiркеу бөлiмiне көрсетiп, өтiнiш қалдырыңыз.
Қызмет көрсету мерзiмi — 1 жұмыс күнi
Қызмет нәтижесi:
Емханаға тiркелгендiгi туралы медициналық ұйымның ЭЦҚ-сымен расталған электронды талон.
Ескерту, қызметтi алмас бұрын тiркеуге тұрғыңыз келген емхананың дұрыс атауы мен дәрiгердiң аты-жөнiн алдын ала бiлiп алған абзал.
Емханаға тiркелген кезде, бұрыңғы тiркеуден автоматты түрде шығасыз.
Дендерiңiз сау болсын, өзiңiздi күтiп, қызметтi үйден алыңыз!
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
Қазақстандағы жер қатынастарына байланысты тағы бес мемлекеттiк қызмет онлайн режимге ауыстырылды.
Ендi «Мемлекеттiк жер кадастрынан ақпарат беру», «Жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын анықтау», «МЖК ААЖ графикалық дерегiмен жобаланып отырған жер учаскесiн келiсу», «Жер учаскесiне актiлер дайындау және беру», «Жер учаскесiнiң сапалық жағдайы туралы ақпарат беру» сияқты мемлекеттiк қызметтер egov.kz электронды үкiмет порталы арқылы қолжетiмдi болады.
Қазiргi таңда барлық қажеттi нормативтiк-құқықтық актi тиiстi мемлекеттiк органдармен келiсiлiп, қызметтер egov.kz порталында тестiлеуден өтiп жатыр. Нормативтi актiлер күшiне енгеннен кейiн кез келген азамат бұл қызметтердi онлайн түрде сұрата алады.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқарма төрайымының орынбасары Мәди Садановтың айтуынша, жер қатынастарына байланысты қызметтердi алу қашанда қиындықтарымен ерекшеленiп келген. «Жер бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң көп бөлiгi тек қағаз түрiнде және қызмет алушының мемлекеттiк корпорацияның фронт-офисiне тiкелей баруымен ғана ұсынылды. Цифрлық технологиялар дәуiрiнде тұрғылықты жерге байланып, қызметтiң нәтижесiн бiрнеше күн, тiптi бiрнеше апта күту, әрине, орынсыз. Сондықтан бiз жер қатынастары саласында ең көп сұранысқа ие қызметтердiң көрсетiлу мерзiмiн қайта қарастырып, барынша азайттық. Сонымен қатар egov.kz порталы арқылы алу мүмкiндiгi оларды тұрғылықты жерiне қарамастан әлемнiң кез келген жерiнде отырып алуға жол ашады. Басты талап — электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы», — дедi Саданов.
Мәселен, егер бұрын МЖК ААЖ графикалық мәлiметтерiмен жобаланатын жер учаскесiн келiсу мерзiмi 15 күнтiзбелiк күн болса, қазiр ол 7 жұмыс күнiне дейiн, ал жеке сәйкестендiру құжатын дайындау уақыты 6 жұмыс күнiнен 4 күнге дейiн қысқарды. Мемлекеттiк жер кадастрынан ақпарат беру мерзiмi 3 жұмыс күнiнен 15 минутқа дейiн қысқарды. Барлық бес қызмет бойынша да солай.
Айта кетейiк, жаңа қызметтер egov.kz порталының «Жылжымайтын мүлiк» бөлiмiндегi «Жер қатынастары» тармағында қолжетiмдi болады.
Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн ҚР Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында бизнес-процестердi мүмкiндiгiнше цифрландыруды тапсырған болатын.
Анықтама:
Биылғы жылдың 9 айында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi арқылы жер учаскесiне 205 мыңнан астам акт, жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын анықтау бойынша 17 мың қызмет, мемлекеттiк жер кадастрынан 4 мыңға жуық ақпарат, жердiң сапасы туралы жарты мыңға жуық ақпарат берiлдi. Сондай-ақ шамамен 52 мың жер учаскесi келiсiлдi.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметi
Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленетiнiн бiлесiз бе? Ол қандай жағдайда төленедi және оған өтiнiштi қалай беру керек деген сұрақтарға, әдеттегiдей, #oqy&toqy айдарында айтатын боламыз. Аталған жәрдемақыға өтiнiш берудiң бiрнеше жолы бар:
Egov.kz порталы арқылы
Порталға кiрiп, iздеу жолында «Жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтiк төлем тағайындау» деген қызмет атауын терiңiз
Қызметтi онлайн сұратыңыз
Портал ең алдымен тұрғылықты ауданыңызды растауды сұрайды
Анықтаманы алу арқылы жұмыссыз ретiнде тiркелгендiгiңiздi растаңыз
ЭЦҚ арқылы өтiнiшке қол қойыңыз
Қызметтiң нәтижесiн жеке қабинетiңiзден бiле аласыз.
ХҚО арқылы
ХҚО-ға кезектi алдын ала онлайн брондаңыз
ХҚО-ға барған сәтте жеке куәлiк, жұмыссыз ретiнде тiркелгенiңiз туралы анықтама (жұмыспен қамту орталығынан аласыз) мен жәрдемақы аударылатын банк шоты туралы ақпаратты ұсынасыз
Жұмыспен қамту орталығы арқылы
Жұмыспен қамту орталығына да жоғарыда аталған құжаттар тiзiмi тапсырылады.
Ескерту, жәрдемақыға өтiнiш берушi жұмыссыз ретiнде тiркелген және бұған дейiн ресми жұмыс iстеген азамат болуы керек.
Өтiнiш 8 жұмыс күнi iшiнде қаралады
Жәрдемақы 1 айдан 6 айға дейiн төленуi мүмкiн және азамат жұмысқа орналасқан жағдайда тоқтатылады
Жәрдемақы мөлшерi азаматтың әлеуметтiк сақтандыру жүйесiндегi төлемдер негiзiнде тағайындалады
Iске сәт, жаныңызға жайлы жұмыс табыңыз!
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
Мүмкiндiгi шектеулi азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады. Ал бiз бүгiнгi #oqy&toqy айдарында оны жүзеге асыру жолын көрсететiн боламыз.
ХҚО арқылы:
ХҚО-ға кезектi алдын-ала брондаңыз;
Тiркеу бөлiмiне белгiленген уақыттан 20 минутқа ерте келiп, броныңызды растап, жеңiлдiк терезесiне талон алыңыз;
Операторға қажеттi құжаттарды ұсыну арқылы қызметтi 15 минутта рәсiмдеңiз.
Мобильдi топты шақырту арқылы:
«1414» бiрыңғай байланыс орталығына мобильдi топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асады. Сiзбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн iшiнде сiздiң мекенжайыңызға келiп, құжаттарды рәсiмдейдi.
Сiзге қажеттi құжаттар:
Жеке басыңыздың куәлiгi;
Егер сенiмдi өкiлiңiз келген болса, оның сенiмхаты (нотариалды растау қажет емес);
Медициналық оңалту бағдарламасы жөнiнде анықтама;
Мүгедектiгi жайлы куәлiк;
Егер ҰОС ардагерi немесе соған теңестiрiлген азамат болса, ол туралы куәлiк;
Егер әрекетке қабiлетсiз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкiлi құжат тапсыра алады.
Қызмет көрсету уақыты:
Құжат тапсырған күндi есепке алмағанда, 10 жұмыс күнi iшiнде.
Қызмет нәтижесi:
Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген кезде мүгедектерге арналған арбаның берiлуi жайлы шешiмдi ХҚО-дан аласыз.
Ескерту, мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтiк қорғау басқармасынан берiледi.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiметтiң» әлеуметтiк-еңбек саласы бойынша 1411 бiрыңғай байланыс орталығы биылғы 9 ай iшiнде азаматтарға 912 мыңнан астам консультациялық қызмет көрсеттi.
Бұл орайда ең көп қойылған сауалдар 42 500 теңге әлеуметтiк төлемiне (400 мыңнан астам), зейнетақы және әлеуметтiк қамсыздандыруға (356 мыңнан астам), сондай-ақ әлеуметтiк мекенжай көмегiне (50 мыңнан астам) қатысты болған.
Қазақстанда әлеуметтiк қызметкерлердiң кәсiби мерекесi қазан айының соңғы жексенбiсiне белгiленген. Бұл күн 2011 жылы ҚР Тұңғыш Президентiнiң жарлығына сәйкес бекiтiлдi. Қазiргi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында жұмыс iстеп жатқан 22 мыңнан астам адамның 2 мыңнан астамы — әлеуметтiк блоктың қызметкерлерi.
«Корпорацияның әлеуметтiк саладағы рөлi тек қана 1411 байланыс орталығымен шектелмейдi. Бүгiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру саласында төлемдердiң 44 санаты бойынша 15 мемлекеттiк қызмет көрсетедi. Соның iшiнде декреттiк төлемдер, бала туу мен бiр жасқа дейiнгi күтiмi бойынша жәрдемақылар, зейнетақылар мен басқа да әлеуметтiк төлемдер бар», — дедi мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымының орынбасары Бiржан Жүнiсов.
Айта кету керек, биылғы 9 ай iшiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» әлеуметтiк блогының мамандары 20,3 млн төлем жасаған. Кең тараған қызметтерге тоқталсақ, баланың тууы мен бiр жасқа дейiнгi күтiмiне қатысты жәрдемақы — 315 397, бiр жасқа дейiнгi бала күтiмiне орай табысынан айрылған жағдайда тағайындалатын әлеуметтiк төлем — 206 082, жүктiлiкке және босануға байланысты әлеуметтiк төлем — 154 499.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметi
Еліміздің кейбір облыстарында бас санитарлық дәрігерлердің шешімімен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылды. Бұл өзгеріс жеті аймаққа – Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарына қатысты.
Атап айтсақ, Атырау облысындағы бұған дейін коронавирус індеті өршігендіктен, карантинге жабылған Жылыой аудандық ХҚО ашылды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, ХҚО жұмыс уақыты ұзартылғандықтан, күн сайын тұрғындарға ұсынылатын мемлекеттік қызмет саны да артпақ. «Біз жағдайды үнемі бақылауда ұстап отырмыз. Қызмет алушылар халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті бір апта бұрын брондау керектігін айтып шағымдануда. ХҚО жұмыс уақытын біртіндеп ұзарту арқылы осы мәселені тұрақтандырып, қазақстандықтардың мемлекеттік қызметтерді алу қажеттілігін қамтимыз деп ойламын», - деді Балташева.
Еліміздегі төтенше жағдай аяқталғаннан бері ХҚО арқылы үш миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ, әлі де карантин жағдайы сақталғандықтан, ХҚО-да алдын-ала брондау арқылы және тек қана қағаз жүзінде ұсынылатын қызметтер көрсетіледі. Ал электрондық қызметтер жеңілдік терезелерінде зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен көп балалы отбасылардың мүшелеріне ғана көрсетіледі. Компьютерлері немесе интернеті жоқ азаматтар онлайн қызметтерді алу үшін әкімдіктер мен екінші деңгейлі банктерде орналасқан egov.kz бұрыштарын пайдалана алады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы ХҚО-ларының жұмыс уақыты Дүйсенбі-Сенбі сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін. Жексенбі – демалыс.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі
Елімізде жыл басынан бері автоХҚО-да 1,7 миллионға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді . «Азаматтарға арналған үкіметтің» ресми мәліметіне сәйкес биылғы жеті ай ішінде Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру және ауыстыру бойынша 400 мыңнан астам қызмет, ал көлікті тіркеу бойынша 1,3 миллион мемлекеттік қызмет ұсынылған.
Бұл орайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, былтырғы жылға қарағанда биыл egov.kz арқылы алынған онлайн қызметтердің саны артқан. «Бұл үрдіс азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға оң әсерін тигізгені анық. Мәселен, биыл электрондық портал арқылы 145 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігін ауыстырса, 90 мыңға жуық кісі көліктерін онлайн түрде қайта тіркеген», - деді ол.
Бүкіләлемдік пандемия салдарынан жарияланған төтенше жағдай мен карантиндік шектеулерге, соның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты қысқарғанына қарамастан, қазақстандықтардың автокөлікке қатысты қызметтерге деген сұранысы өте жоғары. Айта кетсек, биыл жүргізуші куәлігіне қатысты қызметтердің саны былтырғы жылға қарағанда 70 мыңға өскен, ал көлікті қайта тіркеу бойынша қызмет небары 150 мыңға қысқарды.
Бұл тұрғыда еске салайық, елдегі карантиндік жағдайға байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу үшін алдын-ала брондау арқылы кезекке тұру қажет. «ХҚО-ға кезекті брондау қызметі тегін және ресми түрде egov.kz порталы, телеграм және 1414 байланыс орталығы арқылы ұсынылады. Бұл орайда алаяқтарға алданбауларыңызды сұраймыз», - деп ескертті Әсемгүл Балташева.
Қазіргі таңда аймақтардағы бас санитарлық дәрігерлердің шешімімен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі біртіндеп ұзартылып жатыр.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ баспасөз қызметі
Егер сіз қандайда жағдайларға байланысты бала асырап ала алмасаңыз, онда баланы патронаттық тәрбиелеуге алып көріңіз. Ал, біз баланы патронаттық тәрбиелеуге алу және оны асырап-бағуға ақшалай қаражат тағайындауды онлайн рәсімдеу жолын #oqy&toqy айдарында көрсетеміз.
Egov.kz порталына кіріңіз;
Порталдың қызметтер тізіміндегі «Отбасы» бөлімінен «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» қызметін табыңыз;
Қызметті онлайн сұратыңыз;
Бірінші қадамда сұратылған мәліметтерді толық толтырып шығыңыз;
Егер сіз некеде болсаңыз, жұбайыңыздың ЖСН нөмірін көрсетуіңіз керек. Ал жұбайыңыз ЭЦҚ арқылы жеке кабинетінен он күн ішінде келісімін беруі шарт.
Екінші қадамда сіздің және жұбайыңыздың денсаулық жағдайы және сіздің біліміңіз туралы ақпараттардың скан көшірмелерін порталға жүктеу арқылы көрсетіңіз;
Сіз жайлы қылмыс жасау мәліметтердің жоқтығы мен жұбайыңыздың электронды келісімін алуға рұқсат беріңіз;
Үшінші қадамда, жүйеден сұратылған мәліметтер порталға шыққанша жаңартыңыз. Мәліметтер 10 күнге дейін жаңартылуы мүмкін;
Төртінші қадамда өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз;
Қызметті онлайн сұратқанда сізге төмендегі құжаттардың скан көшірмелері немесе электрондық нұсқалары қажет болады:
Қызметалушының, егер некеде тұрса оның; жұбайының да денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ наркологиялық және психатриялық диспансерлерде есепте тұрмағаны жөнінде анықтамалар;
Қызметалушы некеде болса, онда оның жұбайының нотариус арқылы расталған келісімі;
2008 жылға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеге тұрған жағдайда некеге тұру туралы куәлігі;
Өтініш беруші отбасының жеке меншігінде тұрғын үйі болмаса, тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттар;
Өтініш берушінің білімі туралы мәліметтер;
Баланың (балалардың) білім беру ұйымында оқуы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі.
Қызметтің нәтижесін 10 жұмыс күні ішінде жеке кабинетіңізден біле аласыз.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі
Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
Құрметті оқырман, парақшамыздың бүгінгі #oqy&toqy айдарында аты-жөнін өзгерткен кезде берілетін анықтаманың телнұсқасын қайта алу жайлы айтатын боламыз. Ол үшін:
Egov.kz порталына кіріңіз;
Іздеу жолы арқылы «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін табыңыз;
Қызметті онлайн сұратыңыз;
Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;
Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректерді порталға енгізіңіз;
Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;
Үшінші қадамда төлем мәртебесі жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз;
Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.
Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш.
Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері карантиндік шектеулер енгізілгеннен кейін наурыз айынан бері 1,6 миллион азаматты мобильді азаматтар базасына (МАБ) тіркеді. Жалпы, мобильді құралдар арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік беретін бұл базаны қазіргі таңда 9,4 миллион қазақстандық қолдануда.
«Азаматтарға арналған үкімет» басқармасының төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, Қазақстан бойынша мемлекеттік корпорацияның бірқатар маманы қайта даярлаудан өтіп, видеокеңесші ретінде азаматтарды қашықтықтан МАБ-на тіркеуге кіріскен.
«Қазір 1414 сall-орталығында бір жарым мың адам жұмыс істейді. Соның ішінде 400 видеокеңесші онлайн тәртіпте тұрғындарды мобильді азаматтар базасына тіркеумен айналысады. Осының нәтижесінде коронавирус індеті кезінде де бұл үрдіс тоқтамай, соңғы 5-6 ай ішінде мемлекеттік қызметтерді мобильді құралдар мен egov.kz порталы арқылы алушылардың қатары 1,6 миллионға артты», - деді Әсемгүл Балташева.
МАБ-қа тіркелген тұлғалар мемлекеттік қызметтерге eGovMobile қосымшасы, EgovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы қол жеткізіп, сондай-ақ проактивті қызметтер мен басқа да сервистердің игілігін көре алады. Оның үстіне МАБ қолданушыларына құжаттың дайын болғандығы немесе ЭЦҚ мерзімінің өтіп бара жатқандығы туралы sms-хабарлама келеді.
Айта кету керек, мобильді азаматтар базасына egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы немесе egov.kz виртуалды кеңесшісінің көмегімен тіркелуге болады. Мобильді азаматтар базасындағы тіркеуді тексеру үшін egov.kz электрондық порталындағы «Сервистер» бөлімін қарау керек.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының
баспасөз қызметі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке куәліктер мен төлқұжаттардың мерзімін жиі тексеріп, уақыты таяса, оны ауыстыру үшін ХҚО-ға кезекті алдын ала брондап қою керектігін ескертеді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар – жеке куәлік пен төлқұжат 10 жылға берілетіндіктен, адамдар көбіне оның мерзіміне қарауды ұмытып кетеді. Тіпті мерзімі өтіп кеткен құжатпен жүре беретін, кейін «әттеген-ай» деп сан соғып қалатын жағдайлар да жоқ емес. Және мұндай бейқамдыққа әкімшілік айыппұл салынуы мүмкін.
Айта кету керек, эпидемиологиялық жағдайға байланысты еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарына бару үшін кезекті алдын ала брондау тәртібі енгізілді. Сондықтан құжат мерзімін тексеріп, уақыты таяса, оны ауыстыру үшін алдын ала қамданып, кезекті брондап қойған жөн. Мемлекеттік қызметтердің дені электрондық портал арқылы ұсынылса да, тек қағаз жүзінде берілетін қызметтерге де сұраныс жоғары, сондықтан ХҚО-ға кезекті брондау қарқыны да үлкен. Бұл тұрғыда еске салайық, ХҚО-ға кезекті брондау қызметі тегін және ресми түрде egov.kz порталы, телеграм-бот EgovKzBot2.0 қосымшасы және 1414 байланыс орталығы арқылы ұсынылады.
Жеке басты куәландыратын құжатты мерзімі өтуіне, аты-жөнін өзгертуіне, құжаттың зақымдалуы мен жоғалуына байланысты қайта алу үшін Қазақстанның кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады, бұл орайда азаматтың қай жерде тұратыны және қай мекенжайда тіркелгені маңызды емес. Ал жеке куәлікті алғашқы рет алатын азаматтар, яғни 16 жасқа жаңа толып жатқан тұлғалар тіркелген тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға баруы тиіс.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі
Коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар санының күрт артуына байланысты Солтүстiк Қазақстан облысының кей аудандарында карантиндiк шаралар қайта күшейтiлуде. Азық-түлiк және басқа да базарлар, жәрмеңкелер, қоғамдық тамақтану объектiлерiмен қатар ХҚО-лардың да жұмыс уақыты қысқарды.
Сонымен, бас санитарлық дәрiгерлердiң шешiмi бойынша өңiрiмiздiң 4 ауданында — Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов және Ғ. Мүсiрепов атындағы аудандарында ХҚО-лардың жұмыс кестесi қысқартылды. Ал Петропавл қаласының және облыстың кей аудандарында ХҚО-ның жұмыс уақыты өзгерiссiз қалды.
Қазiргi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офис қызметкерлерi банк операторлары, дәрiгерлер мен полицейлер секiлдi азаматтармен тiкелей байланыста жұмыс жасап жатыр. Бөлiмдерде санитарлық-эпидемиологиялық, әлеуметтiк қашықтық және бетперде режимдерi қатаң сақталған. Алайда, қызмет алушылар өздерiн жайсыз сезiнiп немесе сырқат белгiлерiн байқаса ХҚО-ға барудан бас тартуға кеңес беремiз.
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында автокөлiк иелерiн мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, мемлекеттiк қызметтердi онлайн алуға шақырамыз. Бүгiнде автокөлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру онлайн режимде қолжетiмдi.
Естерiңiзге сала кетейiк, ХҚО мамыр айында жұмысын қайта бастаған болатын. Пандемия жағдайында Азаматтарға арналған үкiмет жұмыстың жаңа форматына көшуге мәжбүр болды.
Атап айтқанда, қазiр ХҚО-лар электронды порталда қолжетiмсiз «қағаз» түрiндегi қызметтердi ғана көрсетедi. Қызмет алушыларды ХҚО-ға келуiн алдын-ала egov.kz порталындағы арнайы сервис және и eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы брондауы қажет.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметi
Құрметтi оқырман, мемлекеттiк қызметтердiң басым бөлiгi Egov.kz порталы арқылы көрсетiлетiнiн бiлерсiз. Ал олардың негiзгi бөлiгiн растау мен алу электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады. Олай болса, #oqy&toqy айдарындағы бүгiнгi тақырыбымызды ЭЦҚ-ны қашықтан қалай алуға болатынына арнамақпыз.
Egov.kz порталына кiрiңiз;
Басты беттегi ЭЦҚ-ны қашықтан алу батырмасына басыңыз да, қызметке онлайн тапсырыс берiңiз;
Порталға бейнекамераны қосуға рұқсат етiңiз;
ЭЦҚ түрiн таңдаңыз да ЖСН нөмiрiңiздi терiп, қызметке тапсырыс берiңiз;
Жеке басыңызды растайтын құжат түрiн таңдаңыз;
Телефоныңыздың нөмiрi мен SMS кодты терiңiз;
Бейне сәйкестендiру сiлтемесiне өтiңiз де, камераға қараңыз;
Жеке кабинетiңiзге жасырын сөз ойлап тауып, құжаттар батырмасына өтiңiз;
Жеке басыңызды растайтын құжатты «файлды жүктеу» немесе «суретке түсiру» арқылы порталға енгiзiңiз;
Құжат жүтелген соң, жеке кабинетiңiз үшiн енгiзген жасырын сөздi терiп, оған кiрiңiз;
Өтiнiштiң электронды нұсқасына электронды мекен-жайыңызды қосыңыз;
Кiлттi сақтау орнын таңдап, оның орналасқан жолын көрсетiп өтiнiштi жiберiңiз;
Соңғы беттен өтiнiштiң статусын көре аласыз;
Кiлт дайын болған кезде оған құпия сөз ойлап тауып енгiзiңiз;
Сертификатты жүктеңiз.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
Құрметтi Солтүстiк Қазақстан облысының тұрғындары!
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң 13.06.2020 жылғы қаулысының негiзiнде, карантиндiк шараларын сақтау мақсатында, 2020 жылғы 15 маусымнан бастап «Азаматтарға арналғын үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша (ХҚО) барлық бөлiмдерiнiң жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 20:00-ге дейiн шектеулi.
Құжаттарды қабылдау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды және әлеуметтiк қашықтықты сақтай отырып, 1414 байланыс орталығы немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис, сондай-ақ EgovKzBot2.0 телегра-бот арқылы кезек уақытын алдына ала брондау арқылы жүзеге асырылады.
Айта кету керек, жеке тұлғалар мемлекеттiк қызметтердi egov.kz электронды порталы, eGov Mobile мобильдi қосымшасы және телеграмдағы EgovKzBot2.0 боты, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтiк желiлерi арқылы алуды жалғастырады.
ХҚО-ның жұмыс кестесi: Дүйсенбi-сенбi аралығы 10.00-ден 20.00-ге дейiн.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалы
Егер сiз некенi тiркеу, туу, өлiм, ажырасу, бала асырап алу, әкелiктi анықтау, аты-жөнiн өзгерту сияқты қызметтердiң электронды акт жазбаларынан қате тапсаңыз немесе құжатыңызды мүлдем таба алмасаңыз не iстеу керектiгiн бiлесiз бе? Бұл туралы #oqy&toqy айдарында айтып беремiз.
Алдымен Egov.kz порталына кiрiп, келесi әрекеттердi орындаңыз:
1. Порталдың басты бетiндегi сол жақ бағаннан «Жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру қызметiн» табыңыз
2. Ашылған терезеден акт жазбасының түрiн таңдау қажет
3. Өтiнiш беру санатын толтырыңыз да «Iздеу» әрекетiн басыңыз
4. Егер көрсетiлген параметрлер бойынша АХАЖ АЖ-де актiлiк жазба болған жағдайда, портал сұратқан деректердi толық толтырып шығыңыз
5. Егер берген ақпаратыңыз жүйеде табылмаса, «Мәлiметтердi цифрлау» бастырмасын басыңыз да, талап етiлген мәлiметтердi толтырып шығыңыз
6. «Жаңа файлды жүктеу» батырмасын басу арқылы құжаттың скан көшiрмесiн жүктеңiз
7. Өтiнiштi ЭЦҚ немесе бiр жолғы жасырын сөз арқылы растайсыз.
Сұрау салған қызет бойынша жауап 1 жұмыс күнi iшiнде дайын болады.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметi
Айыппұлдар туралы ақпаратты және оларды төлеудi электрондық үкiмет порталында, сондай-ақ egov mobile мобильдi қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады.
Egov mobile арқылы айыппұлды төлеу үшiн қосымшаға кiру керек:
- «Жүргiзу және көлiк» бөлiмiне өтiңiз;
- «Әкiмшiлiк айыппұлдарды және жол қозғалысы ережелерiн бұзғаны үшiн айппұлдары iздеу және төлеу» қызметiн таңдаңыз;
- «Қызметтi алу» батырмасын басыңыз;
- Iздеу нәтижелерi бар пайда болған терезеде қажеттi айыппұлды таңдап, «Төлеу» түймесiн басу арқылы төлеңiз
Айыппұлды төлеген кезде мәлiметтер автоматты түрде дерекқорға енедi, сондықтан iшкi iстер органдарына түбiртек ұсынудың қажетi жоқ.
Жолда өте сақ және абай болыңыз, сонымен қатар айыппұлдарды үнемi тексерудi ұмытпаңыз!
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметi
Солтүстiк Қазақстан облысында мемлекеттiк қызметтердi электронды түрде алу ретiн барынша ыңғайлы қылу үшiн ХҚО ғимаратынан тыс жерде өз бетiнше қызмет алуға болатын сегiз жүзден аса, оның iшiнде 123-i Петропавл қаласында egov бұрыштары жұмыс iстейдi. Онда компьютерi немесе интернетке қосылу мүмкiндiгi жоқ солтүстiкқазақстандықтар электрондық үкiмет порталында қолжетiмдi қызметтердi өздiгiнен ала алады. Бұрыштар облыс әкiмдiктерi, оқу орындары, медициналық ұйымдар, сауда және ойын-сауық орталықтарының ғимараттарында орналасқан.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемкорпорациясының СҚО бойынша филиалның директоры Еркiн Жұмабайдың айтуынша, пандемия жағдайында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ХҚО ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмаудың және вирус жұқтыру ықтималдығын азайтуға мүмкiндiк беретiн бiрқатар нақты шара қабылдады. «Облыс тұрғындары ХҚО-да электронды форматта қолжетiмсiз, «қағаз» жүзiндегi қызметтердi ғана ала алады. Бұл 100 аса мемлекеттiк қызмет, оларды алу үшiн ХҚО-ға бару қажет. Сондай-ақ ХҚО-дан egov.kz порталы арқылы онлайн түрде рәсiмделген қызметтердiң дайын нәтижесiн алуға болады» — дедi Жұмабай.
Айта кету керек, қазiргi уақытта egov.kz порталындағы виртуалды көмекшiнiң көмегiмен электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға және азаматтардың мобильдi базасында тiркелуге болады. Егер портал қызметi бойынша сұрақтар туындайтын болса, қызмет алушы 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, Азаматтарға арналған үкiмет мемлекеттiк корпорациясы қызметкерлерiнiң кеңесiн ала алады.
Айта кетейiк, азаматтардың келесi үш санаты зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтердi халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғимараттарында бұрынғыдай ала алады. Олар да кезек уақытын алдан ала брондауы тиiс.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацися» КЕ
АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының PR-менеджерi Ерназар Нұрғалиев
Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО-лары 18 мамырдан бастап жұмысын қайта бастады. Осы уақыт iшiнде өңiр тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталықтарында 12 1543 қызмет алды.
«ЭЦҚ алу қызметi ең танымал болып шықты. Электрондық цифрлық қолтаңбаны ендi электрондық үкiмет порталында қашықтықтан рәсiмдейдi, дегенмен, жеке басын растау виртуалды ассистент арқылы өтедi. 18 мамырдан бастап 27 мамырға дейiн 2461 ЭЦҚ расталды. Одан әрi ең танымал қызметтердiң үштiгiнде — көлiк құралдарын тiркеу. Екi апта iшiнде солтүстiкқазақстандықтар 2340 автомобильдi есепке қойды. Сондай-ақ, осы кезеңде 926 жүргiзушi куәлiгi берiлдi», — деп «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ Солтүстiк-Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Еркiн Жұмабай статистиканы баяндады.
Естерiңiзге сала кетейiк, Петропавл қаласының ХҚО-лары жаңа жұмыс форматына көшкен болатын. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық қызметтер көрсетiлмейдi. Олар электрондық үкiмет порталында қолжетiмдi, оларды кеңседен немесе үйден, сондай-ақ өзiне-өзi қызмет көрсету секторларынан алуға болады. ХҚО-да тек «қағаз» қызметтер көрсетiледi, сондай-ақ egov.kz-те тапсырыс берiлген қызметтер бойынша дайын құжаттар пакетi берiледi.
ХҚО-ларға бару тек кезектi алдын ала брондау бойынша жүзеге асырылады. «ХҚКО-да кезектi брондау» қызметi egov.kz. порталында қолжетiмдi, бұл үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушылар сайтта мүмкiн жолдардың бiрiмен: логин/пароль, бiр рет қолданылатын пароль немесе ЭЦҚ арқылы авторлануы қажет. Сондай-ақ, ХҚО-ға 1414 байланыс орталығы арқылы және eGovKzBot2.0 Telegram бот арқылы кезек брондауға болады. Telegram-да жақын жердегi ХҚО-ның мекенжайын да көруге болатындығын айта кеткен жөн
Егер сiз МАБ-да тiркелген болсаңыз, онда сiзге СМС-хабарлама келiп түседi немесе осы қызметтiң нәтижелерi Сiздiң жеке кабинетiңiзде қолжетiмдi болады. Егер СМС-хабарлама келмеген жағдайда, экраннан кезектiң сәттi брондалғаны туралы телефон экранының скрин/фото жасап, бөлiмге брондалған уақытқа дейiн 15 минут бұрын келiп, Reception-де қызметкерге ұсыну қажет.
Мобильдiк азаматтар базасында тiркелу болмаған жағдайда виртуалды ассистенттер арқылы тiркелуге болады. Бейнеоператорлардың жұмыс кестесi сағат 09.00-ден 20.00-ге дейiн дүйсенбiден сенбiге дейiн, жексенбi және мереке күндерi — демалыс. ХҚКО-да кезектi брондау тәулiгiне бiр рет қана қолжетiмдi. Егер сiздiң таңдаған уақытыңызға бос операторлар болмаса, онда басқа уақытты таңдау қажет.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
Қазақстандықтарға қолайлы болу үшiн ХҚО-ға кезектi брондау әдiстерiнiң түрi көбейтiлдi. Ендi қызмет алушылар ХҚО-ға кезектi тек egov.kz порталында немесе 1414 байланыс орталығы арқылы ғана емес, сондай-ақ eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегiмен де брондай алады.
Ол үшiн қызмет алушы мобильдi азаматтар базасында тiркелуi керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. Мобильдi азаматтар базасына egov.kz электронды үкiмет порталындағы виртуалды ассистенттiң көмегiмен тiркелуге болады.
Сонымен, ХҚО-ға кезектi брондау үшiн пайдаланушы мәзiрден «ХҚО-ға кезектi брондау» қызметiн таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттiк қызметтердi алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күнi мен уақытты таңдауды ұсынады.
Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күнi мен уақыты көрсетiлген sms келедi. ХҚО-ға келген кезде осы sms-хабарламаны көрсету арқылы кезектi алдын ала брондағаныңызды растайсыз.
Айта кетейiк, қазiргi таңда eGovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы 28 мемлекеттiк қызмет пен сервис қолжетiмдi. Олардың iшiнде кең қолданысқа ие болғандары дәрiгердi үйге шақыру, айыппұлдарды тексеру, медициналық мекемелерден алынған анықтамалар, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар және т. б.
Естерiңiзге сала кетейiк, коронавирус пандемиясы жағдайында және азаматтардың бiр жерге шоғырлануын болдырмау мақсатында ХҚО-лар egov.kz порталында қолжетiмсiз қағаз түрiндегi мемлекеттiк қызметтердi тек алдын ала брондау бойынша көрсетедi.
Egov.kz порталында онлайн брондау қызметi ХҚО-лар өз қызметiн қайта бастаған өңiрлер үшiн ғана жарамды.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының СҚО бойынша филиалы, халыққа қызмет көрсету бөлiмдерiнiң жаңа форматта жұмыс iстеуiне байланысты, ХҚО-ға тек алдын ала брондау арқылы ғана баруға болатындығын естерiңiзге салады.
Халыққа қызмет көрсету орталығына барарда кезек уақытына тапсырыс беру үшiн Egov.kz электронды үкiмет порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 нөмiрiне қоңырау шалуға болады (қоңырау шалу тегiн).
Бронь қызмет алушының ЖСН-iн тiркеу арқылы жасалады. Егер азамат халыққа қызмет көрсету орталығына баратын уақытын алдын ала белгiлемесе, кезектi сол жерде брондау ұсынылады. Алайда қабылдау дәл сол уақытта болатынына кепiлдiк берiлмейдi. Бұл жағдайда азамат өзге бос уақытқа кезекке тапсырыс беруi керек болады.
Айта кету керек, өзгерiстер тек Петропавл қаласында орналасқан ХҚО-ларды қамтиды. Аудан орталықтарында және ауылды елдiмекендерде орналасқан ХҚО-лар бұрынғыдай жұмыс iстейтiн болады.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының PR-менеджерi Нұрғалиев Ерназар
18 мамырдан бастап Солтүстiк Қазақстан облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмысын жаңа форматта бастайды.
Азаматтардың ыңғайлығы үшiн, сондай-ақ вирустың таралу қаупi алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртiбiн өзгерту туралы шешiм қабылданды. Өзгерiстер ХҚО-да көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерiн, оларды ұсыну форматын да қамтиды.
ХҚО-ға бару үшiн egov.kz сайтындағы арнайы сервис немесе 1414 байланыс орталығы арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.
Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупiн жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейдi.
Солтүстiкқазақстандықтар ХҚО-да электронды форматта қолжетiмсiз, тек «қағаз» жүзiнде көрсетiлетiн қызметтер мен egov.kz арқылы рәсiмделген өтiнiштердiң нәтижесiн ала алады.
Халыққа қызмет көрсету бөлiмдерiнде құжаттарды қабылдау тек мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң электрондық форматына ауыстырылмаған мемлекеттiк қызметтер бойынша, электронды кезекке алдын-ала брондау арқылы қабылданады, қазiргi уақытта бұл шамамен 97 қызмет түрi.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасын дамыту мақсатында мемлекеттiк қызметтердi алу дербес, онлайн режимiнде, Қазақстан Республикасы Электрондық үкiметiнiң egov.kz веб-сайты арқылы жүзеге асырылады, бұл мемлекеттiк қызметтердiң 80%-дан астамын құрайды. Көптеген қызметтер мен сервистер ЕgovМоbile мобильдi қосымшасы, EgovKzBot2.0 телеграм-бот және Facebook пен Vk әлеуметтiк желiлерi арқылы қолжетiмдi.
Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтердi ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшiн жеңiлдiк терезесi жұмыс iстейдi. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.
Мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде кезектердi болдырмау үшiн қызмет алушыларды белгiленген уақытта келудi сұраймыз, егер кешiккен жағдайда брондау тiртiбiн қайта өту қажет болады. Брондауды тек ЖСН берiлген азамат пайдалана алатындығын атап өту қажет.
Онлайн қызметтердi өз бетiнше алу қиындықтар пайда болған жағдайда, азаматтар 1414 нөмiрiне қоңырау шалып, байланыс орталығының операторларымен кеңесе алады.
Қызмет алушылар өздiгiнен мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн өзiне-өзi қызмет көрсету бұрыштарын барлық мемлекеттiк органдарда, медициналық және оқу ұйымдарында, ойын-сауық орталықтарында және банктерде, «Ашық әкiмдiк» аналогиясы бойынша орналастыру мәселесi пысықталуда.
Сондай-ақ, аталған өзгерiстер тек Петропавл қаласының ХҚО-ларының, сондай-ақ автокөлiктi тiркеу бойынша мамандандырылған бөлiмнiң жұмысын қамтитын болады. Ал аудан орталықтары мен ауылды жерлердегi ХҚО жұмысы еш өзгерiске ұшырамайды.
ХҚО-ға кезектi төмендегi сiлтеме бойынша брондауға болады: https://egov.kz/services/SR.06/#/declaration/0// және 1414 нөмiрi бойынша.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметi
Ендi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының операторлары бейнеқоңырау шалған қазақстандықтарға электрондық үкiмет порталында видео арқылы кеңес бере алады. Egov.kz порталы экранындағы әрекеттi бөлiсу сервисiн «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары жасап шығарды.
Видео арқылы кеңес берушi маманның көмегiн алу үшiн пайдаланушы басты беттiң оң жақ төменгi бұрышындағы «Виртуалды ассистент» түймесiн басуы керек. Ашылған терезеде бейнекамера белгiсiн таңдау қажет. Жүйе пайдаланушыдан бейнекамера мен микрофонның қосылуына рұқсат сұрайды. Бiрнеше секунд iшiнде ХҚО операторы клиентпен байланысқа шығады. Экрандағы әрекеттi көрсету үшiн қызмет алушы «Экран демонстрациясы» түймесiн, содан кейiн «Бөлiсу» батырмасын басуы керек.
Осылайша, ХҚО операторы абоненттiң мониторын көре алады және оған egov.kz порталында кез келген қызметтi, оның iшiнде ЭЦҚ-ны қашықтан рәсiмдеуге көмектесiп, мобильдi азаматтар базасына тiркей алады.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, экранды «бөлiсу» сервисi оператор мен клиенттiң арасындағы байланысты айтарлықтай жеңiлдеттi, өйткенi қызметтердi ұсыну процесiнде 1414 телефоны арқылы кеңес беру тиiмдi болғанымен, қашанда ыңғайлы бола бермейдi. «Бұрын бiздiң операторлар клиенттен қай сiлтеменi, қай бөлiм мен қызметтi ашқанын үнемi сұрап отыратын. Ендi бiз экранда болып жатқан барлық әрекеттi көре аламыз және клиенттi қандайда бiр қызметтi алу жолдары бойынша бiрден бағыттай аламыз. Бұл сервис азаматтарымыздың цифрлық сауатын қашықтан арттыруға да мүмкiндiк бередi», — дедi ол.
Естерiңiзге сала кетейiк, коронавирус инфекциясының таралу қауiпiнiң сақталуына байланысты, ХҚО арқылы тек «қағаз» жүзiнде көрсетiлетiн қызметтердi алуға болады. Egov.kz порталы арқылы қолжетiмдi қызметтердi үйден немесе әкiмдiктерде, бiлiм беру және медицина ұйымдарында т.с.с. жерлерде орналасатын өзiне-өзi қызмет көрсету секторларында алу керек. Мемлекеттiк қызметтердi электронды түрде алу бойынша egov.kz порталындағы виртуалды ассистент кеңесшiлерi және 1414 бiрыңғай байланыс орталығының мамандары көмектесе алады.
Айта кетейiк, қазiргi уақытта Қазақстанда мемлекеттiк қызметтердiң 80%-дан астамы электронды форматта қолжетiмдi.
«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ баспасөз қызметi
4 мамырдан бастап аумақта халыққа қызмет көрсету орталықтары қайтадан жұмыс iстей бастайды. Бiрақ та ХҚО-лар бизнеске қызмет көрсету үшiн жұмыс iстейтiн болады. Облыс тұрғындары мемлекеттiк қызметтердi олнайн тәртiбiнде алуын жалғастырады.
Вирустың таралу қаупi мен қазақстандықтардың өмiрi мен денсаулығына алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртiбiн өзгерту туралы шешiм қабылданды
Өзгерiстер ХҚО-да көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерiн, оларды ұсыну форматын да қамтиды.
- Ендi қазақстандықтар ХҚО-да электронды форматта қолжетiмсiз, тек «қағаз» жүзiнде көрсетiлетiн қызметтер мен egov.kz арқылы рәсiмделген өтiнiштердiң нәтижесiн ала алады.
- ХҚО-ға бару үшiн 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.
Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупiн жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейдi. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетiлмейдi.
Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетiмдi барлық мемлекеттiк қызметтiң 80%-дан астамын тек өздiгiнен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкiмдiктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзiне-өзi қызмет көрсету секторларында ала алады.
Онлайн қызметтердi жылдам әрi ыңғайлы алу үшiн азаматтар 1414 нөмiрiне хабарласа алады, онда ХҚО операторлары кеңес беретiн болады.
Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтердi ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшiн жеңiлдiк терезесi жұмыс iстейдi. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.
Өзгерiстер тек қана облыстық орталығының халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын қамтиды. Аудан орталықтары мен ауылды жерлердегi ХҚО жұмысы еш өзгерiске ұшырамайды.
Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары әкiмдiгiнiң жанындағы төтенше жағдай тәртiбiн қамтамасыз етi жөнiндегi штаб шешiмiмен 4 мамырдан бастап осы аймақтарда ХҚО-лар қайтадан жұмыс iстей бастайды.
Алайда вирустың таралу қаупi мен қазақстандықтардың өмiрi мен денсаулығына алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртiбiн өзгерту туралы шешiм қабылданды.
Өзгерiстер ХҚО-да көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерiн, оларды ұсыну форматын да қамтиды.
- Ендi қазақстандықтар ХҚО-да электронды форматта қолжетiмсiз, тек «қағаз» жүзiнде көрсетiлетiн қызметтер мен egov.kz арқылы рәсiмделген өтiнiштердiң нәтижесiн ала алады.
- ХҚО-ға бару үшiн 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.
Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупiн жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейдi. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетiлмейдi.
Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетiмдi барлық мемлекеттiк қызметтiң 80%-дан астамын тек өздiгiнен немесе бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, әкiмдiктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзiне-өзi қызмет көрсету секторларында ала алады.
Онлайн қызметтердi жылдам әрi ыңғайлы алу үшiн азаматтар 1414 нөмiрiне хабарласа алады, онда ХҚО операторлары кеңес беретiн болады.
Айта кету керек, карантин жарияланғалы берi қазақстандықтар egov.kz электронды үкiмет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдiк қосымшасы арқылы өз бетiнше онлайн түрде 10.5 миллионнан астам мемлекеттiк қызметтi алған.
Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтердi ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшiн жеңiлдiк терезесi жұмыс iстейдi. Сондай-ақ олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, коронавирус пандемиясы көптеген процесте, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет көрсету iсiнде де өзгерiстердiң қажет екенiн көрсеттi. «Жаңа ережелердiң пайда болуы заңды. Бiр-бiрiмiздi қорғау үшiн бiз ХҚО жұмыс форматын өзгертуге мәжбүрмiз. Бiздiң екi мыңнан астам қызметкерiмiз сiзге 1414 байланыс орталығы және виртуалды ассистенттiң бейнеқоңырауы арқылы азаматтарға электрондық қызметтердi қашықтан алуға көмектеседi», — деп қорытындылады Балташева.
Ол сондай-ақ, аталған өзгерiстердiң Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарындағы ХҚО жұмысын қамтитынын атап өттi. Ал аудан орталықтары мен ауылды жерлердегi ХҚО жұмысы еш өзгерiске ұшырамайды.
ХҚО-ға кезектi 1414 және https://egov.kz/services/SR.06/#/ арқылы беруге болады.
2020 жылғы 4 мамырда жұмысын қайта бастайтын ХҚО тiзiмi: https://gov4c.kz/ru/zhanalyktar/2020/04/30/keibir-aimaktarda-khko-zhumysy-kaita-zhandanady/?edit_off
Петропавлда бизнес өкiлдерiне қызмет көрсететiн ХҚО iске қосылды. Мұндай шешiмдi Солтүстiк Қазақстан облысының төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөнiндегi штабы қабылдады.
Айта кету керек, жақын уақытта заңды тұлғаларға қызмет көрсету үшiн аймақтардағы төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi штабтың шешiмiмен Қазақстанның өзге қалаларында да ХҚО-лар ашылатын болады. Құжаттарды қабылдау облыс әкiмдiктерiнiң алдын ала ұсынған тiзiмiне сәйкес жүзеге асырылады. Ол тiзiмге несиелеу бойынша оң шешiм алған ұйымдар кiредi. Бұл ретте, ХҚО-лар тек бизнеске қызмет көрсету үшiн ғана жұмыс iстейдi. Облыс тұрғындары мемлекеттiк қызметтердi онлайн арқылы ала бермек.
Қазақстандықтарға бүгiнгi таңда мемлекеттiк қызметтердiң 87%-ы электрондық үкiмет порталы арқылы қолжетiмдi, сондай-ақ қажеттi анықтамаларды eGov Mobile мобильдi қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтiк желiлерi арқылы алуға болатындығын еске саламыз.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның» Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы мемлекеттiк қызметтердi сапалы және тиiмдi көрсету үшiн кәсiпкерлерге құжаттарының толық пакетiн ұсынуды, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска режимiн сақтауды сұрайды. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау мақсатында филиал қызметкерлерi бетперде мен қолғаптарда жұмыс iстейтiн болады.
Заңды тұлғаларға қызмет көрсететiн ХҚО мекенжайы: Петропавл қ., Әуезов к-сi, 157. Жұмыс кестесi дүйсенбiден жұмаға дейiн, сағат 9:00-ден 17:00-ге дейiн.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
Қазақстандықтар карантин басталғалы берi ХҚО-ның бiрыңғай терезесiнен 76 мыңнан астам дайын құжатын алып кеткен. Бұл құжаттардың басым бөлiгi карантин барысында онлайн рәсiмделген, қалған бөлiгi — ХҚО жабылғанға дейiн.
Естерiңiзге салайық, 26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылған болатын. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы қазақстандықтар үшiн бұдан бұрын өтiнiш берiлген, сондай-ақ электронды форматта тапсырыс берiлген қызметтер бойынша дайын құжаттарды алып кетуге болатын бiрыңғай терезенi iске қосты. Бұл үшiн әр қала мен аудандарда бiр-бiр ХҚО белгiленген болатын.
Дайын құжаттарды көбiне Түркiстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының тұрғындары алған.
Бiрыңғай терезеде берiлген құжаттардың денi — АХАТ құжаттары, жүргiзушi куәлiктерi, көлiктiң техникалық паспорты мен тiркеу нөмiрлерi, жылжымайтын мүлiк пен жер учаскелерiнiң құжаттары, сондай-ақ жеке куәлiк пен паспорт.
Бұл ретте, ТЖ басталғалы берi қазақстандықтар egov.kz электронды үкiмет порталы мен eGovKzBot2.0 телеграм-боты және eGovMobile қосымшасы арқылы 10,5 млн. жуық қызметтi онлайн түрде алған.
Дайын құжаттарды беру терезелерiнiң жұмыс кестесi: дүйсенбi-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейiн. Сенбi — сағат 9.00-14.00 аралығы.
Дайын құжаттарды беруге арналған қалалық және аудандық бөлiмдердiң тiзiмiн мына жерден көруге болады: gov4c.kz
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметi
Бүгінде әлеуметтік желілерде көптеген хабарландыру пайда болды, онда қазақстандықтарға жеке мәліметтерді сұрату арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны алуға көмектесу ұсынылады. Сондай-ақ кейбір «пысық» азаматтар бұл жағдайды пайдаланып, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандардан ЖСН, ЭЦҚ, банк картасының нөмірін, тіпті оның пин-кодын сұрай отырып, әлеуметтік жәрдемақыны рәсімдеп беру қызметін көрсетуді ұсынады.
Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарды мұндай қызметтерге жүгінбей, олардан бас тартуын сұрайды.
Жеке мәліметтерін, соның ішінде ЭЦҚ-ны бөтен адамдарға беру арқылы азаматтар өздері жеке деректері мен мүліктеріне қауіп төндіретінін түсінуі керек. Оның үстіне, аталған төлем азаматтардың шотынан өздерінің «қолғабыс етуімен» ұрлануы мүмкін.
Электрондық цифрлық қолтаңба мен оның құпиясөзін алған алаяқтар азаматтың egov.kz-тегі барлық жеке мәліметіне қол жеткізе алады. Оған қоса, олар жалған келісімдер жасасу үшін оның атына кәсіпкерлік ашып, баспанасына бейтаныс тұлғаларды тіркеп, тіптен көлігін өзге адамның атына шығара алады. Банк картасынынң ПИН-кодын алғаннан кейін алаяқтар ондағы барлық қаражатты шешіп алуы мүмкін.
Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтардың онлайн түрдегі мемлекеттік қызметтердің барлық мәселесі бойынша, соның ішінде ЭЦҚ мен жаңа әлеуметтік төлем түрі бойынша ақысыз түрде және еш қауіпсіз 1414 бірыңғай байланыс орталығынан көмек ала алатындығын хабарлайды. Қоңырау шалу тегін. Қазіргі уақытта оның жұмысына халыққа қызмет көрсету орталықтарының 1800-ден астам қызметкері тартылған.
Сонымен қатар Facebook әлеуметтік желісінде «eGov помощь» тобы құрылды, онда қарапайым желі қолданушылары, IT-мамандар және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерінен тұратын бірқатар ерікті жиналды. Олардың барлығы egov.kz порталының белсенді қолданушылары, олар мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алады және елімізде орын алған қиын сәтте өзге азаматтарға электрондық үкімет порталын пайдалануды үйретуге дайын. Сондай-ақ еріктілер азаматтардан еш жеке деректерін талап етпейді, тек сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестер беру арқылы мемлекеттік қызметті алуға көмектеседі.
Егер азамат ескертуімізге қарамастан, ақылы түрде күмәнді «көмекшілердің» қызметтерін пайдаланып үлгерсе және жеке мәліметтерін берсе, Азаматтарға арналған үкімет оларға ЭЦҚ-ның құпиясөзін pki.gov.kz-тегі жеке кабинеті арқылы өзгертуді немесе кілттердің күшін жоюды ұсынады.
Елімізде жарияланған төтенше жағдай режимі кезеңінде «Азаматтарғы арналғын үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша (ХҚО) барлық бөлімдері қашықтағы жұмыс тәртібіне көшеді.
Мемлекеттік қызметтерді алу, сондай-ақ «42500 жәрдемақысын алу» барысында қандай да бір қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 Бірыңғай Байланыс орталығына және 8-715-33-22542, 8-715-33-22537 нөміріне ұялы және стационарлы телефоннан хабарласа алады.
Көліктердің VIP санатындағы мемлекеттік тіркеу нөмірлері 2014 жылдан бері сатылымда бар. Қазақстандықтар қалауынша сандар тізбегін таңдап, бірдей әріптерге тапсырыс бере алады.
2019 жылы ел азаматтары автоХҚО арқылы 3,018 млрд теңгеге 12 658 ерекше тіркеу нөмірін сатып алған. Бұл қаржылай көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда жарты миллиард теңгеге кем. Онда қазақстандықтар 14 909 VIP нөмірі үшін 3,560 млрд. теңге жұмсаған. Айта кетейік, ол уақытта мамандандырылған ХҚО-мен қатар ерекше нөмірлерді полицияның тіркеу-емтихан алу бөлімдері де рәсімдейтін.
Бүгінде ерекше сандар мен әріптердің тізбегін көп сатып алатындардың рейтингін Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларының тұрғындары бастап тұр.
Көлік иелері жаңадан сатып алған темір тұлпарына ерекше нөмірлерді мамандандырылған ХҚО немесе egov.kz арқылы онлайн тіркеу барысында таңдай алады. Сондай-ақ егер азаматтың бұрыннан VIP-нөмірі болса, жаңадан алған көлігіне алты ай ішінде сол нөмірді қайта рәсімдеуге құқығы бар.
2020 жылы АЕК мөлшерінің өсуіне байланысты VIP-нөмірлердің бағасы келесідей өзгерді:
Нөмір белгілері | Баға |
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 | 151 107 тг (57 АЕК) |
010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 белгілері мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер | 302 214 тг (114 АЕК) |
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 | 363 187 тг (137 АЕК) |
100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер | 514 294 тг (194 АЕК) |
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 | 604 428 тг (228 АЕК) |
001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мен XXX, YYY, MMM, AAA т.с.с. сияқты бірдей әріптік белгілер | 755 535 тг (285 АЕК) |
әріптік белгіленуі бірдей (цифрлық белгіленуі 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін қоспағанда) | 151 107 тг (57 АЕК) |
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметі
www.gov4c.kz
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мен С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетiнiң ректоры Ақылбек Күрiшбаев ғылыми зерттеу жобаларын жүргiзу мен ЖОО түлектерiн жұмыспен қамту аясында өзара әрiптестiк туралы меморандумға қол қойды.
Мәмiле екi тараптың бiрлесiп топырақ және геоботаникалық зерттеу жасауына, өндiрiстiк және ғылыми тәжiрибе алмасуына, жерге орналастыру, жер кадастры, геодезия және картография саласындағы бiрлескен ғылыми жобаларды iске асыруға ықпал етедi. ЖОО мемлекеттiк корпорацияның кәсiби қызмет бағытында жеткiлiктi практикалық тәжiрибесi бар мамандарын оқытуға, бiлiм беру бағдарламаларын әзiрлеуге, емтихан комиссиясына тартуға мүдделi. Өз кезегiнде Азаматтарға арналған үкiмет оқу орын студенттерiн өндiрiстiк практикадан өткiзiп, әрi қарай жұмысқа қабылдауға дайын.
«Алпыс жылдам астам тарихы бар университеттiң түлектерi бiздiң корпорациямыздың құнды кадрларына айнала алады. Зейнеткерлiкке шығып жатқан мамандарымыздың барын ескерсек, жерге орналастыру, жер кадастры сияқты мамандық иелерi бiзге өте қажет. Студенттерге тәжiрибеден өтуге мүмкiндiк беру арқылы, бiз олардың қарымы мен бiлiмiн бағалап, өзiмiзге жұмысқа тұруға жағдай жасай аламыз», — дейдi меморандумға қол қойған мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.
Бүгiнде мемлекеттiк корпорацияда жерге орналастыру бағытында 3 мыңға жуық қызметкер еңбектенедi. Корпорациядағылардың айтуынша, аталмыш ынтымақтастық бiлiм алушылардың жұмыспен қамту мәселесiн шешуге, ал оқу орнының мамандарды нарық талаптарын ескере отырып дайындауға ықпал етедi.
«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ баспасөз қызметi
gov4c.kz
2019 жылдан бастап өзiн өзi жұмыспен қамтыған азаматтар ай сайын бiрiңғай жиынтық төлемiн (БЖТ) төлеуi тиiс.
БЖТ төлемiнiң ай сайынғы мөлшерi қала тұрғындары үшiн — 1 АЕК, ауыл тұрғындары үшiн — 0,5 АЕК.
БЖТ кiм төлейдi?
Өзiн өзi жұмыспен қамтушы азаматтар БЖТ төлеушiлерi болып танылады және олар келесi шарттарға сәйкес келу қажет: бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеген; жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайды; акцизделетiн өнiмдердi қоспағанда, салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана қызмет көрсетедi және (немесе) салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана акцизделетiн өнiмдi қоспағанда, өз өндiрiсiнiң жеке қосалқы шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өткiзедi.
Бұл ретте, БЖТ төлеушiлерi табысының мөлшерi жылына 1175 АЕК-тен аспауы тиiс.
БЖТ қашан және қалай төлеу қажет?
БЖТ-нi табыс алынған әр ай үшiн жеке-жеке төлеу қажет.
Сондай-ақ келесi айларға аванс төлеу мүмкiндiгi бар.
БЖТ-нi Қазақстанның кез келген банкi кассаларында, олардың мобильдi қосымшаларында, сондай-ақ «Қазпошта» бөлiмшелерiнде төлеуге болады. Ол үшiн өзiнiң жеке куәлiгiн көрсетiп, «183» ТТК бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕАҚ банктiк шотына төлем жүргiзу қажет.
БЖТ сомасы салықтар бойынша қалай бөлiнедi?
Бiрыңғай жиынтық төлем сомасын «Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕАҚ келесi пропорцияда бөледi:
Дербес жұмыспен қамтылған жеке тұлғаларға БЖТ төлеу: мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы болуға; зейнетақы жинақтарын жүргiзуге мүмкiндiк және зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне байланысты базалық зейнетақы төлемiн алуға құқық бередi; еңбек ету қабiлетiнен айырылған, жұмысынан айырылған, асыраушысынан айырылған, жүктiлiк пен босану, бала асырап алған, 1 жасқа дейiнгi бала күтiмi жағдайларында әлеуметтiк төлемдер алуға мүмкiндiк бередi. #оқы_тоқы.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы
gov4c.kz
Егер Сiз бала асырап алуға тiлек бiлдiрушi Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, жолдама алу үшiн өтiнiшпен бiрге тиiстi құжаттарды онлайн ұсынуыңыз қажет. Бұл қызмет тек электронды үкiмет порталында көрсетiледi.
Ол үшiн:
Құжаттар тiзiмi:
Жеке кабинеттегi «Қызметтердi алу тарихы» бөлiмiне 10 жұмыс күнi iшiнде үмiткер болу мүмкiн/мүмкiн емес деп қорытынды хабарлама келедi.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметi
gov4c.kz
Бүгінде құжаттың заңды маңыздылығын растау үшін оған апостиль қою қажет. Сот құжаттарында апостильдің болуы оның Гаага конвенциясына қатысушы елдердің ресми мекемелерінде жарамдылығын растайды.
Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостильді ҚР Жоғарғы сотының аппараты, облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы аймақтық органдар қоя алады.
Заңды және жеке тұлғалар бұл қызметті алу үшін egov.kz порталын қолдана алады:
Порталда авторизациядан өтіп, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз Электронды өтінішті толтырыңыз Әр апостильденетін құжатқа 0,5 АЕК көлемінде баж төлеңіз Апостильденуі қажет құжаттың скан-көшірмесін жүктеңіз ЭЦҚ-мен қол қойғаннан кейін жауап бір күн ішінде келеді Жеке кабинетіңізге оң жауап келген жағдайда, сот органдарына апостильді бірден қойғызуға жүгіне аласыз.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы
бойынша филиалының баспасөз қызметі
gov4c.kz
Егер мемлекеттік органға шағым, арыз не ұсыныс жазғыңыз келсе, оны онлайн істеуге болады. Әдеттегідей, egov.kz порталы — сіздің басты көмекшіңіз.
ЭЦҚ-ңыз болса, керекті мемлекеттік органға өтінішті жазып қана қоймай, орындалу мәртебесін бақылап, берілген жауапты да көруге болады.
Бұл үшін:
Заңды не жеке тұлғалардың жазған өтініші бойынша жауап 15-30 күнтізбелік күн (қосымша ақпарат қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін) аралығында қаралады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының PR-менеджері
Нұрғалиев Ерназар
gov4c.kz
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының промо-ХҚО-сы мен ахуалдық орталығында болған халықаралық сарапшы, БҰҰ электрондық үкімет басқармасының басшысы Акуаро Винченсо мәлімдеді.
«Сіздің цифрлық үкіметіңіз — мақтанарлық дүние, жұмыстарыңызды барлығына үлгі етуге болады, тіпті өзге елдер үшін Қазақстанда цифрлық саясаттың қалай жасалып жатқаны және қызметтердің қалай ұсынылатыны жайлы турлар ұйымдастыруға болады. Цифрлық қызметтердің дамуы туралы айта келе, Қазақстан — болашағы зор ел деп айта аламын», — деді халықаралық сарапшы.
Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева Азаматтарға арналған үкіметтің жұмысын таныстыру барысында Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру үрдісі туралы айтып берді.
Винченсо мырза, сондай-ақ қазақстандықтардың мемлекеттік қызметтерді ХҚО және оның онлайн баламасы — egov.kz порталы арқылы қалай алатынын білді. Қонақ мемлекеттік корпорацияның қызметіне жоғары баға беріп, Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету моделін басқа елдерге де пайдалануға болатынын атап өтті.
Акуаро Винченсо, сондай-ақ Қазақстан e-үкімет рейтингісінде жоғары позицияға ие болғанын және цифрлық үкімет пен инновациялар бойынша әлемдегі көшбасшылардың бірі болуға лайық екенін атап өтті.
Айта кетейік, мәртебелі қонақ Қазақстанға Алматы қаласында өтіп жатқан Digital Almaty2020 форумы аясында келді. Шара барысында жасанды интеллект ролі, цифрлық трансформация мен білім саласындағы ілкімді технологиялар сияқты тақырыптар талқыланатын болады.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметі
Достар, көп жағдайда некеге тұрғаныңыз жөнiндегi анықтама сұратылып жатады. Оны онлайн алу өте оңай. ЭЦҚ болса, egov.kz порталынан кез келген анықтаманы ала алатыныңызды ұмытпаңыз.
Ең алдымен электронды үкiмет порталынан авторланып, «Некеге тұру туралы анықтаманы беру» қызметiн таңдаңыз.
Төлем шлюзi арқылы қызметтiң 0,3 АЕК көлемiндегi ақысын төлеңiз.
Дайын анықтаманы бiр күн iшiнде жеке кабинетiңiздегi «қызметтердi алу тарихы» бөлiмiнен жүктеп ала аласыз.
Дәл осы жолмен ажырасу туралы анықтаманы алуға болатынын ескертемiз. #Oqytoqy #eQyzmet
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша PR-менеджерi
Нұрғалиев Ерназар
28 қаңтарда халықаралық дербес деректердi қорғау күнi атап өтiледi. Датаға орай «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрайымы Әсемгүл Балташева ЭЦҚ кiлттi дұрыс пайдалану және оны сақтау жолдары жөнiндегi кеңестерiмен бөлiстi.
Электронды цифрлық қолтаңба — азаматтарға egov.kz, elicense.kz, enis.kz, salyk.kz сияқты электронды үкiмет порталдарын пайдалануға мүмкiндiк беретiн электронды кiлт. Жеке немесе заңды тұлғалардың барлық дербес мәлiметтерiне жол ашатын цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың және сақтаудың өз ерекшелiктерi бар.
ЭЦҚ-ға тапсырысты pki.gov.kz сайтынан берiп, ХҚО-ға тек тұлғаны куәландыру үшiн баруға болады. Алайда көпшiлiк электронды кiлттi халыққа қызмет көрсету орталығынан алуды жөн көредi. 2019 жылы қазақстандықтар 7,8 млн. электронды кiлт рәсiмдеген, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 1,7 млн. көп көрсеткiш. Алайда бұл, көп жағдайда, бiр адамның ЭЦҚ-ға тапсырысты бiр-ақ рет бергенiн бiлдiрмейдi дейдi Әсемгүл Балташева. «Азаматтар құжатқа электронды тапсырыс беретiн кезде немесе декларация тапсырған сәтте ғана ЭЦҚ-ны пайдаланып, кейiн оны қайда сақтағанын ұмытып, құпиясөзiн естен шығарып жатады. Сөйтiп, ЭЦҚ кiлтке қайта тапсырыс бередi. Дербес деректер базасын қолжетiмдi ететiн кiлттi құнды дүниедей сақтап, мұқият болу керек. Бiз ешқашан банк картасының пин-кодын ұмытпаймыз, ал ЭЦҚ-ның құпиясөзiн есте сақтап жаттамаймыз. ЭЦҚ-ны пайдалану мәдениетi ең алдымен азаматтардың өзi үшiн қажет», — дейдi мемлекеттiк корпорация төрайымы.
Көп жағдайда, ЭЦҚ рәсiмдеген сәтте, ХҚО мамандары бiрдей құпиясөз бекiтiп бередi, алайда қолданушы оны жеке кабинетiнде кейiн өздiгiнен жаңарта алады. Бүгiнде жеке куәлiк чипына жазылатын ЭЦҚ 3 жылға жарамды, оны пайдалану үшiн арнайы картридер қажет. Флеш-картаға жазылып берiлетiн кiлттiң жарамдылық мерзiмi — 1 жыл. Цифрлық қолтаңбаның уақыты өтпей тұрып, оны онлайн түрде pki.gov.kz сайты арқылы жаңартуға болады. Мерзiмнiң аяқталатыны туралы смс-ескертпенi алу үшiн жеке кабинетте ұялы телефон нөмiрi байланыстырылуы тиiс. «Телефон нөмiрi мен ЭЦҚ-ны сәйкестендiрген азаматтарға электронды түрде алынған қызметтер бойынша хабарламалар келiп тұрады. Ол смс-тер бөгде қызметтердiң алынбауын бақылап отыруға да мүмкiндiк бередi», – дейдi Ә. Балташева.
Қазақстандықтар өз атында қанша электронды кiлттiң барын egov mobile қосымшасынан көрiп, керек жағдайда сол жерден оны қайтара шығаруға тапсырыс бере алады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi
Қазақстанда көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақының жаңа түрiн жыл басынан берi 25,4 мың отбасы рәсiмдеп үлгердi. Оның iшiнде 11,8 мыңнан астам отбасы жәрдемақыны алғаш рет рәсiмдесе, 13,7 мыңы қайта есептеуге құжат өткiзгендер.
«Көп балалы отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығына жеке төлқұжаттарымен келiп тиiстi жәрдемақыны рәсiмдей алады. Осыған дейiн жәрдемақы алған отбасылар жаңа жәрдемақы түрiн алушылар тiзiмiнде бар-жоғын 1411 call-орталығы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң www.enbek.gov.kz сайты арқылы да тексере алады», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.
Жалпы алғанда, 1 қаңтардағы жағдай бойынша 368,9 мың отбасыға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындалған, оның 246 мыңы — бұған дейiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы алғандар.
Аймақтық бөлiнiсте жыл басынан берi жәрдемақының рәсiмделуiне Түркiстан облысынан көп өтiнiш қабылданған. Одан кейiн Алматы облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары.
Естерiңiзге салайық, 2020жылдан бастап отбасында бiрге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның iшiнде кәмелет жасына толғаннан кейiн бiлiм беру ұйымдарын тәмамдағанға дейiн (23 жасқа дейiн) орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында оқитын балалары бар отбасына ай сайын тағайындалатын мемлекеттiк жәрдемақы көлемi: 4 баласы барларға — 42 496 тг, 5 балаға — 53 127 тг, 6 балаға — 63 757 тг, 7 және одан көп балаға — 74 388 тг.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi
Достар, egov.kz порталының қызметтерiн пайдаланып, ЭЦҚ-мен қол қою үшiн ең алдымен оның пайдаланушысы болу керек. Электронды үкiмет порталын бiрнеше жылдан берi пайдаланып келе жатқандар онда ЖСН енгiзiп, жасырын сөздi толтыру керектiгiн бiледi. Бүгiнде порталға кiрудiң тағы бiрнеше жолы iске қосылған. Сонымен, келесi ақпаратқа құлақ түрiп, #Oqyp&Toqyp алыңыз.
Бұл әдiспен порталға кiру үшiн ЖСН нөмiрiн терiп, ұялы телефон нөмiрiн толтыру қажет. Аталған әдiстi мобильдi азаматтар базасында тiркелгендер пайдалана алады.
ЭЦҚ арқылы порталға кiремiн десеңiз, жүйе сiзге сертификатты таңдауды ұсынады. Электронды кiлт құпиясөзi толтырылғаннан кейiн барлық мәлiметтер сәйкестендiрiледi.
QR-код — порталға кiру үшiн жасалған жаңа әдiстiң бiрi. Бұл жолмен порталға смартфондарында egov mobile қосымшасы барлар кiре алады. Егер өзiңiзбен бiрге ЭЦҚ бар флэш-карта болмаса, осы әдiспен порталға оңай кiруге болады. Egov mobile қосымшасынан скан белгiсi арқылы компьютерде шыққан кодты сканерлеп, бiрден қызметтердi пайдалануды бастай аласыз.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк
корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк
қоғамның баспасөз қызметi
gov4c.kz
Автокөлiк құжаттарын электронды түрде рәсiмдеген қазақстандықтар саны күрт өстi. Электронды үкiмет порталы арқылы көлiгiн тiркеп, жүргiзушi куәлiгiн ауыстырған жүргiзушiлер онлайн жүйенiң тиiмдi әрi пайдалану жеңiл екенiн айтады.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының статистикалық деректерiне сәйкес, 2019 жылы онлайн әдiспен рәсiмделген жүргiзушi куәлiктерiнiң саны бiрден 8 есе, ал қайта тiркеуге қойылған автокөлiктер саны 20 есе артқан.
Мысалы, 2018 жылы жүргiзушi куәлiгiн онлайн түрде 19 409 қазақстандық рәсiмдесе, былтырғы жылы жүргiзушi куәлiгiн электронды өтiнiш арқылы ауыстыруды қалағандар саны 153 мыңнан асты. Сондай-ақ онлайн түрде көлiктi қайта тiркеуге қою қызметтерiнiң көрсеткiшi де жоғары болған: 2019 жылы бұл қызмет 100 мың рет пайдаланылса, 2018 жылы бұл көрсеткiш тек 5 мыңды құраған.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, бүгiнде қазақстандықтардың денi ХҚО-ға бармай-ақ, қызметтi өз бетiнше алуды қалайды. «Қызметтердi онлайн алу — бүгiнде өзiндiк трендке айналды. Азаматтарымыздың электронды түрде қарапайым анықтамаларды ғана алып қоймай, онлайн автокөлiк қызметтерiне сұраныс бiлдiрiп жатқаны қуантады. Олар цифрландырудың барлық артықшылығын лайықты бағалап, қызметтердi мамандандырылған ХҚО-дан гөрi электронды үкiмет порталынан жиi ала бастады», — дейдi басқарма төрайымы.
Көлiгiн онлайн түрде тiркеген тұрғынның бiрi — қарағандылық Қайырбек Қорабаев. Көлiктi сатушы тарап Нұр-Сұлтан қаласында болғандықтан, көлiктi электронды үкiмет порталы арқылы рәсiмдеу — жол мәселесiн шешiп, автоХҚО кезегiнде тұрмаудың таптырмас тәсiлiне айналды.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы қарамағындағы 1411 байланыс орталығы ендi тәулiк бойы қоңыраулар қабылдайды. Әлеуметтiк төлемдер мен еңбек саласына қатысты кеңес беретiн call-орталық қызметкерлерi бұдан былай атаулы әлеуметтiк көмек пен әлеуметтiк қызметтер порталының жұмысына қатысты сауалдарға, сондай-ақ info@info.mintrud.kz электронды поштасына келiп түсетiн хаттарға да жауап бередi.
«Бүгiнде 1411 байланыс орталығына орташа есеппен бес мың қоңырау келiп түседi. Азаматтар демалыс және мереке күндерi де қоңырау шалып, өз сауалдарына жауап ала алады. Жыл басынан берi 22 мың қоңырау келiп түссе, олардың басым бөлiгi зейнетақы және әлеуметтiк қамсыздандыру, көп балалы аналардың ай сайынғы жәрдемақысы, атаулы әлеуметтiк көмек мәселелерiн қамтиды. Қызмет алушылар ХҚО-ға бармас бұрын, 1411-ге хабарласып, әлеуметтiк қызметтердi рәсiмдеуге қажет құжаттар тiзiмiн де алдын ала бiлiп отыра алады», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымының орынбасары Бiржан Жүнiсов.
1411 бiрыңғай қысқа нөмiрiне тегiн қоңырау шала отырып, кез келген оператордан келесi мәселелерге қатысты жауап алуға болады:
Бұдан басқа, әлеуметтiк төлемдер мен зейнетақы және еңбекпен қамту мәселесiне қатысты негiзгi сауалдардың жауабын www.info.mintrud.kz сайты арқылы да бiлуге болады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi
Достар, жыл сайын көлiктiң техникалық жағдайын тексерiп отыру қажет екенiн бiлесiз. Темiр тұлпарыңыздың техникалық байқауының мерзiмi қашан аяқталатынын бiлу үшiн egov mobile қосымшасын пайдаланып көрiңiз.
Қажеттi мәлiметтер толтырылған соң жауап бiрден берiледi.
Бәрi өте оңай болса, пайдалы ақпаратты достарыңызбен бөлiсiңiз:wink:
#oqytoqy
«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметi
Мобильдi азаматтар базасына тiркелген 7 млн аса пайдаланушы eGov mobile қосымшасы мен Telegram, Vk, Fb мэссенджерлерi арқылы сұранысқа ие анықтамалар мен сервистi ХҚО-ға бармай-ақ ала алады.
Ұялы телефон көмегiмен бiрқатар мемлекеттiк қызметтiң қолжетiмдiлiгi жөнiнде бүгiн Үкiмет отырысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева айтып бердi.
Бүгiнде 1,5 жыл бұрын қолданысқа енген egovkzbot2.0 телеграм-ботын 654 мың қазақстандық жүктеп үлгерген. Оның көмегiмен азаматтар көбiне соттылықтың болу/болмауы, псих-нарко диспансерлердiң есебiнде болмау, жылжымайтын мүлiктiң болу/болмауы сияқты қызметтермен, сондай-ақ ХҚО кезегiн брондау, айыппұлдардың барын тексеру тәрiздi сервистердi жиi пайдаланған.
Электронды үкiмет порталының ұялы телефонға арналған eGov mobile қосымшасында бүгiнде 28 қызмет қолжетiмдi. Жаңарған қосымша ЭЦҚ-ны биометрия мәлiметтерiмен сәйкестендiрiп, авторизациядан жылдам өтуге мүмкiндiк берiп отыр. 1,5 айдың iшiнде ғана оны қазақстандықтар 205 мың рет жүктеп алған.
«Халық ыңғайлығы үшiн сұранысқа ие анықтамаларды смартфон арқылы жылдам әрi оңай алу мүмкiндiгiн жасадық. Кейбiр анықтамаларды не бәрi 1 минуттың iшiнде алуға болады. Есесiне қаншама уақыт, қаржы үнемделедi. Адамдар ХҚО-ға ұмтылмай, қалтасындағы ұялы телефонның бар мүмкiндiгiн пайдалануы тиiс», — дейдi басқарма төрайымы.
Тұрғындар арасында «Қалтадағы ХҚО» қызметiн пайдаланушылар санын арттыру үшiн әр ХҚО-да мобильдi тiркеу секторлары ашылған. Онда мамандар азаматты базада тiркеп, бiрден қосымша мен телеграм, фэйсбук және вконтакте әлеуметтiк желiлерiндегi боттар арқылы қызметтердi алу жолдарын көрсетедi.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметi
www.gov4c.kz
Жыл басынан берi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi арқылы 6,3 млн. электронды цифрлық қолтаңба берiлдi. Электронды үкiмет порталының қызметтерiн онлайн алуға мүмкiндiк беретiн кiлт иелерiнiң белсендiлiгiн ХҚО-ға келушiлер санының азаюынан байқауға болады. 10 ай iшiнде мемлекеттiк корпорация тарапынан 24,4 млн. қызмет көрсетiлдi, бұл көрсеткiш былтырғы жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 4 млн-ға немесе 16,4% азайса, қызметтердi өз бетiнше алғандардың үлесi 3,7 млн-ға көбейген. Бұл туралы Үкiмет отырысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева айтып бердi.
«Халықтың цифрлық сауатының артуына былтыр барлық облыстарда ашылған Цифрлық қызмет көрсету орталықтары әсер еттi деп ойлаймын. Бiз ол орталықтарда электронды үкiмет порталын пайдалануды үйрететiн курстар ұйымдастырдық. Қызметкерлерiмiз әр облыс, қала, аудандарда 73 мың семинар-лекция өткiзiп, электронды қызметтердi алуды үйренгендерге 1,3 млн. сертификат табыстады», — дейдi басқарма төрайымы.
Цифрлық ХҚО-лардың ерекшелiгi — «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету аймағының болуында. Бұл — фронт-офис қызметiн трансформациялау тұжырымдамасы аясында енгiзiлген жаңашылдық. Оған сәйкес фронт-офистiң 60% — өзiне-өзi қызмет көрсету, 40% — операторлар қызмет көрсететiн аймақтан тұрады. Биыл елiмiздегi барлық «Connection point» секторында 13 млн-нан аса азаматқа түсiндiрме-кеңес беру жұмыстары жүргiзiлдi. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 млн артық көрсеткiш.
Мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi, сондай-ақ көшпелi акциялар ұйымдастырып, әскери бөлiм, емхана, мемлекеттiк органдар қызметкерлерiн оқытып, колледждер мен ЖОО студенттерiне egov.kz-пен жұмыс iстеудi үйреттi.
Жоспар бойынша 2020 жылы тағы бiр цифрлық ХҚО Алматы қаласында ашылады, ал egov.kz-пен жұмыс iстеу дағдыларын 1,4 млн. азаматқа үйрету көзделiп отыр.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметi
www.gov4c.kz
Достар, eGov mobile қосымшасын пайдаланып үлгердiңiз бе? Мемлекеттiк қызметтердi алуға мүмкiндiк беретiн жаңа қосымшаның бiрқатар ерекшелiгi бар. Барлығын рет-ретiмен түсiндiрiп өтейiк.
Жаңа атауы: eGov mobile AppStore не PlayMarket-тен қосымшаны iздеген шақта сiзге бұрынғы mGov нұсқасы шығуы мүмкiн. Бұл үшiн nitec.kz өндiрушiсiн тауып, ұсынылған қосымшалардың iшiнен eGov mobile-ды таңдайсыз.
Қосымшаға кiру: Қосымшаны жүктегеннен кейiн сiз өз цифрлық қолтаңбаңызды 4 таңбалы PIN-кодқа немесе биометрия құрылғыларына (смартфондағы Face ID, Touch ID мүмкiндiктерi) тiркеп қоя аласыз. Кейiн жүйеге кiрген кезде сiзден ЭЦҚ не құпиясөз талап етiлмейтiн болады.
eGov mobile-ды пайдалану: Қосымшаның өзiнде ЭЦҚ-ны қалай жүктеуге болатыны, авторизациядан өту туралы және т.б. кеңестер бар, әр жаңа қызметке қадамдық нұсқаулық берiлген. Осылайша әзiрлеушiлер — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қосымшаны қолданыста барынша қолайлы етуге тырысты.
Ұсынылатын қызметтер: Қазiргi уақытта қосымшада 28 қызмет қолжетiмдi. Олар: базалық зейнетақы төлемiн есептеу мөлшерi туралы анықтама, бала тууына байланысты төлемдер және бiр жасқа толғанға дейiн төленетiн жәрдемақы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама, жылжымайтын мүлiктiң жоғы (бары) туралы анықтама және т.б. Қызметтер тiзiмi толықтырылатын болады.
Игiлiгiңiзге пайдаланыңыз! #Oqytoqy
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша филиалының баспасөз қызметi
Тел.: 55-10-54
Оңтүстiк Калифорния университетiнiң Интерактивтi медиа кафедрасының профессоры Майк Фишер EXPO аумағында орналасқан ХҚО-да болды. Қонаққа электрондық үкiметтiң, egov mobile мобильдiк қосымшасы және телеграм мэссенджерiндегi бот арқылы мемлекеттiк қызметтердi алу мүмкiндiктерi таныстырылды. Шетелдiк сарапшыны бәрiнен бұрын азаматтардың мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларына онлайн тәртiпте бейнеөтiнiш жолдап, биометрия әдiсiмен мемлекеттiк қызметтердi алу мүмкiндiгi қызықтырды.
«Мемлекеттiк органның бiрiншi басшысына өтiнiштi тiкелей жiберу мүмкiндiгi маған өте ұнады. Мәселен, қала тұрғындарына мэрияға барудың қажетi жоқ, уақытыңызды жұмсамайсыз, оны ХҚО-дағы камерасы бар жабдық арқылы онлайн жолдауға болады. Бұл өте ыңғайлы», — дедi Фишер. Оның пiкiрiнше, бұл азаматтарға елдiң қоғамдық, әлеуметтiк, саяси өмiрiне араласуына жол ашып, сол арқылы мемлекеттiк органдарға қазақстандықтардың қажеттiлiктерiн түсiнуге мүмкiндiк бередi.
Сондай-ақ америкалық профессор мемлекеттiк қызметтердi алудың биометриялық тәсiлiне таңғалысын бiлдiрдi.
«Мен үшiн бұл жүйе өте қызық. Яғни, егер сiз өзiңiздiң сәйкестендiру картаңызды (жеке куәлiк) жоғалтсаңыз, қажеттi мемлекеттiк қызметтi осы тәсiлмен еш құжатсыз ала аласыз», — дейдi ол.
Цифрлық ХҚО-да гейммейкер, сондай-ақ автосимуляторды сынақтан өткiзiп, оны бейне ойынмен салыстырды. Ол автосимулятор ойынға қарағанда дiттеген жерге жылдам жетiп қана қоймай, жолда жүру машығын да шыңдайды деп атап өттi.
Естерiңiзге сала кетейiк, Нұр-Сұлтанда IT-шешiмдер, цифрлық технологиялар және т.б. сала сарапшыларының қатысуымен «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтiп жатыр.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi
Бұл туралы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы барысында Tech Farm басқарушы серiктесi Аман Тентиев мәлiмдедi. Оның айтуынша, Қырғызстанның электронды мемлекеттiк қызметтердiң дамуын қамтитын цифрландыру бағдарламасы 2017 жылы iске қосылды, ал Қазақстандағы электрондық үкiмет қызметi 13 жылдан берi жұмыс iстеп келедi.
«Қазақстан — өңiрдегi электронды мемлекеттiк қызметтердi дамытудағы көшбасшы ел. Азаматтар онлайн тiркелiп, интернет арқылы кәсiпкерлiк аша алады. Бiлуiмше, бұл — елдерiңiзде бес-алты жыл бұрын енгiзiлген қызмет. Қазақстан бұл бағытқа қомақты инвестиция жұмсаған, сәйкесiнше нәтижесiн көрiп келедi», — дейдi Тентиев.
Сонымен қатар Тентиев танымал мэссенджерлер мен әлеуметтiк желiлер арқылы мемлекеттiк қызметтердi алу жолдарына жоғары баға бердi. «Әзiрге Қырғызстанда барлығы мемлекеттiк қызметтер порталына цифрлық қолтаңбамен кiру арқылы жүзеге асып жатыр. Болашақта бiз де Қазақстанның тәжiрибесiн ескерiп, қызметтердi әлеуметтiк желiлер арқылы көрсетудi жоспарлап отырмыз», — деп толықтырды ол.
Сарапшының пiкiрiнше, азаматтарға цифрлық қызметтердi пайдалануды үйрету көп ұзамай өз жемiсiн бередi: «Барлық адам мемлекеттiк қызметтердi жылдам әрi оңай алғысы келедi. Ешкiм де ХҚО-ға қызметтердi алу үшiн арнайы барғысы келмейдi, сондықтан телеграм боттары мен мобильдi қосымшалар сияқты қызметтердi алудың балама әдiстерi дамиды».
Еске сала кетейiк, өткен аптада Нұр Сұлтанда Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өткiзiлдi. Оған әр түрлi елдерден IT-шешiмдер, цифрлық технологиялар және т.б. сала сарапшылары қатысты.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi
1 қарашадан бастап өз атыңыздан үшiншi тұлғаларға мекенжай мәлiметтерiн көруге рұқсат беретiн сервис қызмет көрсете бастайды. Оның қалай жұмыс iстейтiнiн бүгiн #OqyToqy айдарында толығырақ айтып беремiз!
Egov.kz порталында қызмет қалай аталады?
Қызметтi онлайн қалай алу керек?
Ескерту: Жүйенi пайдалану үшiн сұратушы тарап пен мәлiметтердi ұсынуға рұқсат берушi тараптың ЭЦҚ-сы немесе мобильдi азаматтар базасында тiркеуi болуы шарт.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша филиалының баспасөз қызметi
Тел.: 55-10-54
Достар!
Бүгiн #қысқанұсқа айдарында бiз сiздерге емханаға онлайн тiркелу жолдарын айтпақпыз.
Егер сiздiң электронды цифрлық қолтаңбаңыз болса, ХҚО-ға бармай-ақ, таңдаған емханаға тiркеле аласыз.
Ол үшiн:
Қызмет 1 жұмыс күнi iшiнде тегiн көрсетiледi.
Бұл қызметтi тұрғылықты мекенжайыңыз өзгерген кезде немесе тiркелген емханаңызды өзгерткiңiз келген кезде (жылына бiр рет) пайдалана аласыз.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша баспасөз қызметi
Тел.: 55-10-54
Қарттар күнiне орай, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы биыл құрметтi демалысқа шыққан азаматтар туралы мәлiметтердi ұсынады. Жыл басынан берi 57 мың азаматқа базалық зейнетақы тағайындалды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерi 52 мың азаматқа рәсiмделген. Жалпы елiмiзде зейнетақы төлемдерiн 2,2 млн. адам алады.
Аймақтық бөлiнiсте қарайтын болсақ, базалық зейнетақы ең көп Алматы облысында тағайындалған — 5954, ал ең аз өңiр — Атырау облысы, мұнда не бары 1554 азамат биыл базалық зейнетақы ала бастаған.
«Зейнеткерлiк — қарттықты әдемi қарсы алып, бос уақытты жақындарыңмен өткiзуге мүмкiндiк беретiн шақ. Бiз зейнеткерлiкке шығу рәсiмiн барынша жеңiлдетуге тырысып жатырмыз. Бiр жыл бұрын зейнеткерлiкке бiр өтiнiшпен шығуға мүмкiндiк беретiн композит қызметiн енгiздiк. Биыл ХҚО-ға бармай-ақ, смс-хабарлама арқылы зейнеткерлiктi рәсiмдеуге мүмкiндiк беретiн проактив қызметiн iске қостық. Цифрлық жаңашылдықтар, осылайша, құрметтi демалысқа артық қағазбастылықсыз шығуға жол ашады», — дейдi басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.
Айта кетейiк, зейнеткерлiк жасқа жетуiне, базалық зейнетақының төленуi мен мемлекеттiк кепiл төлем жасау туралы, сондай-ақ БЖЗҚ-ға төлемдердi төлеу сияқты төрт өтiнiштiң орнына бiр ғана өтiнiш өткiзуге мүмкiндiк беретiн композит қызметi 2018 жылдың қазан айында енгiзiлдi.
Зейнет жасына толғанға дейiн 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметтi проактивтi түрде рәсiмдеуге ұсыныс бiлдiретiн смс-хабарлама жолданатын қызмет 2019 жылдың тамызында енгiзiлдi. Әзiрге бұл қызметтi мемлекеттiк корпорациядан зейнеткерлiкке шығатын жұмыскерлер пайдалана алады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi
Бөбектерiңiздi балабақшаға тiркеуге қойсаңыз, кезектiң қаншалықты жылжығанын онлайн қарап бақылап отырыңыз.
Ол үшiн egov.kz электронды үкiмет порталында «Балабақшаға кезек нөмiрiн қарау» қызметiн таңдаңыз.
Өтiнiмдi толтырып, баланың ЖСН немесе тегiн, атын және туған күнiн енгiзiңiз.
Қызметтi онлайн Нұр-Сұлтан, Ақсай, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Арыс, Атырау, Қапшағай, Қарағанды, Қаражал, Көкшетау, Қостанай, Курчатов, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Сәтбаев, Семей, Талдықорған, Тараз, Текелi, Түркiстан, Орал, Өскемен, Шахтинск, Шымкент, Екiбастұз қалаларының тұрғындары ала алады. Қызмет сондай-ақ ҚР көптеген ауданында да қол жетiмдi.
#oqytoqy
Қазiргi таңда Президенттiң Жарлығы бойынша қарыз жүктемесiнiң төмендеуi мен несиенiң бiр бөлiгiн жабу жүрiп жатыр. Бұл хабар барша қазақстандықты қуантқаны рас. Алайда халық арасында бұл жеңiлдiктi кiмдер пайдалана алады, қарызы кешiрiлетiндердiң тiзiмiнде болмаса не iстеу керек деген сұрақтар туындауда.
Осы сұрақтарды талқылап, кiшi-гiрiм лайфхактармен бөлiсудi жөн көрдiк.
Өз мәртебеңiздi қалай тексеруге болады:
Немесе:
Тағы да:
Ең соңынан, басқа амалыңыз болмаған жағдайда ғана:
Алайда, егер сiздiң аты-жөнiңiз тiзiмде болмаса және сiз онымен келiспесеңiз, онда сiзге 111, 743-220, 750-179 және 750-178 нөмiрлерiне хабарласу керек.
Егер сiздi тiзiмнен алып тастау себебiмен келiспесеңiз, онда Сiзге банкке немесе несие берген микрокредиттiк ұйымға жүгiну қажет.
Уақытыңызды әр түрлi жұмсауға болады, бiрақ бiз әрқашан сiз үшiн оңтайлы шешiм табуға тырысамыз және бос уақыттарңызды жақындарыңызға көбiрек жұмсағандарыңызды қалаймыз.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы зейнеткерлiктi проактив әдiсiмен рәсiмдеу бойынша пилоттық жобаны iске қосты.
Аталған пилотты жүзеге асыру жөнiндегi бiрлескен бұйрыққа ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгi мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi қол қойды. Жоба әзiрге «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының зейнет жасына жететiн қызметкерлерiн қамтиды. Бүгiнде корпорацияда 22 мың қызметкер еңбектенедi.
Зейнеткерлiкке шығу барысында дәстүрлi түрде ХҚО арқылы жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерiн және бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн тағайындау мемлекеттiк қызметтерi рәсiмделедi. Бұдан былай халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажеттiлiгi болмайды.
Зейнет жасына толғанға дейiн 10 күн бұрын болашақ зейнеткерге қызметтi проактивтi түрде рәсiмдеуге ұсыныс бiлдiретiн смс-хабарлама жолданады. Келiсiм берiлген жағдайда, кадр бөлiмiне алдын ала тапсырылған құжаттар электронды түрде жауапты мемлекеттiк органның мақұлдауына жiберiледi.
Айта кетейiк, зейнеткер жұмыс берушiсiнiң кадр бөлiмiне алдын ала еңбек өтiлi, зейнеткерлiк жүйеге қатысуы сияқты мәлiметтердi ұсынады, бұл ақпарат, өз кезегiнде, еңбек келiсiмдерiн есепке алу бiрыңғай жүйесiне енгiзiледi.
Аталған әдiс арқылы мемлекеттiк корпорацияның екi қызметкерi зейнеткерлiкке шығып үлгердi. Тиiстi смс-хабарламаларды алғандардың қатарында астаналық әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмiнiң жетекшiсi Райхан Жолдықұлова мен Ақмола облысы филиалының жер кадастры бөлiмiнiң қызметкерi Любовь Шестаева бар.
«Корпорациямыз цифрлық жаңашылдықтардың үнемi басы-қасында жүредi. Бiрақ дәл осы зейнеткерлiкке шығу жобасының алғашқы қатысушысы боламын деп ойламаппын. Зейнет жасына жеткенде қаншама құжаттың машақаты барын бiлемiн. Барлығы смс-пен шешiлгенiне қуаныштымын», — дейдi зейнеткер Райхан Жолдықұлова.
Пилоттық жоба қорытындысы бойынша оның өзге мекемелерге таралуы бойынша шешiм қарастырылады.
Жүргізуші куәлігін алатын көлік иелері үшін медициналық тексерістен өту реті жеңілдеді. «Азаматтарға арналған үкімет» көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енгенін хабарлайды.
Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7 дәрігерден 4-ке дейін қысқарды. Енді терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен өту жеткілікті. Сондай-ақ қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес.
Медициналық тексеріс барысында терапевт дәрігер қандайда аурулардың бар/жоғын «Диспансерлі науқастардың электронды тізілімі» ақпараттық жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөнідегі ақпаратты мәліметтер базасы арқылы, сондай-ақ диспансерлердің анықтамасы негізінде тексере алады.
Айта кетейік, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама үш жағдайда талап етіледі:
Жыл басынан бері 4 мыңнан аса солтүстікқазақстандық жүргізуші куәлігін алды.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы
КЕАҚ СҚО бойынша баспасөз қызметі
«Азаматтарға арналған үкiмет» жас босанған аналар арасында «Анаға цифрлық жәрдем» байқауын жариялайды. Бала тууына байланысты берiлетiн жәрдемақыны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсiмдеп, ол туралы әлеуметтiк желiде пост жазған аналар байқаудың қатысушысы атана алады.
Байқау шарты бойынша жәрдемақыны онлайн рәсiмдеген аналар жазған постында мемлекеттiк корпорацияның ресми аккаунты @gov4c.kz белгiлеп (instagram әлеуметтiк желiсiнде), #анағацифрлықжәрдем хэштегiн қоюы тиiс.
Байқау жеңiмпаздары 15 қыркүйек — Аналар күнi анықталатын болады. Конкурс аясында пост жазғандардың есiмдерi бiр тiзiмге жазылып, жеңiмпаз рандомды түрде, яғни кездейсоқ нөмiрдiң түсуi арқылы таңдалады.
Қызықты пост жазып, байқауға қатысқан үш жеңiмпаз bebek.kz интернет-дүкенiнен «Sweety» брендiнiң жөргектерiн бiр ай бойы алуға мүмкiндiк беретiн сертификатқа ие болады. Жұбаныш сыйлығы ретiнде тағы бес жеңiмпаз балалар азығын, ыдыс-аяғын, күтiм құралдарына қосымша сертификат алады.
Анықтама: «Бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақыларды тағайындау» қызметi egov.kz порталында 2017 жылдың 29 желтоқсанында iске қосылған. Жыл басынан берi алты ай iшiнде онлайн түрде бала тууына қатысты 19 мың жәрдемақы рәсiмделген.
Мобильдi азаматтар базасында тiркелгендер egov.kz порталы мен mgov.kz қосымшасына бiрретiк құпиясөз көмегiмен кiрiп, телеграмдағы egovkzbot-тың 25 түрлi қызметiн пайдалана алады. Сондай-ақ базада тiркелгендерге бала тууына қатысты проактив қызметi бойынша СМС-хабарламалар жолданады. Мобильдi азаматтар тобына қосылу үшiн ХҚО-ға бару керек немесе egov.kz порталындағы жеке кабинет арқылы тiркелу керек.
Бұл базада бар/жоғыңызды алдын ала тексерсеңiз де болады. Ол үшiн egov.kz порталына кiрiп, басты беттегi «Сервистер» бөлiмiнен «Мобильдi азаматтар базасында пайдаланушыны iздеу» қызметiне өту керек. Ондағы жолаққа ЖСН енгiзсеңiз, жауап бiрден берiледi.
#oqytoqy
Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткiздi.
1 қыркүйек күнiне орай, балалардың оқу портфелiн дайындап, қажеттi мектеп формасымен қамтамасыз ету үшiн корпорация қызметкерлерi қаражат жинап, әлеуметтiк жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға көмектестi.
«Баланы мектепке жинау көп шығынды талап етедi. Ал отбасында бiрнеше бала болса, тiптен қиын. Бұл шараға қатысуымыз корпорациямыздың әлеуметтiк жауапкершiлiгiнiң тағы бiр көрiнiсi. Мен көмек қолын созып, өз отбасының бюджетiнен қаржы бөлген әрiптестерiме алғысымды бiлдiремiн», — дейдi басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.
Шара барысында корпорацияның қызметкерлерi 1,8 млн теңге қаражат жинап, 200 баланың мектепке баруына жағдай жасады.
Қайырымдылық акциясы жыл сайын ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң және «NurOtan» ХДП ұйытқы болуымен өтедi.
Елiмiзде халыққа қызмет көрсететiн орталықтардың саны артады. Бұл туралы фейсбук парақшасында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлiмдедi. Жаңа фронт-офистер халық көп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ашылады.
«Мегаполистердегi халықтың өсуi жедел шаралардың қабылдануын талап етедi. Жарты жылдың өзiнде Алматы мен Нұр-Сұлтан шаһарларында ғана 3,5 млн қызмет көрсетiлген. Тамыз айының соңына дейiн бiз астанамыз бен Алматыда қосымша бiр-бiр халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашатын боламыз. Оған қоса, Алматы қаласындағы Алатау ауданындағы ХҚО бiр айлық үзiлiстен кейiн қайтадан өз қызметiн жандандырды», — делiнген әлеуметтiк желiдегi жазбада.
Оған қоса, елiмiздегi мамандандырылған ХҚО саны артатын болады. Мәселен, Алматы қаласында алтыншы автоХҚО ашылса, оған жақын жатқан Талғар және Қарасай аудандарында тағы бiр-бiр орталық iске қосылады. Әсемгүл Серiкқызының айтуынша, жаңа орталықтар тамыз-қыркүйек аралығында ашылады. «Ең үлкен автобазар осы мегаполисте, жақын жатқан облыс тұрғындары сонда барып көлiктерiн сатып, жаңасын алып, тiркеу рәсiмдерiн де сонда жасатады. Жарты жыл iшiнде Қазақстанда көлiк секторы бойынша көрсетiлген қызмет саны 1,5 млн жуық болса, оның 24 пайызы Алматыға тиесiлi», — деп атап өткен Ә.Балташева өз парақшасында.
Оған қоса жазбада Шымкент қаласында да мамандандырылған ХҚО iске қосылады делiнген. Осылайша, бұл шаһарда қыркүйек айынан бастап 3 автоХҚО қызмет көрсете бастайды.
Бүгiнде Қазақстанда 328 фронт-офис жұмыс iстейдi, көрсетiлетiн қызмет түрлерiне қарай олар ХҚО, цифрлықХҚО, көшi-қон ХҚО-сы, мамандандырылған ХҚО-лар болып жiктеледi. Жыл басынан берi алты ай iшiнде онда қазақстандықтарға 15 млн қызмет көрсетiлген.
Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрi Асқар Жұмағалиев азаматтарға қызмет алу кезiнде барынша ыңғайлы жағдай жасау үшiн жаңа ХҚО-ларды, әсiресе, мамандандырылған ХҚО-ларды ашу мүмкiндiгiн қарастыруды тапсырған болатын.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева ХҚО-лардағы кезектiң нелiктен туындайтынын айтып, онда бармаудың балама жолына тоқталды. Бұл туралы басқарма төрайымы фейсбуктегi ресми парақшасында жазды.
Әсемгүл Балташеваның айтуынша, фронт-офистердегi қызмет көрсету сапасына қатысты халықтың арыз-шағымы үнемi ескерiлiп отырады, корпорацияның әлеуметтiк желiлердегi ресми аккаунттарына келiп түсетiн өтiнiштер де бейжай қалмайды. Соңғы уақытта ХҚО-ларда үкен кезектiң туындауы да азаматтарды мазалайтын көрiнедi. «Жаз маусымында халыққа қызмет көрсету орталықтарына баратын халықтың қарасы екi есе өседi. Бұл ең алдымен демалушылардың сапарға шығуға қажет құжаттарын жасатуымен байланысты. Ал кезектi демалысқа шыққан өзге азаматтар баспаналарының қағаздарын жасатып, тұрақты тiркеуге тұрып, көлiктерiн сатып, жаңасын алуымен байланысты», — дейдi Ә. Балташева.
Бұдан бөлек, ХҚО-ға келушiлердiң күрт өсуi мемлекетiмiздiң әлеуметтiк тұрғыда аз қамтылған отбасыларға жәрдем берiп, олар үшiн әлеуметтiк бағдарламалар құрып, қолдау саясатын белсендi жүргiзуiмен де байланысты деп атап өттi басқарма төрайымы. Себебi жеңiлдiктердi қарастыратын бағдарламаларға қатысу үшiн бiрқатар анықтама мен құжатты жинау керек. Бұл үшiн де адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарына ағылады.
Сондай-ақ басқарма төрайымы елiмiздiң барлық мамандандырылған ХҚО-ларында туындаған кезек мәселесiне де тоқталып өттi. Оның айтуынша, ҚР IIМ-нiң енгiзген жаңашылдықтары 1 шiлдеден бастап көлiк иелерiн әбiгерге түсiрiп, қызметтердiң дер кезiнде көрсетiлуiне кедергi келтiрдi. Мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесiндегi ақау кезектiң туындауына алып келген. «Өз тарапымыздан бұл мәселенi шешу үшiн бiрқатар шара қабылдап, «соңғы клиентке» дейiн жұмыс iстеп, құжатты қабылдаушы мамандардың санын арттырдық, сондай-ақ автоХҚО-дан қала бағытына жүретiн тегiн автобустар ұйымдастырдық. Бүгiнде ондағы қызмет қалыпқа түсiп, жұмыс барысы реттелдi» — делiнген басқарма төрайымының фейсбуктегi ресми парақшасында.
Әсемгүл Серiкқызы бұл ретте мемлекеттiк қызметтердiң 71 пайызының электрондық форматқа өткенiн тiлге тиек етiп, азаматтарды мемлекеттiк қызметтердi ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн түрде алуға шақырды. Ол керектi анықтамалар мен құжаттарды egov.kz сияқты электронды портал, mgov.kz қосымшасы және телеграмдағы EgovKzBot арқылы онлайн алуға болады, ХҚО-сыз да құжаттарды алудың балама жолы бар дей келе, цифрлық жаңашылдықтарды пайдаланатын қазақстандықтардың санының артатынына үлкен сенiмiн бiлдiрдi.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы елiмiздiң барлық облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметтер мемлекеттiк стандартта көрсетiлген талаптарға сай, қалыпты тәртiпте көрсетiлiп жатқанын хабарлайды. Бүгiнде қызмет алушылардың көптiгi Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚО-ларда ғана байқалуда. Бұл Алматы қаласында көлiктердi алып-сататындардың көптiгi мен жақын жатқан аймақ тұрғындарының автокөлiктерiн сонда қайта рәсiмдеп, жүргiзушi куәлiгiн ауыстыруға баратынымен байланысты.
ҚР IIМ 1 шiлдеден бастап мәлiметтердiң алмасуын қамтамасыз ететiн жаңа веб-модулдi iске қосуына байланысты, мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесiнде ақау шығып, салдарынан барлық мамандандырылған ХҚО-ға келушiлердiң өтiнiштерi дер кезiнде қаралмай, үлкен кезек туындаған болатын.
Бұл ретте мемлекеттiк корпорация өз тарапынан халық наразылығын басып, кезектi тарату үшiн қосымша қызметкерлердi тартып, «соңғы клиентке» дейiн жұмыс iстедi. Халық ыңғайлығы үшiн egov.kz порталы арқылы қызметтi онлайн алуға көмектесетiн кеңесшi мамандар жұмылдырылды.
Айта кетейiк, көлiктердi қайта тiркеп, жүргiзушi куәлiгiн алу қызметтерi бойынша мамандандырылған ХҚО-ларда шiлденiң 1-8 аралығында 40 мыңға жуық қызмет көрсетiлдi, оның 9 мыңнан астамы тек Алматы қаласына тиесiлi.
ҚР ІІМ ақпараттық базасында туындаған техникалық ахауға байланысты еліміздің мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлік иелеріне дер кезінде қызмет көрсетілмеді, салдарынан үлкен кезектер пайда болып, халық наразылығы туындады. Орын алған жағдайды шешу мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бірқатар шара қабылдады.
Мәселен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы ХҚО-да көлік иелерінің құжаттарын қабылдайтын қосымша мамандар тартылды. Бұдан бөлек өзіне-өзі қызмет көрсету — «Connection Point» аймағында қызметтердің онлайн түрде рәсімделуіне көмектесетін кеңесші-мамандар саны көбейтілді, оларды «egov» деген жазуы бар айырықша формасынан танып-білуге болады. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы мамандандырылған ХҚО-ға келіп көліктерін қайта тіркеуге қойғандар құжаттарын күтіп, уақыттарын жоғалтпас үшін қала бағытында жүретін арнайы автобустар ұйымдастырылған. Ал құжаттар дайын болған соң, қызмет алушылар міндетті түрде ұялы телефондары арқылы хабардар етіледі. Бүгінде мамандандырылған ХҚО келушілері үшін тегін сусындар беру орны да қарастырылған.
Айта кетейік, 1-2 шілде күндері еліміздің мамандандырылған ХҚО-лары арқылы 9 мың құжат рәсімделіп берілген.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына заңды тұлғаларды тіркеу функциясы өтті. Бұдан бұрын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданған құжаттар өңдеу үшін ҚР Әділет министрлігіне жіберілетін. Бұл туралы facebook-тегі ресми парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді.
«Енді біз заңды тұлғалардың құжаттарын қабылдап қана қоймай, өңдеп, мемлекеттік тіркеуге қоятын боламыз. Бұл қызметті атқару үшін әділет министрлігінің аймақтық бөлімшелерінен 98 қызметкер бізге ауысты, оған қоса біз 197 қызметкерімізді оқытудан өткіздік» делінген хабарламада.
Жаңа енген өзгерістерге сәйкес заңды тұлғаларды, атап айтқанда акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындарды, барлық коммерциялық ұйымдарды мемлекеттік қайта тіркеу, тарату, филиалдар мен өкілдіктерді есептік (қайта тіркеу) тіркеу қызметтері, құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі туралы құқықтық сараптаманы мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүргізеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік корпорацияның мамандандырылған ХҚО-лар қызметіне өзгерістер енді. 1 шілдеден бастап ондағы ІІМ қызметкерлерін Азаматтарға арналған үкіметтің мамандары алмастырады. Көлікті тіркеуге қою/алу, жүргізуші куәлігіне өтініштерді корпорация мамандары қабылдайды, онда жүргізілетін емтихандарды да автоЦОН қызметкерлері өткізеді. Өз кезегінде, барлық қабылданған өтініштер ІІМ-нің арнайы құрылған бэк-офистеріне өңдеу үшін онлайн түрде жіберіліп отырады. Бұл осы саладағы жемқорлық әрекетін тиып, мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі жылдам көрсетілуіне әсер етуі тиіс.
«Бұл ауқымды өзгерістер мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне оң ықпал етуі тиіс. Корпорациямыздың құзырына өткен міндеттердің өсуі – бізге деген сенімнің артқаны деп білемін», — деп атап өтті өз парақшасында Әсемгүл Балташева.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметі
«Азаматтарға арналған үкiмет» екi мыңнан аса әкiмдiк қызметкерлерiн egov.kz электрондық үкiмет порталын пайдалану дағдыларына үйреттi. Олардың барлығы қысқа мерзiмдi курстан өткендiгi туралы сертификаттар мен жаттықтырушы атағын алды. Тыңдаушылар одан әрi аудан әкiмдiктерiнiң қызметкерлерiн, өз қалалары мен облыстарының тұрғындарын тегiн оқытады деп жоспарлануда, осылайша цифрлық сауаттылық сабақтарымен жарты миллион адам қамтылмақ.
Электрондық үкiмет пен е-мемлекеттiк қызметтердi пайдалануды оқыту «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының адами капиталды дамыту жобасы шеңберiнде жүргiзiледi.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқармасының төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мемлекеттiк корпорацияның тiкелей қатысуымен азаматтарды цифрлық сауаттылыққа оқыту мақсатында «Электрондық үкiмет және электрондық мемлекеттiк қызметтер» тақырыбында арнайы оқу бағдарламасы әзiрлендi.
«Бiз ақпараттық технологиялар ғасырында өмiр сүрiп жатырмыз. Сондықтан, уақыт өте келе, электрондық қызметтердi алудың жаңа тәсiлдерiн игеру маңызды. Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорация өзiнiң кең инфрақұрылымы арқасында азаматтарға мемлекеттiк қызметтердi өз бетiнше алудың маңыздылығын жеткiзiп қана қоймай, оларды пайдаланудың оңай жолдарын үйретiп, қызметтердiң барлығына бiрдей қол жетiмдiлiгiн көрнекi түрде көрсетiп келедi. Және бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бередi», — дедi Балташева.
Оқыту барысында жаттықтырушыларғамемлекеттiк қызметтердi алудан басқа базалық цифрлық дағдылар, электрондық сауда, ақпараттық қауiпсiздiк негiздерiне үйретiп, «Ашық үкiметтiң» пайдасы туралы айтылды. Сонымен қатар, қысқа мерзiмдi курстарда кемiнде жарты миллион қазақстандық цифрлық дағдыларын жоғарылатпақ.
Айта кету керек, 2018 жылы мемлекеттiк корпорация мамандары жергiлiктi әкiмдiктердiң үш мыңнан асақызметкерiн оқытып, ал олар өз кезегiнде 600 мыңнан аса адамды цифрлық дағдыларға үйреткен болатын.
Естерiңiзге сала кетейiк, бүгiнде барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы электрондық қызмет көрсету орталықтарында (цифрлық ХҚКО) тақырыптық сабақтар өтетiн оқыту сыныптарыжұмыс жасайды. Мұнда бiлiмiн жетiлдiрген азаматтарға электрондық сертификаттар табысталады. Үстiмiздегi жылдың 5 айында цифрлық ХҚКО-ларда барлығы 167 мыңнан аса сертификат берiлдi.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бала туылуына байланысты проактив тәсiлмен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер тiзiмiне мекенжай бойынша тiркелу қызметiн қосты. Бұл қызмет мемлекеттiк корпорацияның бастамасымен ҚР IIМ мен Әдiлет министрлiктерi базаларының интеграциялануы нәтижесiнде жүзеге асып отыр.
Ендi жаңа босанған әйелдерге баланың туу туралы құжатын жасатып, балабақша кезегiне тұру және жәрдемақы алуға ұсыныс бiлдiретiн смс-хабарламамен бiрге жаңа туған сәбидi мекенжай тiркеуiне қоюға мүмкiндiк беретiн хабарлама қоса жолданады.
«Проактив тәсiлi азаматтарға ешқайда шықпай-ақ мемлекеттiк қызметтердi алуға мүмкiндiк бередi. Жаңа технологиялар ендi ғана сәбилi болған ата-анаға ХҚО-ға бармай, баланың бар құжаттарын реттеуге көмектеседi. Керегi — телефонға келген смс-ке жауап беру ғана», — дейдi мемлекеттiк корпорацияның төрайымы Әсемгүл Балташева.
Ереже бойынша дүниеге келген сәбидiң ата-анасының бiрiне екi апта iшiнде мекенжай тiркеуiне тұру жөнiнде смс-ұсыныс жолданады. Сұраққа оң жауап берiлген жағдайда баспана иесi өз мекенжайының тiркеу кодын енгiзуi тиiс. Пәтер не үй баланың ата-анасының атында болмаған жағдайда баспана иесiнiң ЖСН-i қоса жолданады. Бұл ретте, проактив тәсiлмен жолданатын смс-тердi алу үшiн баланың ата-анасының бiрi мiндеттi түрде мобильдi азаматтар базасында тiркелуi керек.
Айта кетейiк, 1,5 жыл бұрын iске қосылған проактив тәсiлiмен 70 мыңнан астам баланың туу туралы құжаты берiлiп, 13 мың бөбек балабақша кезегiне тұрғызылды.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi
2019 жылғы 1 шiлдеден бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға тағайындалатын жәрдемақы мен бала кезiнен I топтағы мүгедекке күтiм көрсететiндерге берiлетiн жәрдемақы көлемi өседi.
«Нұр-Отан» партиясының XVIII съезiнде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасына сәйкес, мүгедектiгi бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берiлетiн жәрдемақы көлемi 30% өсуi тиiс.
Бүгiнде мүмкiндiгi шектеулi балалары бар отбасылар күн көрiс көлемiнiң 1,05 мөлшерiнде 31 183 теңге жәрдемақы алып отыр. 1 шiлдеден бастап оның көлемi 10 395 теңгеге өсiп, 41 578 теңгенi құрайтын болады. Айта кетейiк, елiмiзде аталған екi жәрдемақы түрi 95 мыңнан астам адамға тағайындалған. Олардың 82 мыңға жуығы мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар болса, 13 мыңнан астамы бала кезiнен I топтағы мүгедектерге күтiм көрсететiндер.
Жылдың ортасынан бастап көлемi өсiрiлетiн жәрдемақының қайта есептелуiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бөлiмшелерi мен Еңбек комитетiнiң аймақтық департаменттерi автоматты түрде жүзеге асырады, бұл үшiн жәрдемақы алушылар қосымша құжат тапсырмайды.
Жәрдемақы төлемдерiн тағайындау шiлденiң және келесi әрбiр айдың 1-нен 15-не дейiн жұмыс күндерi жүргiзiледi.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi
2019 жылдың төрт айында халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық пен қорғаншылықты белгiлеу» мемлекеттiк қызметi бойынша 402 қызмет көрсетiлдi.
Қамқоршылық пен қорғаншылыққа алу — жетiм және қамқорсыз қалған балаларды асырап алу мен патронатқа алудан мүлiктiк құқықтардың болуымен өзгешеленетiн бала алу формасы. Елiмiздiң заңнамасы бойынша ата-анасы бас тартқан немесе ата-ана құқығынан айырылу салдарынан, сондай-ақ ата-анасы қайтыс болып, жетiм не қамқорсыз қалған балалар қамқорлыққа алынады. Көп жағдайда баланың туысқандары қамқоршы атанып жатады, алайда туыстық қатынасы жоқ балаларды да қамқорлыққа алуға болады.
Баланы қамқорлыққа алатын азамат мемлекеттiк корпорацияның фронт-офисiнiң бiрiне келесi құжаттарды тапсыруы тиiс:
Айта кетейiк, соттылығы бар, табысы аз не болмаса денсаулық жағдайы келмейтiн азаматтар баланы қамқоршылыққа ала аламайды.
Соңғы жылдары жетiм не қамқорсыз қалған балаларды қамқорлыққа алу көрсеткiшiнiң оң динамикасы байқалады. 2017 жылы қамқорлыққа алу бойынша 1069 мемлекеттiк қызмет көрсетiлсе, 2018 жылы фронт-офистер арқылы 1600 қызмет рәсiмделген.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жылжымайтын мүлiк нысандарын мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау жұмыстарын жүргiзетiн мамандары жыл басынан берi 102 мың мемлекеттiк қызмет көрсеттi. Оның iшiнде жылжымайтын мүлiктiң техникалық паспортын, оның көшiрмесiн беру қызметтерi бар.
Жылжымайтын мүлiк санатына жаңадан салынған және қолданыстағы үй-жайлар мен түрлi мақсаттағы ғимараттар, өзге де құрылыс нысандары жатады. Олардың техникалық сипаттамаларын құжаттандыру үшiн мамандар жылжымайтын мүлiктiң өлшемдерiн өлшеп, ғимараттардың әрбiр қабатының жоспарын сызады. Жұмыс барысында нысанның техникалық жағдайы ескерiлiп, құрылыста пайдаланылған материалдар сипатталады. Барлық жиналған ақпарат бойынша мәлiмет топтастырылып, техникалық паспортқа енгiзiледi.
Бүгiнде техникалық паспортты алу үшiн өтiнiмдi egov.kz порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берiп, өлшеу жүргiзетiн техник маманды мекенжай бойынша шақыртуға болады. Техникалық паспорт жасату үшiн келесi құжаттар тiзiмi қажет: жеке куәлiк, жер учаскесiнiң сәйкестендiру құжатымен қоса нысанның құқық белгiлейтiн құжаты және қызмет үшiн төлемнiң жүргiзiлгенi жөнiндегi түбiртек. Жыл басынан берi төрт ай iшiнде 85 мыңға жуық техникалық паспорт ХҚО, 3 900-ден астамы электронды портал арқылы жасалып берiлдi.
Жылжымайтын мүлiк нысанының техникалық паспортын әзiрлеу уақыты мүлiк түрiне қарай әр түрлi мерзiмдi құрайды. Мысалы, пәтерлер мен жатақханадағы бөлмелерге құжат үш жұмыс күнi аралығында берiледi. Үйлер, гараждар, саяжайлардың техпаспорты жетi жұмыс күнi iшiнде әзiрленедi. Ал ауданы 1000 м2 дейiнгi нысандардың құжаты он күнде, 1000 м2 асатын жылжымайтын мүлiк техпаспорты жиырма жұмыс күнi аралығында дайын болады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ
Смартфондағы telegram қосымшасы арқылы мемлекеттiк қызметтер мен сервистердi қолжетiмдi еткен @egovkzbot қызметiне бiр жыл толды. Осы мерзiм аралығында аталмыш бот көмегiмен 534 мың қызмет көрсетiлдi.
Қолданушылар арасында танымал болған телеграм-бот 25 түрлi мемлекеттiк қызмет пен сервистердi алуға мүмкiндiк бередi. Жиi сұралатын анықтамалардың iшiнде мекенжай, соттылықтың болмауы, психиатриялық, наркологиялық диспансерлердiң анықтамалары бар. Бұған қоса кез келген азамат зейнетақы қорындағы салымы туралы ақпарат алып, өз үйiнде тiркелгендердiң тiзiмiн қарай алады. Egovkzbot-тағы сервистер арқылы дәрiгердiң қабылдауына жазылып, борышкерлер тiзiмiнде бар-жоғын тексерiп, бос жұмыс орындарын қарауға болады.
Egovkzbot-ты қолдану үшiн азаматтар мобильдi азаматтар базасында тiркелуi тиiс. Бұл үшiн кез келген ХҚО-ға жүгiнуге болады. Айта кетейiк, бiр жыл iшiнде онлайн қызметтер ботын пайдаланып үлгергендердiң саны 320 мыңнан асты.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
КЕАҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2019 жылдың алғашқы төрт айында 1,1 млн. аса азаматты мобильдi азаматтар базасына тiркедi. Осылайша аталмыш базаға тiркелген қазақстандықтардың саны 6,8 миллионға жуықтап отыр.
Мобильдi азаматтар базасына тiркеу ерiктi түрде жүргiзiледi, мұнда азаматтардың жеке сәйкестендiру нөмiрi мен ұялы телефон нөмiрi байланыстырылып, базаға енгiзiледi. Бұл арқылы дерекқорда жеке мәлiметтерi бар адамдар халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, бiрнеше мемлекеттiк қызмет пен сервистi онлайн түрде ала алады. Мәселен, базаға тiркелгендер egov.kz порталының құпиясөзiн ұмытқан жағдайда, ұялы телефондарына бiрретiк құпиясөзге сұрау жiбере алады. Смартфондағы mgov.kz қосымшасының 81 түрлi қызметiн қолдана алады. Жаңа босанған аналар проактивтi қызмет аясында, бала туылған шақта жiберiлген смске жауап беру арқылы туу куәлiгi мен жәрдемақының тағайындалуына өтiнiш берiп, бөбектi балабақша кезегiне қоя алады. Сонымен қатар базаға тiркелген азаматтар telegram-дағы egovkzbot көмегiмен 25 қызметтi емiн-еркiн қолдана алады. Бұл сервис ұялы телефон арқылы мекенжай, соттылықтың болмауы, диспансерлердiң есебiнде тұрмау туралы, жылжымайтын мүлiктiң болу/болмауы сияқты бiрқатар анықтаманы алып, дәрiгер қабылдауына жазылуға, ХҚО кезегiн онлайн брондауға, айыппұлдардың бар/жоғын тексеруге мүмкiндiк бередi. Аталмыш бот 2018 жылы iске қосылды. Осы уақытқа дейiн оны 300 мыңға жуық адам қолданып, 162 мың рет мекенжай анықтамасын алып үлгердi.
Қазақстандықтар мобильдi азаматтар базасының тiзiмiнде тiркелген/тiркелмегенiн egov.kz порталы арқылы тексере алады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ СҚО
бойынша филиалының баспасөз қызметi
Тел.: 55-10-54
Кезектi еңбек демалысы қарсаңында шетелде демалып, туристiк сапарға шығуды жоспарлаған қазақстандықтар алдын ала борышкерлер тiзiлiмiнде бар/жоғын тексергенi абзал.
Мұны азаматтар бiрнеше тәсiл арқылы тексере алады. Солардың бiрi — Telegram қосымшасындағы @egovKzBot. Бот қызметiн таңдағаннан кейiн пайдаланушы «Борышкерлер тiзiлiмi және шет елге шығуға тыйым салынулар бойынша тексеру» сервисiне өтiп, жеке сәйкестендiру нөмiрiн енгiзуi қажет. Борышкерлер тiзiлiмiнде болмаған жағдайда, автоматтандырылған ақпараттық жүйе берiлген ЖСН бойынша ешқандай деректердiң табылмағаны жөнiнде хабарлама жiбередi. Бот арқылы сапарға бiрге шығатын туысқандарыңыздың не достарыңыздың да берешегiн тексеруге болады. Керектi ақпарат сұрау жiберiлгеннен кейiн бiрден көрсетiледi.
Айта кетейiк, бiр жыл бұрын iске қосылған @egovKzBot-ты 300 мыңға жуық қазақстандық қолданып үлгердi. Бот қызметiн пайдалану үшiн қазақстандықтар мобильдi азаматтар базасында тiркелуi шарт. Бүгiнде ол базаға 6,8 млн. адам өз мәлiметтерiн енгiзген.
Сонымен қатар электронды цифрлық қолтаңба иелерi egov.kz порталындағы жеке кабинетi арқылы айыппұлдардың барын тексерiп, берешек анықталған жағдайда, портал арқылы қарызын өтей алады.
Естерiңiзге салайық, Қазақстан аумағынан тыс жерге шығуға шектеу салықтар, айыппұлдар немесе басқа адамдар алдында сотқа жүгiнуге дейiн апарған қарыздар, алименттер, сонымен қатар коммуналдық қызметтер бойынша берешектерi барларға қойылуы мүмкiн.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕАҚ баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру үшiн келетiн азаматтардың саны күрт өскенiн хабарлайды.
Осы орайда, азаматтар жүргiзушi куәлiктерiн (ЖК) мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкiмет порталы арқылы ауыстыра алатынын естерiңiзге саламыз. Бұл әдiс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлiгiнен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкiндiк бередi.
Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру қызметiн алу оңай әрi жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кiрiп, электрондық өтiнiштi толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Өтiнiшпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суретi де жолданады. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң (мобильдi азаматтар базасына тiркелген жағдайда хабарлама SMS түрiнде келедi) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады.
Бөлiмге барғанда, ауыстыратын ЖК, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, өтiнiш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чектi ұсыну қажет. Айта кетсек, жүргiзушi куәлiгiнiң баж салығы бұрынғыдай 1,25 АЕК, яғни 3 006,25 теңгенi құрайды.
Егер ЖК мерзiмi өтiп кетсе, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.
Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру қызметiн биыл жыл басынан берi 1097 солтүстiкқазақстандық пайдаланған.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша Баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2017 жылдың желтоқсанында үш мемлекеттiк қызметтi бiр ғана смс хабарламаның көмегiмен алуға болатын проактив қағидасын енгiзген болатын.
Пилоттық жоба iске қосылғалы берi жаңа босанған жүз мыңнан астам анаға смс құттықтау жолданып, проактив тәсiлiмен баланың туу туралы куәлiгiн алу ұсынылды. Олардың 63 330 бiр мемлекеттiк қызметке тапсырыс берiп, сәбилерiнiң алғашқы құжатын онлайн өтiнiш берiп алды.
Айта кетейiк, пилоттық жоба шеңберiнде нәрестелi болған әйелдер смс хабарламаға жауап беру арқылы баланың туу туралы куәлiгiн рәсiмдеп, жәрдемақы алуға өтiнiш жолдап, баланы балабақша кезегiне қоя алады.
«Ендi ғана босанған әйелдерге халыққа қызмет көрсету орталығына бiрнеше рет барудың қажетi жоқ. Бұрын аналар бесiгiндегi баласын қалдырып, не оларды құндақтап ХҚО-ға келiп жүретiн. Цифрландыру заманында проактив әдiсi арқылы барлығын онлайн жүйелер арқылы жүзеге асыруға болады. Оны пайдалану үшiн аналар босанбас бұрын мобильдi азаматтар базасында тiркелуi тиiс», — дейдi мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.
Бүгiнде проактив әдiсi телеграм қосымшасындағы арнайы бот арқылы да қолжетiмдi. Мобильдi базаға тiркелген азаматшалар ұялы телефонының көмегiмен өздерi де жоғарыда аталған үш қызметке тапсырыс бере алады. 2018 жылдың қыркүйегiнде iске қосылған бот қызметiне 5,5 мыңға жуық әйел жүгiнген, олардың 4 842 балаларының туу куәлiгiн рәсiмдеген.
«Азаматтарға арналған үкiмет» КЕАҚ
баспасөз қызметi
Бүгiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жер кадастры бойынша 37 қызмет түрiн көрсетедi. Оның iшiне жер аумағын, құрылымын, топырақ құрамын анықтау бойынша жұмыстар кiредi. Бұлардың қатарындағы төртеуi мемлекеттiк қызметтер. Атап айтқанда, жер учаскелерiнiң кадастр құнын анықтау, жер телiмiнiң сәйкестендiру құжаттарын әзiрлеу және беру, мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн ұсыну және жобаланатын жер учаскесiн келiсу сияқты қызметтер мемлекеттiк корпорацияның облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы филиал қызметкерлерiмен атқарылады.
«Бүгiнде бiз бiрыңғай мемлекеттiк жылжымайтын мүлiк кадастры жобасын әзiрлеп жатырмыз. Ол бiрнеше ақпараттық база мәлiметтерiн бiрiктiрiп, мемлекеттiк қызметтердiң сапалы көрсетiлуiне ықпал етедi. Жер кадастры бойынша мәлiметтер неғұрлым дәл болу үшiн бiз ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алдық. Ол жердiң 1:10 000 рұқсаттағы цифрлық карталарын әзiрлеуге көмектеседi. Себебi қазiрде әуеден түсiрiлген бiрнеше сантиметрге дейiнгi нақты карталар жоқтың қасы», — деп атап өттi мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов жерге орналастырушылардың кәсiби мерекесiне орай ұйымдастырылған салтанатты жиын барысында.
Бүгiнде жерге қатысты мәлiметтер базасы GPS, спутник навигаторы, қашықтан зондтау және геоақпараттық жүйелер сияқты цифрлық технологиялардың көмегiмен жасақталуда.
Мемлекеттiк корпорация ұшқышсыз ұшу аппаратының екi данасын қолданысқа енгiзiп, оларды басқара алатын мамандарды арнайы оқытады.
Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен арнайы бағдарламалардың көмегiмен жердiң 2D, 3D модельдегi карталарын әзiрлеуге болады. Әуеден түсiрiлген суреттер цифрлық форматтағы топографиялық карта мәлiметтерiн жылдам жаңартып отыруға көмектеседi. Түсiрiлiм барысында жердiң географиялық координаттары бiрден ескерiлiп, жер бедерiнiң ерекшелiктерi нақты жазылады.
2018 жылы наурыз айының екiншi сенбiсi жерге орналастырушы, геодезия және картография мамандарының кәсiби мерекесi деп белгiленген. Биыл екiншi рет атап өтiлiп жатқан мереке қарсаңында мемлекеттiк корпорация төрағасы әрiптестерiн кәсiби мейрамымен құттықтап, еңбектерiне табыс тiледi. «Былтырғы жылы корпорациямыз мемлекет тапсырысы бойынша 7 млн. га. аумақта топырақ құрамын зерттеп, дәл сонша мөлшердегi аумақтың электронды картасын әзiрледi. 10 млн. га. жерге мониторинг жүргiздi. Елiмiз цифрлық технологияларға бетбұрған заманда жер кадастры сияқты саланың да электронды форматқа ауысуы заңды. Осы жұмысты сапалы атқаруға шақырамын. Қызметтерiңiз жемiстi болып, жетiстiктерге жете берулерiңiздi тiлеймiн», — дедi А. Оспанов.
Анықтама: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы құрамында жер кадастры бағыты бойынша 2 мыңға жуық қызметкер жұмыс iстейдi.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметi
22 ақпан 2019 ж. Петропавл қ.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Елбасының 2015 жылы қабылдаған Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнiндегi 100-шi қадамды орындады. Оған сәйкес, Канада мен Австралияның үлгiсi бойынша мемлекеттiк қызметтердiң бiрыңғай провайдерiне айналатын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын құру тапсырылған болатын. 2016 жылдың сәуiрiнде жұмысын бастаған корпорация халыққа қызмет көрсететiн барлық орталықтарды бiр жүйеге интеграциялап, мемлекеттiк қызметтердi бiр жерден алу мүмкiндiгiн жасады. Сондай-ақ ұлт жоспарында мемлекеттiк қызметтi сапа менеджментi ISO 9000 сериясына сәйкес халықаралық сертификаттаудан өту мiндетi қойылған болатын.
Бұл тапсырманы орындау мақсатында 2017-2018 жылдары сапа менеджментi жүйесiнiң халықаралық стандарт қағидаттарын енгiзу, қызметкерлердi оқыту жұмыстары жүргiзiлiп, корпорация қызметi бiрiздендiрiлдi.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, сапа менеджментiнiң халықаралық сертификатын алу — көрсетiлетiн қызмет деңгейi өскенiнiң дәлелi. «Бiздiң басты мiндетiмiз — қызмет алушының көңiлiнен шығып, бар сұранысын өтеу. Корпорациямызға жүгiнетiн кез келген азамат сапалы қызмет алуы тиiс. Бiз бұл бағыттағы жұмысты үнемi жетiлдiрiп отыратын боламыз», — дейдi корпорация төрағасы.
«Азаматтарға арналған үкiметтiң» ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сай келуiн тексеру мақсатында сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаттау аудитiн TUVThuringen Е.V. компанисы (Германия) жүргiздi.
Халықаралық стандарт талаптарына жауап беру — мемлекеттiк қызметтердi онлайн форматқа ауыстыруға қатысы бар бизнес-процестердi үнемi жетiлдiрiп отыруға мүмкiндiк бередi. Бұл Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметiне жүгiнетiн халық санын азайтуға, корпоративтi және сервистiк мәдениет деңгейiн көтеруге, сондай-ақ корпорация қызметкерлерiнiң құзыреттiлiгiн дамытуға ықпал етедi.
Басқарма төрағасына ISO 9001:2015 сертификатын аудит жүргiзген TUVThringen Е.V. компаниясының атынан Роман Карякин («Интерсертифика-Тюф ЖШС директоры) табыс еттi.
«Азаматтарға арналған үкiмет» КЕАҚ СҚО
бойынша филиалының баспасөз қызметi
21 ақпан Петропавл қ.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы халықтың цифрлық сауатын арттыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Бүгiнде азаматтарға электронды үкiмет порталы арқылы мемлекеттiк қызметтердi алуды оқытатын цифрлық ХҚО елiмiздiң барлық облысында ашылған. Бұған қоса халыққа қызмет көрсету орталықтарында смартфон арқылы мемлекеттiк қызметтердi алуды үйрететiн аймақтар ашылып жатыр.
ХҚО мамандары қызмет алушылардың телефондарына telegram мен Mgov қосымшаларын орнатып беруге көмектесiп, түрлi анықтамалар мен қызметтердi алу ретiн түсiндiрiп беруде.
Бүгiнде Telegram қосымшасындағы Egovkzbot арқылы 24 қызмет қолжетiмдi. Жүйе iске қосылған сегiз айдың iшiнде 140 мың адам оны қолданып үлгерiп, 160 мың рет түрлi анықтамаға өтiнiш берген. Мэссенджер қолданушылары 60 мың рет мекенжай, 20 мың рет соттылықтың болу/болмауы туралы анықтамаларды сұратқан. Өз кезгiнде, Mgov қосымшасы арқылы 90 мемлекеттiк қызметтi онлайн тәртiпте алуға болады. Смартфон иелерi бұл қосымшаны былтыр 1,3 млн. рет жүктеп, 3,6 млн. қызмет алған.
«Онлайн болу — заман талабы. Қалтаңыздағы смартфон халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, сұранысқа ие мемлекеттiк қызметтердi жылдам алуға көмектеседi. Көрсетiлетiн электрондық қызметтер санының артуына байланысты мемлекеттiк корпорация халық арасында қызметтердi онлайн алуды үйрететiн шаралар өткiзiп, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруда. Бұл қосымшаларды пайдалану үшiн мобильдi азаматтар базасында тiркелу мiндеттi. Оны ХҚО қызметкерлерi жүзеге асырады. Тәртiп бойынша қызмет алушының жеке сәйкестендiру нөмiрi мен ұялы телефоны байланыстырылып, базаға енгiзiлуi тиiс», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.
Айта кетейiк, осы уақытқа дейiн электронды үкiмет порталын өз бетiнше пайдалану дағдыларын 8 миллион қазақстандық игерген. Оған қоса, мемлекеттiк корпорация мамандары жергiлiктi әкiмдiктердiң 3,5 қызметкерiне egov.kz порталын пайдалануды үйретiп, олар өзге 686 мың азаматты оқытқан.
Бұдан бөлек, мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi апта сайын емхана, әскери бөлiм, жоғары оқу орындары мен өзге де мекемелерге барып, қосымшаларды пайдалану ретiн үйретiп отырады.
Анықтама: Бүгiнде реестрдегi 752 мемлекеттiк қызметтiң 506-сы, яғни 67% электрондық форматта қолжетiмдi. Жыл өткен сайын электрондық жолмен көрсетiлетiн қызмет саны өсiп отырады, 2020 жылы оның үлесi 90% құрауы тиiс. Айта кетейiк, бүгiнде халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейi 77% жеттi. 2022 жылға қарай оны 83% дейiн арттыру көзделген.
«Азаматтарға арналған үкiмет» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi
20 ақпан 2019 ж. Петропавл қ.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының миграциялық ХҚО-сы арқылы көрсетiлетiн қызметтер саны толыға түстi. Ендi Қазақстан Республикасына уақытша келетiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар көшi-қон қызметтерi орталығының қызметiне жүгiне алады. Бұған дейiн бұл қызмет тек ҚР IIМ көшi-қон комитетi тарапынан көрсетiлетiн.
18 ақпаннан бастап көрсетiле бастаған жаңа қызмет түрiн пайдалану үшiн шетелдiк азаматтың өзiмен бiрге келесi құжаттары болуы тиiс:
Қызмет алушылар ҚР аймағына 6 айдан артық мерзiмге келетiн болса, қосымша толтырылған 2 мекенжайға келу парағын, келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талоны мен 3,5*4,5 көлемiндегi бiр фотосурет тапсыруы керек.
Миграциялық ХҚО арқылы шетелдiктер бiр күннiң iшiнде тiркеуге тұра алады. Мұндай орталық мемлекеттiк қызметтердi жылдам әрi еш кедергiсiз алуға мүмкiндiк бередi, жемқорлық әрекетiне жол бермейдi.
Жаңадан қосылған қызметтен бөлек, мұнда шетелдiктер жұмыс iстеуге рұқсат беретiн құжатты алып, ҚР аумағына уақытша келетiндер жеке сәйкестендiру нөмiрiн рәсiмдей алады. Естерiңiзге сала кетейiк, елiмiздiң 13 қаласында көшi-қон қызметтерiнiң орталығы жұмыс iстейдi. Тағы төрт (Павлодар, Өскемен, Тараз, Түркiстан обл.) Миграциялық ХҚО жыл соңына дейiн ашылатын болады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бастамасымен информатика пәнi бағдарламасына «электрондық үкiмет порталы» бөлiмдерi енгiзiледi. Мемлекеттiк корпорацияның бұл ұсынысын ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi қолдап, тиiстi бұйрыққа Ерлан Сағадиев қол қойды. Осылайша, 11-сынып оқушыларының оқу бағдарламасына қажеттi өзгерiстер ендiрiледi.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес, орта, техникалық және жоғары кәсiби бiлiм беру ұйымдарында цифрлық сауаттылықты арттыру қажет. Балалар мектеп жасынан-ақ цифрлық технологиялардың тiлiн түсiнiп, түрлi электрондық жүйенi қолдануды үйренуi тиiс. Осы орайда, 11-сынып оқушылары ақпараттық технологиялар мен ондағы қауiпсiздiк сабақтары аясында электронды үкiмет порталының жұмыс iстеу алгоритiмiн бiлiп, электрондық құжаттар, цифрлық қолтаңба сияқты терминдермен танысып, мемлекеттiк қызметтердi электрондық форматта алу үрдiсiн үйрене алады.
«Орта есеппен жыл сайын мектептi 140 мың оқушы тәмамдайды десек, мемлекеттiк қызметтердi ХҚО-ға бармай-ақ алуды бiлетiн «цифрлық» ұрпақ саны жыл өте көбейiп отырады. Оның үстiне, ол балалар ата-аналарына, ата-әжелерiне электронды үкiмет порталын қолдануға көмектесе алады. Бұл халық арасында цифрлық сауаттылық көрсеткiшiнiң артуына, сөзсiз, әсер етедi», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.
Айта кетейiк, бүгiнде елiмiздiң 16 өңiрiнде ашылған Цифрлық ХҚО арқылы тегiн «Цифрлық сауат ашу» курстарына қатысып, электрондық үкiмет порталымен жұмыс iстеу дағдыларын үйренуге болады. Осы күнге дейiн 5 мыңнан астам адам аталмыш курстардан өтiп, тиiстi сертификаттар алған. Оған қоса, 2018 жылы мемлекеттiк корпорацияның ұйымдастыруымен «Электрондық үкiмет және электрондық мемлекеттiк қызметтер» курсынан жергiлiктi атқарушы органдардың 3500 өкiлi өттi. Олар, өз кезегiнде, жаттықтырушы мәртебесiн алып, алған бiлiмдерiн 686 мың азаматқа үйреттi.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
07.02.2019 ж.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Telegram — @EgovKzBot мессенджерiнде 4 қызмет пен сервистiң iске қосылғанын хабарлайды.
Ендi боттың көмегiмен азаматтар:
Онлайн режимiнде ақпарат алу механизмi өте қарапайым және азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейдi.
Азаматтарға өз гаджетiнде Telegram мессенджерiнде қызметтер мен сервистердi пайдалану үшiн «Мобильдi азаматтар базасында» тiркелу қажет, яғни порталдың жеке кабинетiнде өз телефон нөмiрiн байлау қажет eGov.kz ескерту. Бұдан әрi бот-та iске қосуды жүзеге асыру (iздеу жолына @EgovKzBot деп енгiзу). Алдын ала анықталған командаларды жiберу арқылы қажеттi қызметтер мен сервистi таңдау, қажеттi деректердi енгiзу және мобильдi нөмiрге жiберiлген бiр реттiк паролдi енгiзу арқылы қызметтер мен сервистi алуды растау.
Бүгiнгi күнi Telegram-бот арқылы қолжетiмдi қызметтер мен сервистер саны 24 автоматтандырылған мемлекеттiк қызметке жеттi.
Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн жоғарыда көрсетiлген қызметтер мен сервистердi алу мүмкiндiгi электрондық үкiмет порталында ұсынылған болатын eGov.kz ескерту.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
55-10-54
Елiмiздiң 11 облысы бойынша 19 аудандық және 3 қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы аймақ тұрғындары жүргiзушi куәлiгiн ауыстыра алды. Онда көлiктi тiркейтiн және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру жұмыстарымен айналысатын аудандық әкiмшiлiк полицияның тiркеу-емтихан алу бөлiмiнiң мамандары қызмет көрсетедi. 2018 жылы аталған аудандық ХҚО-лар арқылы 12 мыңдай көлiк жүргiзушiсiнiң куәлiгi берiлген.
Бұл секторлар арқылы азаматтар мерзiмi бiтуге таяу жүргiзушi куәлiгiн жаңасына алмастыра алады, бұл ретте тиiстi емтихандарды тапсырып, медициналық тексерiстен өтудiң қажетi жоқ. Аймақ тұрғындары көлiк жүргiзу құжатын жоғалтқан жағдайда аталған ХҚО-ларда уақытша құжат ала алады. Оның жарамдылық мерзiмi 1 ай, кейiн «жоғалғанның орнына» белгiсiмен жаңа көлiк жүргiзу куәлiгi берiледi.
Бұл ретте көлiк жүргiзу құқығынан айырылған тұлғалар жүргiзушi құжатын қалпына келтiру үшiн тиiстi емтихандарды тапсыру керектiгiн еске саламыз.
Сондай-ақ астаналық көлiк иелерiнiң назарына жүргiзушi куәлiгiн мамандандырылған ХҚО-дан бөлек Тәуелсiздiк даңғ., 32 мекенжайындағы ХҚО-да алмастыруға болатынын хабарлаймыз.
Бұдан бөлек, көлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн онлайн ауыстыру қызметiнiң электрондық үкiмет порталы арқылы жүзеге асыруға болатынын еске саламыз. Бұл үшiн көлiк жүргiзушiсiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы шарт. Портал арқылы өтiнiшпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суретi де жолданып, баж салығы төленедi. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң, (мобильдi азаматтар базасына тiркелген жағдайда хабарлама SMS түрiнде келедi) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын жүргiзушi куәлiгiн алып кетуге болады.
Жүргiзушi куәлiгiн ауыстыруға болатын аудандық ХҚО мекенжайлары
Облыс атауы | Аудан атауы | Облыс атауы | Аудан атауы |
Алматы облысы | Еңбекшіқазақ ауданы | Қызылорда облысы |
Қазалы ауданы |
Ақмола облысы | Есіл ауданы | Жалағаш ауданы | |
Ақкөл ауданы | Арал ауданы | ||
Степногорск қаласы | Жаңақорған ауданы | ||
Жамбыл облысы | Сарысу ауданы | Қармақшы ауданы | |
Талас ауданы | Шиелі ауданы | ||
ШҚО | Жарма ауданы | Павлодар облысы | Ақсу қаласы |
БҚО | Қазталов ауданы | СҚО | Тайыншы ауданы |
Бөрілі ауданы | Маңғыстау облысы | Бейнеу ауданы | |
Қарағанды облысы | Қарқаралы ауданы | Түркістан облысы | Түркістан қаласы |
Осакаров ауданы | Сайрам ауданы |
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiметтiң» әлеуметтiк сала бойынша кеңес беретiн 1411 тегiн нөмiрiне қоңырау шалу арқылы мүгедектiгi бар балаларды тәрбиелеп отырғандар псилохологиялық көмек алу кезегiн брондай алады.
Мүгедектiгi бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық кеңес беретiн онлайн қолдау қызметiн құру жөнiндегi әрiптестiк келiсiм ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы және Қазақстан-Ресей медицина университетiнiң арасында 2015 жылы жасалған.
Онлайн қолдау қызметi құрылғалы берi барлық аймақтан 2,4 мың өтiнiш келiп түскен. Қоңыраулардың денi Алматы, Атырау және Түркiстан облыстарына тиесiлi.
1411 байланыс орталығына хабарласқандар онлайн көмек алу уақытын белгiлеп, кезекке тұрады. Медицина университетiнiң мамандарымен байланыс «Skype» бағдарламасы арқылы жүзеге асады, ол үшiн белгiленген уақытта krmu1411 аккаунтына онлайн қоңырау шалу қажет.
Мүмкiндiгi шектеулi балалардың ата-аналарына психологиялық көмектi медицина университетiнiң психиатрия, жалпы медициналық психология және педагогика кафедраларының кәсiби мамандары бередi.
Психологтардың қызметiне жүгiну — балаларды тәрбиелеу және оқыту бағдарламаларын таңдау бойынша ақылы мамандардың қызметiн төлей алмайтын және кәсiби мамандардың қабылдауына бара алмайтын шалғайдағы елдiмекендерде тұратын ата-аналар үшiн жақсы мүмкiндiк.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2019 жылы елiмiздегi мемлекеттiк қызмет көрсетiп жатқан 152 фронт-офис қызметiн трансформацияламақ.
Бүгiнде республика бойынша халыққа қызмет көрсетушi 326 фронт-офис бар. Азаматтардың электрондық қызметтердi пайдалану деңгейiн арттыру мақсатында мемлекеттiк корпорация 60/40 жаңа қағидатына сәйкес, фронт-офистерде кеңауқымды трансформациялауды бастады.
«60/40 қағидаты фронт-офистегi жұмыс аймағының 40% қызмет көрсететiн операторларға тиесiлi екенiн, ал азаматтардың қызметтердi өз бетiнше алу аймағы — Connection point пен қоғамдық қолжетiмдi пункттердiң үлесi 60% жететiнiн меңзейдi. Осылайша, бiз болашақта қызмет алушылардың осы принцип бойынша анықтамалар мен басқа да керектi құжаттарды өздiгiнен алуын қамтамасыз етпекпiз», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.
Аталған қағидат бойынша елiмiзде бүгiнде 174 фронт-офис қызмет етедi. Нәтижесiнде азаматтардың 2018 жылы өз бетiнше алған қызметтерiнiң саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 млн. артып, 12 млн құрады. Бұл көрсеткiштiң өсуiне электрондық үкiмет порталында жұмыс iстеу және электрондық қызметтердi пайдалану дағдыларына 8 млн астам азаматтың үйретiлуi де әсер еткен.
Айта кетейiк, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы 2018 жылы 31,9 млн. қызмет көрсетiлдi, оның 16 млн электрондық форматта.
Анықтама: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы мемлекеттiк қызметтер реестрiнде қамтылған 741 қызметтiң 598-i қолжетiмдi. Мемлекеттiк қызметтердiң көрсетiлуiн 326 фронт-офис, 6 секторы бар 16 мамандандырылған ХҚО (оның iшiнде 4 сектор Алматыда және 2 сектор Түркiстан облысында), 70 мобильдiк ХҚО және Қазпоштаның 1656 бөлiмшесi қамтамасыз етедi.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2018 жылғы 12 желтоқсанда биометрия жобасын iске қосты. Бiр ай iшiнде деректер базасына тiркелiп, мәлiметтерiн қалдырған азаматтардың саны 1473-ке жеттi.
Үкiмет үйiнде өткен брифинг барысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов: «Бүгiнде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы белсендi жүргiзiлуде. Бұл ретте, бiз мемлекеттiк қызметтердi алу процесiн жеңiлдету үшiн қызмет алушылардың жеке басын растаудың жаңа механизмiн iске қостық. Биометрия — жеке мәлiметтердiң ақпараттық қауiпсiздiгiн күшейтуге көмектесетiн құрал», — деп атап өттi.
Биометрия жобасы шеңберiнде мемлекеттiк қызметтердi көрсету барысында азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаты не электрондық цифрлық қолтаңбасы қажет емес. Бұл үшiн бет-бейне скан көшiрмесi немесе саусақ iздерiнiң болуы жеткiлiктi. Бұл деректердi азаматтар Астана қаласының 3 және Алматы қаласының 1 халыққа қызмет көрсету орталығында қалдырып, мәлiметтер базасына енгiзе алады.
Мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, биометрия өз бетiнше алынатын қызметтер санының артуына, қызметтердi алу кезiнде бөгде азаматтардың қатысуын болдырмауды қамтамасыз етедi.
Биометрия жобасының шеңберiнде азаматтарға 52 мемлекеттiк қызметтiң көрсетiлуi қарастырылуда. Олардың екеуi — мекенжай және жылжымайтын мүлiктiң болу/болмауы жөнiндегi анықтамалар қазiрдiң өзiнде қолжетiмдi.
Айта кетейiк, биометрия базасы қаржы, коммерциялық қызмет көрсету және қауiпсiздiк салаларында, сондай-ақ ғимаратқа кiру жүйесiнде пайдаланылуы мүмкiн. Шетелдiк тәжiрибеде биометрия әдiсiн Ұлыбритания, Үндiстан, Нидерланд королдiгi ұтымды пайдалануда.
Бiр ай бұрын Астана және Алматы қалаларында енгiзiлген биометрия пилоттық жобасы биыл қыркүйек айына дейiн барлық облыстарда iске қосылады деп жоспарланған.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi
Бүгiн Петропавлда Цифрлық ХҚО ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң басшысы Елена Степаненко, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Мадияр Қожахметжәне «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Серiк Бейсенов қатысты.
Цифрлық ХҚО — бұл «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясыныңқұрған Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа үлгiдегi фронт-офисi. Азаматтар өз бетiнше, операторлардың көмегiнсiз өздерiне қажеттi қызметтердi ала алады. Келушiлердiң мұндацифрлық сауатынарттыру мүмкiндiгi бар. Орталық кiреберiсiнде бөлiм қызметкерi кеңес беретiн ресепшн орналасқан, келушiлер күту секторында жайлы жиһазда отырып, цифрлық қызметтер туралы медиа ақпаратпен таныса алады. Мұнда, сондай-ақ өзiне-өзi қызмет көрсету — ConnectionPoint секторы бар, онда келушiлер өз бетiнше мемлекеттiк қызметтердi ала алады.
«Цифрлы ХҚО — бұл өңiр тұрғындары оператор мамандардың қатысуынсыз өз бетiнше электрондық мемлекеттiк қызметтердi ала алатын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жаңа нұсқадағы фронт-офисi. Цифрлық қызметтер орталығының жұмысы толығымен автоматтандырылған. Азаматтар электрондық цифрлық қолтаңба көмегiмен мемлекеттiк қызметтердi өз беттерiнше алып, керектi анықтамаларды өздерiнiң электрондық поштасына жолдай алады. Ал осы цифрлық қолтаңбаны қолдану тәртiбiн бiлмейтiндер үшiн арнайы цифрлық сауаттылық курстары өткiзiледi», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Серiк Бейсенов.
Анықтама үшiн:
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы 2018 жылы өңiр тұрғындарына 859 мыңмемлекеттiк қызмет көрсеттi, оның 329 мыңы электрондық түрде. Сонымен қатар 2018 жылы аймақта egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы өз бетiнше қызмет алу үшiн 179 мың электрондық цифрлық қолтаңба берiлдi. Цифрлық ХҚОМ.Әуезов көшесi, 157 мекенжайында орналасқан.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөзқызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы фронт-офистерiнде «Тiлектер шыршасын» орнатты. ХҚО-ға мемлекеттiк қызмет алуға келушi кез келген азамат шыршаға iлiнген бала тiлегiн орындап, шатыққа бөлей алады.
Жаңа жыл қарсаңында Мемлекеттiк корпорация бастамасымен аймақтардағы ХҚО-да «Тiлектер шыршасы» орнатылды. Онда тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардың арман-тiлектерi жазылған хаттар iлiнген. «Бұл бастаманы бiз былтыр алғаш рет Алматы мен Астана қалаларында ғана өткiзiп, 60 баланың тiлегiн жүзеге асырдық. Балаға қуаныш сыйлап, армандарын орындауға ниеттi жомарт жандардың көп екенiн бiлемiз, сондықтан бұл шараны биыл бiз барлық облыстағы фронт-офистерде өткiзудi жөн көрдiк. Балалардың сұрататындары өте қарапайым дүниелер. Сыйлықты әперушi азамат бүлдiршiндi шат-шадыман әсерге бөлеп қана қоймай, жан жылуымен бөлiсiп, бала үмiтiн ақтайды, армандарына қанат бiтiредi», — дейдi мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.
Шыршаға тiлек жазушы балалар аймақтардағы әкiмдiктер мен қайырымдылық қорларының ұсынысымен таңдап алынған, олардың арасында көп балалы отбасылар да бар. Әр шыршаға шамамен 20-30 бүлдiршiннiң тiлек хаты iлiнген, ондағы балалардың «Аяз атадан» сұрап жатқан сыйлықтары да әртүрлi. Мысалы, қарағандылық 10 жасар Бексұлтан сырғанайтын конькидi қалайды, ал болашақта ақын болуды армандайтын талдықорғандық Диана А.С. Пушкиннiң өлеңдер жинағын алғысы келедi.
ХҚО-ға келушi кез келген азамат қалауынша хаттың бiрiндегi тiлектi орындай алады. Қайырымдылық жасап, бүлдiршiндердiң армандарын орындаған азаматтардың сыйлығы ХҚО-да арнайы мерекелiк шара барысында табыс етiлетiн болады.
Жаңа жыл мерекесi қарсаңында баланың iзгi тiлегiн орындап, әлеуметтiк маңызы зор бастаманы қолдауға шақырамыз. «Тiлектер шыршасы» орнатылған ХҚО мекенжайы: Петропавл қ., №1 ХҚО бөлiмi, Әуезов к-сi, 157.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
Коммерциялық емес
Акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi
Баспасөз релизi
2018 ж. 6 желтоқсан
Петропавл қ.
Бүгiн Петропавл қаласында Көшi-қон орталығы өз есiгiн ашты. Мигранттар үшiн осы маңызды Орталықты «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ҚР IIМ-мен бiрлесiп таныстырды. Мұндай орталықтар Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Орал және Қостанайда жұмыс iстеуде.
Ресми ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң мемлекеттiк қызметтер басқармасының басшысы Болат Еңсегенов, Көшi-қон қызметiнiң басшысы Абилов Талғат және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Еркiн Жұмабай қатысты.
Петропавл қаласының тұрғындары үшiн ХҚО-ның негiзгi мамандануы — еңбек мигранттарына жұмыс iстеуге рұқсат беру және қайта рәсiмдеу болып табылады. Қазiргi уақытта Петропавл қаласына келген шетел азаматтары бiр жұмыс күнi iшiнде «бiр терезе» қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтердi ала алады. Бұған дейiн шетелдiктер жұмыс iстеуге рұқсат алу үшiн бес күн жүрсе, ендi рұқсатты бiр сағаттың iшiнде рәсiмдей алады. Ендi мигранттар бiр ғимараттың iшiнде электрондық кезек арқылы қызметтердi ала алады.
«Бұл жерде медициналық тексерiс пен дактилоскопиядан өтiп, сақтандыру полисiн рәсiмдеуге және жеке сәйкестендiру нөмiрiн алуға болады, сонымен қатар Көшi-қон орталығының қолайлы жағдайлары құжаттарды рәсiмдеудiң барысын мигранттар үшiн барынша ыңғайлы етедi», — дедi Еркiн Жұмабай.
«Мечта» ТК (Жамбыл к-сi, 71 А) ғимаратында орналасқа Көшi-қон ХҚО-да «бiр терезе» қағидаты бойынша қызметтердi алудан бөлек, мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға кедергiсiз және ыңғайлы пайдалану үшiн барлық жағдайларлар жасалған. Ғимараттың кiреберiсi мүгедектерге арналған сырғыма баспалдақпен және қызметкерлердi шақыру түймесiмен жабдықталған. Мемлекеттiк қызметтердi мигранттар күнделiктi (сенбi, жексенбi және мереке күндерiнен басқа) сағат 09:00-ден 18:30-ға дейiн түскi үзiлiссiз ала алады.
«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының
PR-менеджерi Нургалиев Ерназар
Тел: 8-775-443-91-09
Қыркүйек айында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «Краудсорсинг» жобасының iске қосылғандығы туралы хабарлаған болатын. Аталған жоба өзгерiстерге бей-жай емес барлық қазақстандықтарды ХҚО-ларының жұмысын жақсартуға тартуды көздейдi. Масалы, азаматтар мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процесiн жетiлдiру бойынша өздерiнiң ұсыныстары мен ескертулерiн қалдыра алады.
Бүгiнгi күнi астаналықтар ең белсендi қолданушылар болып отыр, олар ХҚО-ның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстардың 1/3-нен астамын қалдырған. Екiншi орында оңтүстiк астананың тұрғындары орналасты, олардың үлесiнде 26%. Осы ретте, жоба iске қосылған сәттен бастап 19 қатысушы анықталып, олардан 23 ұсыныс келiп түскендiгiн айта кеткен жөн. Ұсыныстардың көпшiлiгi кейбiр мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң бизнес-процестерiн өзгертуге қатысты.
Мемлекеттiк қызмет көрсету саласының барлық бағыттары және мемлекеттiк корпорацияның қызметi бойынша жалпы өз ұсыныстарыңызды енгiзуге болатындығын естерiңiзге саламыз. Сайтқа қалдырылған ұсыныстарды талқылауға, пiкiрлер қалдыруға және лайктар басуға болады. Бұдан өзге, үздiк идеялардың жеңiмпаздары сыйлықтармен көтермеленетiн болады. Жоба бойынша толық ақпаратты www.gov4c.info сайтынан көруге болады.
Iрiктеуден кейiн, ұсынылған бастамалар пысықталып, мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерiнен тұратын комиссия мүшелерi тарапынан iске асырылатын болады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi
2018 жылдың қазан айынан бастап зейнеткерлiк жасқа жеткендер үшiн зейнетақыны рәсiмдеу тәртiбi жеңiлдетiлдi. Ендi зейнеткерлiкке байланысты төлемдер тағайындау бойынша барлық мемлекеттiк қызметтер «бiр өтiнiш» принципi бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлетiн болады.
Бұған дейiн зейнеткерлiк жасқа жеткен азамат ХҚО-ға келiп зейнеткерлiк жасқа жетуi және базалық зейнетақы төлеу туралы 2 өтiнiш беретiн, әрi бiр айдан кейiн қайтадан мемлекеттiк кепiл төлем жасау туралы өтiнiш жазып, сосын Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлемдердi төлеу жайлы тағы бiр өтiнiш беретiн. Ендi осы 4 қызмет үшiн ХҚО-ға бiр-ақ рет келiп, бiр ғана өтiнiш тастаса жеткiлiктi.
Композиттiк қызмет құрамына жасына байланысты зейнетақы тағайындау, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерi және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлеу қызметтерi кiрiп отыр. Бұдан басқа, (инфляцияның деңгейi мен зейнетақы жинақтарының сомасын ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарнасы, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасы соммаларының арасындағы айырмасы) мемлекеттiк кепiлдi төлемдердi төлеу проактивтi түрде — адамның мiндеттi қатысуынсыз жүзеге асырылады.
Айта кету керек, 2018 жылдың 9 айында мемлекеттiк корпорацияның мамандары зейнеткерлiк жасына жеткендер бойынша 67 374 төлем, сондай-ақ 76 643 базалық зейнетақы мен 51 571 мемлекеттiк кепiлдiк төлемдерiн рәсiмдедi.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi
Egov.kz электрондық порталы арқылы жүргiзушi куәлiгiн алу механизмi жеңiлдей түстi. Ендi азаматтар жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру үшiн онлайн өтiнiм жолдаған кезде екiншi деңгейлi банк арқылы мемлекеттiк бажды төлегенi туралы чектiң мәлiметтерiн енгiзсе жеткiлiктi.
Ол үшiн қызметке онлайн тапсырыс берген кезде төлем қадамында «бұрын төлендi» деген белгi қою керек. Кейiн чек бойынша мына деректердi енгiзу қажет: салық органы, банктiң БСК, төлем күнi, КБК, ТТК және төлем сомасы. Содан кейiн табылған чектi таңдап және ЭЦҚ арқылы сұранымға қол қою қажет.
Бұрын бұл қызметтi портал арқылы алғанда, онлайн өтiнiм жiберген кезде ғана төлеу керек болатын.
Еске сала кетейiк, жүргiзушi куәлiгiн онлайн алу қызметi биыл наурыз айында iске қосылды. Қызметтi алу үшiн қолданушы egov.kz арқылы өтiнiм толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбасын қою керек. Өтiнiмге фотосурет және қолтаңбаның скан-көшiрмесiн тiркеу қажет. Кейiн дайын хабарлама мен төлем чегi қағазға басып шығарылып, тұрғылықты жерi бойынша мамандандырылған ХҚО-ға ұсынылады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕАҚ Баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы CISCO компаниясымен бiрге мемлекеттiк қызметтердi қашықтықта онлайн тәртiпте ұсыну жобасын жасады. Ендi 20 мемлекеттiк қызметтi видеобайланыс арқылы алуға болады.
Желiлiк технологиялар видеоқоңырау арқылы 1414 бiрыңғай байланыс орталығына хабарласып, қызметтердi алуға өтiнiм жасауға мүмкiндiк бередi. Осы жоба арқылы бiрқатар ақпараттық анықтамаларға — мекенжай, соттылықтың бар-жоғы, зейнетақы төлемдерi, тiркелген құқықтар, жылжымайтын мүлiктiң бар-жоғы туралы және тағы басқа да анықтамаларға қол жеткiзуге болады. Сондай-ақ видеоқоңырау арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуға өтiнiм берiп, мобильдi азаматтар базасына тiркелуге болады.
Пилоттық жоба Астана қаласында — Сығанақ көшесi, 29 үйде орналасқан «Жилстройбанк» бөлiмiнде, «Қазпошта» цифрлық бөлiмдерiнде, Бейбiтшiлiк көшесi, 25 үйде орналасқан жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ Алматы қаласындағы «Мега парк» сауда үйiнде iске қосылды. Жуырда Мәскеудегi Қазақстан Республикасының елшiлiгiнде және Астана LRT аумағында жүзеге асыру жоспарлануда.
Қызметтер тiзiмi:
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi
EgovKzBot телеграмм-боты арқылы ұсынылатын мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi тағы екi қызметке толықты.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ iске қосқан бот арқылы бұған дейiн 13 мемлекеттiк қызмет пен сервис, соның iшiнде 7 кең таралған анықтама, әлеуметтiк мәртебенi тексеру мен базалық зейнетақы төлемiнiң көлемi туралы ақпарат алу, емханаға тiркелу, дәрiгерге жазылу және дәрiгердi үйге шақырту, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) кезектi брондау қызметтерi қолжетiмдi болған.
Ендi бот арқылы өзiңiзге жақын жерде орналасқан ХҚО туралы бiлiп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивтi қызметтердi алу мүмкiндiгi туды. Басқаша айтқанда, туу туралы куәлiкке тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдемақыларды рәсiмдеу және сәбидi балабақшаға кезекке қою тiптi жеңiлдей түстi.
Естерiңiзге саламыз, мемлекеттiк қызметтердi телеграм-бот арқылы алу үшiн «Мобильдi азаматтар базасына» тiркелу қажет, яғни eGov.kz порталындағы жеке кабинетте телефон нөмiрiңiздi ЖСН-ге бекiтiп, өз гаджетiңiздегi Telegram мессенджерiнде ботты iске қосу керек.
Сосын алдын-ала белгiленген командаларды жолдап, SMS-кодпен растау арқылы анықтамалар мен сервистер туралы ақпаратты сұрата аласыз. Сондай-ақ барлық ақпаратты қолданушының электрондық поштасына жолдау мүмкiндiгi де қарастырылған.
eGov.kz порталының 2018 жылғы мамырда iске қосылған телеграм-боты арқылы қазақстандықтар шамамен 14 мыңдай мемлекеттiк қызмет алды.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы www.gov4c.info ресми сайтында мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процесiн жетiлдiру бойынша қазақстандықтардың ұсыныс-тiлектерiн қабылдауға мүмкiндiк беретiн «Краудсорсинг» жобасын iске қосты.
Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорацияға басқарма төрағасының блогы, әлеуметтiк желiлер және керi байланыстың басқа да арналары арқылы азаматтардан түрлi проблемаларды шешу, сондай-ақ сервистердi жетiлдiру бойынша көптеген өтiнiш-ұсыныстар түсiп жатыр. Ендi ықылас танытқан әрбiр азаматтың мемлекеттiк қызмет көрсету саласына қатысты ұсыныс-талабы арнайы жоба аясында қабылданатын болады.
Жобаны енгiзушiлер қазақстандықтардың фронт-офис жұмысын жақсартып, электрондық сервистердi жетiлдiру бойынша инновациялық идеяларын күтедi. Мемлекеттiк қызмет көрсету саласын дамытып, корпорацияның жұмыс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныс-тiлектердiң барлығын осы «Краудсорсингте» қалдыруға болады.
Ұсыныс-тiлектердi мемлекеттiк корпорация қызметкерлерiнен құрылған комиссия сараптамадан өткiзiп, таңдаулы ұсыныстар кең талқыланып, жүзеге асырылады.
Ұсыныс қалдыру үшiн https://www.gov4c.info/ сiлтемесi арқылы өтiп, арнайы форманы толтыру қажет. Сайт қолданушылары қалдырылған ұсыныстарды талқыға салып, пiкiрлер жазып, тiптi бағалай алады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жеке тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру процесiн жеңiлдеттi. Бұл үрдiс «бiр терезе» қағидаты бойынша пилоттық тәртiпте жүзеге асуда.
Ендi ЭЦҚ алу үшiн ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (pki.gov.kz) порталы арқылы алдын-ала өтiнiм берiп, жеке тұлғаны растау үшiн ХҚО-ға барудың қажетi жоқ. Бiрден ХҚО-ға келiп, электрондық кезек талонымен маманға тiкелей жүгiнсе, оператор барлық қажеттi өтiнiмдер мен операцияларды өзi орындайды. Барлық процесске шамамен 5 минут уақыт кетедi.
Қызмет алушы өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжат пен usb тасымалдаушыны әкелуi тиiс.
Ал заңды тұлғалар ЭЦҚ-ны жеңiлдетiлген үрдiспен қазан айының соңында ала бастайды.
Айта кету керек, «Азаматтарға арналған үкiметтiң» фронт-офистерi арқылы биылғы жылдың 8 айында 4,5 миллионға жуық ЭЦҚ берiлдi.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi
Петропавл қаласында «Онлайн тәртiпте автокөлiктi тiрке және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыр!» акциясыөтiп жатыр. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемкорпорациясының СҚО бойынша филиалыныңқызметкерлерi мамандандырылған ХҚО-да, автобазарларда онлайн тәртiпте мемлекеттiк қызметтердi алу мүмкiндiктерi туралы ақпараттандыру мақсатында кiтапшаларды таратып, түсiндiрме жұмыстарын жүргiзуде.
Осы орайда, азаматтар жүргiзушi куәлiктерiн (ЖК) мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкiмет порталы арқылы ауыстыра алатынын, сондай-ақ автокөлiктi қайта тiркей алатындығын естерiңiзге саламыз. Бұл әдiс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлiгiнен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкiндiк бередi.
Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру қызметiн алу оңай әрi жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кiрiп, электрондық өтiнiштi толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Өтiнiшпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суретi де жолданады. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң (мобильдi азаматтар базасына тiркелген жағдайда хабарлама SMS түрiнде келедi) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады.
Бөлiмге барғанда, ауыстыратын ЖК, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, өтiнiш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чектi ұсыну қажет. Айта кетсек, жүргiзушi куәлiгiнiң баж салығы бұрынғыдай 1,25 АЕК, яғни 3 006,25 теңгенi құрайды.
Портал арқылы өтiнiм бергенде, ешқандай құжаттың скан-нұсқасын ұсынудың қажетi жоқ, себебi қажеттi мәлiметтердiң барлығы ақпараттық жүйелер арқылы алынады. Қызметтi онлайн алу үшiн egov.kz порталында авторизациядан өтiп, сатылатын көлiк жайлы ақпаратты енгiзiп, айыппұлдар мен салық төлемдерiн, техникалық жағдайынтексеруге сұраныс жолдау керек. Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады. Мұнан кейiн автокөлiктi сатып алушы азамат электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетi арқылы сатушы қалдырған өтiнiммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейiн нөмiр белгiсiне, көлiк құралын тiркеуге және тiркеу туралы куәлiкке төлем жасай алады. Сатып алушы өзiнiң ЭЦҚ-мен смарт-келiсiмдi растаған соң мамандандырылған ХҚО-ға нөмiр белгiсiн алып кету үшiн ғана келедi. Сондай-ақ нөмiрдi үйге жеткiзу қызметiне де тапсырыс беруге болады.
Жыл басынан Петропавл қаласында жүргiзушi куәлiгiн онлайн ауыстыру қызметiн 405 адам пайдаланды.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша
филиалының PR-менеджерi
Премьер-министрдiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтың төрағалығындағы Мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу бойынша ведомствоаралық комиссия ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмiн қысқарту жайлы шешiм қабылдады.
Ендi үшiншi елдермен сауда-саттықта тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитiне қорытынды беру құжаты бұрынғыдай 15 күнтiзбелiк күнде емес, 8 жұмыс күнiнен кейiн берiлетiн болады.
Үшiншi елдермен сауда-саттықта тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитiне қорытынды беру құжатын беру мерзiмi да 15 күнтiзбелiк күннен 8 жұмыс күнiне дейiн қысқартылды.
Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың сипаттамасы туралы нотификацияларды тiркеу жұмыстары да ендi 10 жұмыс күнi орнына 5 жұмыс күнi iшiнде орындалатын болады.
Шiлде
Аудандық бөлім атауы | Елді мекеннің атауы | Тұрғындар саны | Елді мекеннің аудан орталығы нан арақашық тығы | Қызмет көрсету күні | Қызмет көрсету ге шығу саны | Азамат тарды қабыл дау орны | Азамат тарды қабыл дау уақыты | Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ | ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ | Автокөлік маркасының атауы және нөмірі | Ескерту |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Айыртау ауданының бөлімі | Константиновский а/о., Куспек а. | 732 | 103 |
2018 ж. 03.07 2018 ж. 10.07 |
2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | Черненко Т.В. | Кожахимов Р.С., Баймагамбетова А.К. | SsongYong – 389AN15 | |
Имантауский а/о., Верхний Бурлук а. | 326 | 68 |
2018 ж. 04.07 2018 ж. 11.07 |
2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | Ларионова Н.И. | ||||
Барлығы | 2 елді мекен | 1058 | 171 | 8 |
Тамыз
№ | Аудандық бөлім атауы | Елді мекеннің атауы | Тұрғындар саны | Елді мекеннің аудан орталығы нан арақашық тығы | Қызмет көрсету күні | Қызмет көрсету ге шығу саны | Азамат тарды қабыл дау орны | Азамат тарды қабыл дау уақыты | Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ | ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ | Автокөлік маркасының атауы және нөмірі | Ескерту |
1 | «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Айыртау ауданының бөлімі | Камсактинский а/о., Бирлестик а. | 541 | 50 | 2018 ж. 10.08 2018 ж. 16.08 | 2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | Рыжова В.Г. | Кожахимов Р.С., Баймагамбетова А.К. | ||
Казанский а/о., Аксеновка а. | 442 | 65 | 2018 ж. 13.08 2018 ж. 17.08 | 2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | Городецкий А.В. | |||||
Барлығы | 4 елді мекен | 983 | 115 | 4 |
Қыркүйек
№ | Аудандық бөлім атауы | Елді мекеннің атауы | Тұрғындар саны | Елді мекеннің аудан орталығы нан арақашық тығы | Қызмет көрсету күні | Қызмет көрсету ге шығу саны | Азамат тарды қабыл дау орны | Азамат тарды қабыл дау уақыты | Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ | ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ | Автокөлік маркасының атауы және нөмірі | Ескерту |
1 | «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Айыртау ауданының бөлімі | Казанский а/о., Hикольско-Бурлукское а. | 405 | 61 |
2018 ж. 03.09 2018 ж. 07.09 |
2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | Городецкий А.В. | Кожахимов Р.С., Баймагамбетова А.К. | SsongYong – 389AN15 | |
Сырымбетский а/о., Каракамыс а. | 280 | 79 |
2018 ж. 04.09 2018 ж. 10.09 |
2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | Касенов С.О. | |||||
Барлығы | 2 елді мекен | 685 | 140 | 4 |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін келетін азаматтардың саны күрт өскенін хабарлайды.
Осы орайда, азаматтар жүргізуші куәліктерін (ЖК) мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкімет порталы арқылы ауыстыра алатынын естеріңізге саламыз. Бұл әдіс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлігінен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкіндік береді.
Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру қызметін алу оңай әрі жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кіріп, электрондық өтінішті толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданады. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң (мобильді азаматтар базасына тіркелген жағдайда хабарлама SMS түрінде келеді) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады.
Бөлімге барғанда, ауыстыратын ЖК, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, өтініш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чекті ұсыну қажет. Айта кетсек, жүргізуші куәлігінің баж салығы бұрынғыдай 1,25 АЕК, яғни 3 006,25 теңгені құрайды.
Егер ЖК мерзімі өтіп кетсе, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.
Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру қызметін биыл жыл басынан бері 1,6 мың адам пайдаланған.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметі
Биыл жыл соңына дейін 12 өмірлік жағдай бойынша 19 мемлекеттік қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивті қызметтер саны арта түседі. Бұл туралы бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелерді көтерді.
Халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен «Қазақстанда «Электрондық үкімет» пен мемлекеттік қызметтердің дамуы» атты дөңгелек үстел барысында А. Оспанов цифрландыру аясында жүзеге асып жатқан проактивті қызмет көрсетудің маңыздылығын атап өтті. «ТМД елдері бойынша Қазақстан проактивті қызметтерді алғашқы болып енгізді. Былтыр біз бала туу бойынша мемлекеттік қызметтер кешенін проактивті тәсілмен ұсына бастадық. Азаматтардың қажеттілігін алдын ала болжап, уақыттарын үнемдейтін аса қолайлы қызметке деген қызығушылық күн сайын артып келеді. Бүгінгі таңда жаңа босанған 157 мыңға жуық әйелге SMS-ұсыныс жіберілді. Жуырда әлеуметтік мәселелер бойынша тағы да бірқатар қызметтерді проактивті нұсқада, яғни SMS-хабарлама арқылы көрсететін боламыз», — деді ол.
Атап айтсақ, жүктілікке, бала асырап алуға, мүгедектікті белгілеуге, көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындауға, қайтыс болуды тіркеуге байланысты мемлекеттік қызметтер проактивті тәсілмен, яғни телефонның SMS-хабарламасы арқылы рәсімделетін болады. Сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктерді төлеу, жылжымайтын мүліктің сипаттамасын өзгерту, атқарушылық іс жүргізуді қозғау жұмыстары және білім беру саласындағы қызметтер кешені де проактивті нұсқада ұсынылады.
Сонымен қатар мемлекеттік корпорация басшысы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелерге де тоқталды. «Елімізде жаппай цифрландыру үрдісі жүріп жатқанына қарамастан, мемқызметтердің 51 пайызы әлі күнге дейін қағаз жүзінде ұсынылады, оның үстіне қазақстандықтар қызметтерді электрондық нұсқада алуға айтарлықтай тілек танытпай отыр. Сондай-ақ бір қызметті алу үшін басқа бір қызметке жүгіну қажет және азаматтар 311 қызмет бойынша біздің фронт-офистерге бірнеше рет келуге мәжбүр. Бұл орайда қашықтан қызмет көрсету процесі бойынша әлі де қарапайым және қауіпсіз механизмнің жоқ екендігін айту керек», — деп ой түйді Абылайхан Оспанов.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметі
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ҚР IIМ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бiрлесiп, электрондық үкiмет порталында жаңа сервистi пилоттiк режимде iске қосты. Ендi қазақстандықтар автокөлiктерiн онлайн тәртiпте тiркей алады.
Егер азаматтың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болса, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы немесе IIМ тiркеу-емтихан бөлiмшелерiне бармай-ақ,автокөлiктерiн электрондық үкiмет порталында рәсiмдей алады.
«Ведомствоаралық комиссияның аясында бiз мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру жұмыстарын жүргiзудемiз. Автокөлiктердi тiркеу қызметiне деген сұраныс қарқынды түрде өсiп келе жатқандықтан, бiз бұл қызметтi электрондық нұсқаға ауыстыру туралы ұсыныс жасадық. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың уақытын үнемдеп қана қоймай, сондай-ақ мамандандырылған ХҚО-дағы жүктеменi азайтуға мүмкiндiк бередi. Мәселен, бiздiң корпорация арқылы биылғы бес айда автокөлiктi тiркеу және қайта тiркеу бойынша 745 592 қызмет көрсетiлдi», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» басқармасының төрағасы Абылайхан Оспанов.
Портал арқылы өтiнiм бергенде, ешқандай құжаттың скан-нұсқасын ұсынудың қажетi жоқ, себебi қажеттi мәлiметтердiң барлығы ақпараттық жүйелер арқылы алынады.
«Бұған дейiн көлiктi сатушы мен сатып алушы өтiнiм беру үшiн бiр уақытта «Азаматтарға арналған үкiметтiң» фронт-офисiне барып, қажеттi құжаттарды тапсыруы тиiс едi. Ендi азаматтар өтiнiмдi үйден шықпай-ақ, онлайн тәртiпте жолдай алады. Электрондық үкiмет порталы арқылы бiз алдағы уақытта тағы да бiраз мемелкеттiк қызметтердi алу процесiн жеңiлдетпекпiз», — дейдi «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Қызметтi онлайн алу үшiн egov.kz порталында авторизациядан өтiп, сатылатын көлiк жайлы ақпаратты енгiзiп, айыппұлдар мен салық төлемдерiн, техникалық жағдайынтексеруге сұраныс жолдау керек. Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады. Мұнан кейiн автокөлiктi сатып алушы азамат электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетi арқылы сатушы қалдырған өтiнiммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейiн нөмiр белгiсiне, көлiк құралын тiркеуге және тiркеу туралы куәлiкке төлем жасай алады. Сатып алушы өзiнiң ЭЦҚ-мен смарт-келiсiмдi растаған соң мамандандырылған ХҚО-ға нөмiр белгiсiн алып кету үшiн ғана келедi. Сондай-ақ нөмiрдi үйге жеткiзу қызметiне де тапсырыс беруге болады.
Еске сала кетейiк, биылғы мамыр айынан бастап ҚР IIМ автокөлiктi тiркеу кезiндегi салыстыруды алып тастаған болатын. Ендi есептен шығару немесе көлiктi тiркеу кезiнде нөмiрлiк агрегатты тексертудiң қажетi жоқ. Мұндай талап тек көлiктi алғашқы рет тiркегенде қойылады.
Сондай-ақ жүргiзушi куәлiгiнiң мерзiмi өткенге дейiн ауыстыру немесе жоғалтып алған жағдайда медициналық тексерiстен өтудiң және психиатр, наркологтан анықтама әкелудiң қажетi жоқ. Ал азаматтың ЭЦҚ-сы болса, жүргiзушi куәлiгiн электрондық үкiмет порталы арқылы онлайн тәртiпте ауыстыруға болады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметi
Электрондық үкiмет порталында жеке мәлiметтердi бұғаттау функциясы iске қосылды. Бұл жобаны «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бiрлесiп енгiздi.
«Жеке мәлiметтердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн бiз азаматтар өзi туралы жеке ақпаратты толықтай бақылай алатын жоба жасадық. Басқаша айтқанда, тiптi ХҚО қызметкерi де жеке мәлiметтердi көре алмайды, операторлар қандай бiр жеке мәлiметтерге қол жеткiзу үшiн азаматтардың СМС рұқсатын алуы тиiс», — дедi «Азаматтарға арналған үкiметтiң» басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов.
Бұл жоба екi кезең бойынша жүзеге асырылуда. Бүгiн электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетiнде мәлiметтерге қолжетiмдiлiкке тыйым салу функциясы iске қосылды. Әрбiр портал қолданушысы осы функция арқылы өзiнiң жеке мәлiметтерiне қолжетiмдiлiктi қоса алады және жауып тастай алады. Бұл орайда тыйым салу функциясын тек жеке кабинет арқылы ғана қосуға болады.
Екiншi кезеңге сәйкес, биылғы жылдың соңына дейiн жеке мәлiметтерге қолжетiмдiлiктi жабу функциясын өшiру үшiн СМС сервисi iске қосылатын болады. Яғни егер қолжетiмдiлiк бұғатталған болса, азаматтың ЖСН-ның жүйеге енгiзген кезде ХҚО операторы қолжетiмдiлiктi ашу туралы СМС-хабарлама алады. Азаматтың СМС-рұқсатын алған жағдайда ғана фронт-офис жұмысшысы қандай да бiр мемлекеттiк қызметтi көрсете алады.
Айта кету керек, бұл сервистi қолдану үшiн қызмет алушы мобильдi азаматтар базасына тiркелуi тиiс. Мұны электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетте немесе кез келген ХҚО-да жасауға болады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметi
Бүгiнгi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша жұртшылықпен есептiк кездесу өткiздi.
Астана қаласының Есiл ауданының әкiмдiгiнде мемлекеттiк корпорацияның басшылығы мүмкiндiгi шектеулi жандармен кездесу өткiздi, онда мемлекеттiк корпорация төрағасының орынбасары Асемгуль Балташева мемлекеттiк қызметтi кедергiсiз көрсету арналары туралы баяндады.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мүмкiндiгi шектеулi жандарға арналған мемлекеттiк қызметтерге тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн үйге қызмет көрсетуге барудан бастап, бiз барлық қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшiн жаңа пилоттық жобаларды үнемi енгiзiп отырамыз», — дедi Балташева.
Осылайша, мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiнде пандустар, қоңырау шалу түймелерi, Брайльдегi тактикалық белгiлер және мүгедектерге арналған жеңiлдiк терезелерi, сондай-ақ фронт-офис ғимараттарының алдындағы автотұраққа бөлек орындар белгiлеу сияқты жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, I және II топ мүгедектерi 1414 бiрiңғай байланыс орталықтарына (тегiн қоңырау) өтiнiш беру арқылы мемлекеттiк қызмет түрлерiн үйге шақыртып алуға болады. 2018 жылдың үш айында мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi үйге барып 13 мың қызмет көрсеткен.
Өткен жылдың наурыз айында есту қабiлетiнен айырылған азаматтарға пилоттық режимде «онлайн-сурдоаудармашы» жобасы iске қосылды, бiлiктi ымдау тiлiнiң сарапшысы арнайы резервтiк монитордан нақты уақыттағы аударманы қамтамасыз етедi. Бүгiнгi таңда бұл қызмет түрiн 625 мың есту және сөйлеу қабiлетiнен айырылған азаматтар ала алды.
Сөзiмiзге дәйек болсын, қазiргi уақытта Мемлекеттiк корпорацияның бөлiмшелерiнде мүмкiндiгi шектеулi 475 адам жұмыс iстейдi.
«Азаматтарға арналған үкiмет
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi
Сәуiр
Аудандық бөлім атауы | Елді мекеннің атауы | Тұрғындар саны | Елді мекеннің аудан орталығы нан арақашық тығы | Қызмет көрсету күні | Қызмет көрсету ге шығу саны | Азамат тарды қабыл дау орны | Азамат тарды қабыл дау уақыты | Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ | ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ | Автокөлік маркасының атауы және нөмірі | Ескерту |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Айыртау аудандық бөлімі | Антоновский а/о., Лавровка а. | 515 | 42 | 2018 ж. 12.04 2018 ж. 18.04 | 2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | Е.К. Касымгалиев | Р.С. Кожахимов, А.К. Баймагамбетова | SsongYong – 389AN15 | |
Гусаковский а/о., Новосветловка а. | 479 | 102 | 2018 ж. 13.04 2018 ж. 19.04 | 2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | Е.И. Таласов | ||||
Барлығы | 2 елді мекен | 994 | 144 | 8 |
Мамыр
Аудандық бөлім атауы | Елді мекеннің атауы | Тұрғындар саны | Елді мекеннің аудан орталығы нан арақашық тығы | Қызмет көрсету күні | Қызмет көрсету ге шығу саны | Азамат тарды қабыл дау орны | Азамат тарды қабыл дау уақыты | Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ | ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ | Автокөлік маркасының атауы және нөмірі | Ескерту |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Айыртау аудандық бөлімі |
Казанский а/о., Казанка а. |
715 | 45 | 2018 ж. 02.05 2018 ж. 10.05 | 2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | А.В. Городецкий |
Р.С. Кожахимов, А.К. Баймагамбетова |
SsongYong – 389AN15 | |
Сырымбет а/о., Дауқара а. |
405 | 69 | 2018 ж. 03.05 2018 ж. 11.05 | 2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | С.О. Касенов | ||||
Барлығы | 2 елді мекен | 1120 | 114 | 4 |
Маусым
Аудандық бөлім атауы | Елді мекеннің атауы | Тұрғындар саны | Елді мекеннің аудан орталығы нан арақашық тығы | Қызмет көрсету күні | Қызмет көрсету ге шығу саны | Азамат тарды қабыл дау орны | Азамат тарды қабыл дау уақыты | Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ | ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ | Автокөлік маркасының атауы және нөмірі | Ескерту |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Айыртау аудандық бөлімі |
Арықбалық а/о., Ағынтай батыр а. |
531 | 46 | 2018 ж. 13.06 2018 ж. 18.06 | 2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | К.К. Шарапов |
Р.С. Кожахимов, А.К. Баймагамбетова |
SsongYong – 389AN15 | |
Украинский а/о., Каменный брод а. |
633 | 45 | 2018 ж. 14.06 2018 ж. 19.06 | 2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | Ж.Б. Мукашев | ||||
Барлығы | 2 елді мекен | 1164 | 91 | 4 |
Қазақстанда электрондық үкiмет порталында тұрғылықты жерi бойынша онлайн тiркелу рәсiмi өзгердi. Ендi бұл үшiн азаматтарға 20 минут жеткiлiктi. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексiне енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес биыл қаңтар айынан бастап тiркеуге мемлекеттiк баж алынбайды.
Естерiңiзге сала кетейiк, бұрын электрондық үкiмет порталы арқылы тiркелгенде 10% АЕК көлемiнде мемлекеттiк баж төлеу керек болатын. Сосын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның фронт-офисiне келiп, жеке куәлiк чипына тiркеу туралы деректер жазбасын енгiзу үшiн көшi-қон қызметкерiне жүгiну қажет едi. Ал биылғы наурыз айынан бастап портал арқылы тұрғылықты жерi бойынша тiркелу рәсiмi айтарлықтай жеңiлдетiлдi.
Ендi жылжымайтын мүлiк иесi және тiркелетiн азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейiн, тiркелетiн азамат өтiнiш берiп, меншiк иесi өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиiс.
Өтiнiш берiлгеннен кейiн деректер шамамен 10 минутта өңделедi, содан кейiн тiркелген мекенжай бойынша анықтама алуға тапсырыс беруге болады.
Бұл қызметке ЭЦҚ-сы бар кез-келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткiзе алады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «SmartPay» провайдерiмен бiрге пилоттық тәртiпте fastpay.kz онлайн-сервисiн iске қосты. Ендi қолма-қол ақшасыз есептесудi қалайтын азаматтар кең таралған 37 мемлекеттiк қызметтiң ақысын тек қана банк карталары арқылы ғана емес, «WebMoney», «Qiwi» и «WalletOne» электрондық әмияндары арқылы да төлей алады.
Сондай-ақ fastpay.kz онлайн-сервисiнiң көмегiмен көлiк, жер және мүлiк салығын, әкiмшiлiк айыппұлдар мен жол ережесiне қатысты айыппұлдарды төлеуге болады. Алдағы уақытта бұл тiзiм толыға түседi.
Жаңа сервис — мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктi арттырып, халыққа қызмет көрсету саласын цифровизациялауға жасалған кезектi қадам. Ендi осы сервис iске қосылғандықтан, қызмет алушылар кассаға кезекке тұрмай-ақ, интернет желiсi қосылған смартфон немесе басқа да гаджетпен www.fastpay.kz сайтына кiрiп, тиесiлi мемлекеттiк қызметке шұғыл түрде төлем жасай алады. Төлем жасалған соң азаматтың электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетi мен электрондық поштасына электрондық чек бекiтiлген хабарлама келiп түседi.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi
Ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшiн әкiмшiлiк полицияның тiркеу-емтихан бөлiмдерiнiң қызметкерлерi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пилоттық тәртiпте жұмыс iстей бастады. Олар көлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру бойынша құжаттарды қабылдайды.
ҚР IIМ-нiң әкiмшiлiк полициясының ТЭБ қызметкерлерiн аудандық ХҚО бөлiмдерiнде орналастыру туралы шешiм ҚРПремьер-Министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиев төрағалықететiн ведомствоаралық комиссиядақабылданды. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң жанындағы арнайы мониторингтiк тобы ұсынғанжаңа жүйенiңартықшылығын алғашқы болып Қарағанды облысы Осакаров ауданының және Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғындары бағалай алады. Көп ұзамай бұл жоба «Азаматтарға арналған үкiметтiң» тағы 21 фронт-офисiнде жүзеге асырылады.
Жаңашылдықтың арқасында автокөлiк иелерi үшiн жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру және көлiктердi тiркеу жұмыстары айтарлықтай жеңiлдейдi. Ендi оларға облыстық мамандандырылған ХҚО-ға бару немесе iшкi iстер органдарына тiкелей жүгiнудiң қажетi жоқ. Ескеретiн жайт, жүргiзушi куәлiгiн алғашқы рет алушыларға бұл жоба аясында қызмет көрсетiлмейдi.
Осакаров аудандық №1 бөлiмi Осакаров ауылы Пристанционная көшесi, 12 үй мекенжайы бойынша, ал Тайынша аудандық бөлiмi Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi 208 үй мекенжайы бойынша орналасқан.
Еске сала кетсек, 2012 жылдан берi Қазақстанда бiр терезе қағидаты бойынша азаматтарға жүргiзушi куәлiктерiн беру және көлiктi тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету үшiн мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс iстеуде. Бүгiнгi таңда елiмiзде 14 мамандандырылған ХҚО және 3 сектор бар. Биыл Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында мамандандырылған ХҚО бөлiмдерiн ашу жоспарланып отыр.
Анықтама үшiн:
ТЕБ-нiң қызметкерлерi орналасқан «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi:
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы халықаралық әйелдер күнi — 8 наурыз қарсаңында нәзiк жандыларға қатысты статистикалық көрсеткiшке көз жүгiртудi ұсынады. Былтырғы 8 наурыздан бүгiнге дейiн халыққа қызмет көрсету орталықтарына 13 миллионнан астам әйел адам жүгiнген.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 620-дан астам қызмет көрсетедi. Күн сайын фронт-офистерге Қазақстан бойынша мыңдаған адамдар жүгiнедi. Оның жартысынан көбi әйел азаматтар екен. Мысалы, аталған мерзiм iшiнде берiлген электрондық-цифрлық қолтаңбаның 53 пайызы, яғни екi миллионнан астамы қыз-келiншектерге тиесiлi.
Автоәлемге қатысты көрсеткiштерге келсек, мамандандырылған ХҚО арқылы берiлген жүргiзушi куәлiгiнiң 25 пайызы, яғни 96 мыңнан астамы әйел азаматтардың еншiсiнде. Ал 337 мыңға жуық нәзiк жанды көлiк құралына құқықтарын тiркеген.
Қазiргi таңда елiмiзде 236 мыңнан астам көпбалалы ана бар екен. Сондай-ақ 303 508 ана бiр жасқа дейiнгi бала күтiмi бойынша жәрдемақы, ал 1 525 818 әйел зейнетақы алып отыр.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамның баспасөз қызметi
Ендi қазақстандықтар жүргiзушi куәлiгiн электрондық үкiмет порталында ауыстыра алады. Бұл қызмет Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарының тұрғындарына ұсынылады.
Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру үшiн электрондық-цифрлық қолтаңба (ЕЦҚ) қажет. Қызмет алушы еgov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейiн электрондық өтiнiштi толтырып, ЕЦҚ-мен қол қоюы тиiс. Өтiнiшпен қоса фотосурет пен қойған қолының скан-суретiн де жолдап, сондай-ақ мемлекеттiк баж салығын төлеу керек. Айта кетейiк, жүргiзушi куәлiгiнiң баж салығы 1,25 АЕК (3007 теңге) құрайды.
Қызметтi онлайн тәртiпте рәсiмдегеннен кейiн жеке кабинеттегi «Қызметтердi алу тарихы» бөлiмiнен толтырылған электрондық өтiнiштi және «Қызметтердi төлеу тарихы» бөлiмiнен мемлекеттiк баж салығын төлеу туралы электрондық чектi басып шығару керек.
Сосын дайын құжатты алып кету үшiн тұрғылықты жерде орналасқан мамандандырылған ХҚО-ға немесе жол полициясының ТЕБ-не бара беруiңiзге болады. Өзiңiзбен бiрге қағазға басып шығарылған өтiнiш пен чектi, ауыстыратын жүргiзушi куәлiгiн, жеке басыңызды куәландыратын құжат, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамның
баспасөз қызметi
Бүгiн Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтiң қатысуымен кеңейтiлген алқа отырысы өттi.
«Цифрландыру саласында сiздер құзыреттi орталыққа айналу керексiздер. Бұл үшiн сiздерде барлық ресурстар мен мүмкiндiк бар. Мобильдi үкiметтi қалыптастыру үшiн мекемелердiң ақпараттық жүйелерiн бiрiктiру үрдiсiн қарқынды түрде жүргiзiп, халықты жаңашылдықтар туралы құлағдар етуге де күш салыңыздар», — дедi А. Жұмағалиев.
Ақпарат және коммуникация министрi Дәурен Абаев өз кезегiнде министрлiктiң «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан iс-шаралары туралы баяндап, алдағы мақсат-мiндеттерiмен бөлiстi. «Мемлекет басшысы бiздiң алдымызға қойған барлық тапсырманы жүзеге асыруға кiрiстiк. Бiр жылдың iшiнде жоспардағы шаруаларды толық атқардық деген ойдамын. Олардың арасында ақпарат саласы, байланыс, ақпараттандыру мен мемлекеттiк қызмет бағыттары бар. Сонымен қатар, ақпарат және коммуникация бойынша заң жобасына түзетулер енгiзiлдi. Ең бастысы биыл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды», — дедi министр. Сондай-ақ ол «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның атқарып жатқан жұмыстарына да тоқталды.
Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн қызметтердi iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның қызметтердi оңтайландыру және автоматтандыру барысындағы жұмысы қарқынды түрде жүрiп жатыр. Былтыр 415 мемлекеттiк қызмет сарапқа салынып, оның 206-сын оңтайландыру туралы шешiм қабылданды. Комиссия жұмысының қорытындсы бойынша жүзеге асқан пилоттық жобалардың iшiнде «Анықтамасыз қызмет» — «Paper free» сервисi де бар. Бұл жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшiншi тұлғалар электрондық үкiмет порталынан ақпараттық анықтамалар ала алады.
Кездесу барысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен биылғы жылдың мақсат-мiндеттерi туралы баяндады. Сондай-ақ ол былтыр 29 желтоқсанда iске қосылған бала туу бойынша проактивтi қызмет желiсiмен де бөлiстi. Осы жобаға сәйкес жаңа босанған 34 мыңнан астам әйелге мемлекеттiк қызметтердi телефон арқылы алу ұсынысымен SMS-хабарлама жолданып, оның 17 мыңнан астамы бұл мүмкiндiктi тиiмдi пайдаланған. Проактивтi мемлекетке көшуге бағытталған жоба аясында фронт-офиске бармай-ақ, тiптi үйден шықпай-ақ, туу туралы куәлiк пен тиiстi жәрдемақыларды рәсiмдеуге, сәбидi балабақшаға кезекке қоюға болады. Жуырда жаңа туған баланы SMS көмегiмен тұрғылықты жерге тiркеу қызметi де iске қосылады.
«Биыл бiз жылжымайтын мүлiк иесiнiң мәлiметтерiнiң өзгеруiне, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк төленуiне, сондай-ақ мүгедектiктi белгiлеу мен атқарушылық iс жүргiзудi қозғауға қатысты мемлекеттiк қызметтердi көрсету барысын да проактивтi тәсiлге көшiремiз», — дедi А. Оспанов. Сондай-ақ биыл халықтың цифрлық сауаттылығын 77 пайызға дейiн арттыру көзделген. Осы мақсатта алдағы уақытта ел бойынша тағы 15 цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) ашылады. Қазiргi таңда цифрлық ХҚО тек Астана қаласында бар.
Еске сала кетейiк, 2017 жылы мемлекеттiк корпорация 38 миллионнан астам мемлекеттiк қызмет көрсетiп, оның 63 пайызын электрондық нұсқада ұсынды.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкiметтiң» төрағасы Абылайхан Оспанов мәлiмдедi. Ендi азаматтар мемлекеттiк органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және жылжымайтын мүлiктiң болуы/болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзiнде апаруға мiндеттi емес.
ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтiң тапсырмасымен электрондық үкiмет порталында «Анықтамасыз қызмет» — «Paper free» сервисi iске қосылды. Жаңа пилоттық жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшiншi тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкiндiк бередi. «Биыл 25 қаңтардан 5 ақпанға дейiн халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 312 мың электрондық анықтама берiлдi. Бұл орайда бiз сауалнама жүргiзiп, анықтамалардың 45 пайызын азаматтар коммуналдық қызметтер мен бiлiм беру мекемелерiне тапсыру мақсатында алғанын анықтадық», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.
Мысалы, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер оқушылардан мекенжай анықтамасын сұратады, нәтижесiнде миллиондаған ата-ана ХҚО-ға ағылады. Егер «Paper free» сервисi енгiзiлсе, оқу орындары электрондық үкiмет порталынан қажеттi құжатты сұрата алады, ал қызмет алушы, яғни ата-ана SMS-хабарлама арқылы электрондық анықтама алуға бiр реттiк рұқсат бергенiн растап, фронт-офиске бару мiндетiнен құтылады.
Бұл сервистi қолдану үшiн мобильдi азаматтар базасына тiркелу қажет. «Анықтамасыз қызмет» механизiмiне сәйкес мүдделi тұлға электрондық үкiмет порталында авторизациядан өтуi тиiс. Сосын «Үшiншi тұлғалардың анықтама алуы сервисi» бөлiмiн таңдап, қай азамат туралы мәлiмет алғысы келедi соның жеке сәйкестендiру нөмiрiн жазуы тиiс. Егер азамат мобильдi азаматтар базасында тiркелген болса, мүдделi тұлға анықтама түрiн таңдап, өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қояды. Сол сәтте портал автоматты түрде азаматқа SMS-хабарлама жолдап, үшiншi тұлғаға мәлiмет беру/бермеу жөнiнде шешiм қабылдауды сұрайды. Азамат екi сағаттың iшiнде жауап беруi тиiс.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында iске қосылған «Paper free» нәтижесiнде қағаз жүзiндегi анықтамалар саны 24 миллионға дейiн кемiп, халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушiлердiң қатары да азаяды.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның кезектi отырысында Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң құзырындағы мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру туралы шешiм қабылданды. Биылғы жылдың соңына дейiн кәсiпкерлер үшiн алкогольдiк өнiмдердi сақтау, көтермелеп және жекелеп сатуға лицензия алу айтарлықтай жеңiлдейдi.
Қазiр кәсiпкерлер алкоголь саудасына төрт құжат жинаса, болашақта тек қана электрондық үкiмет порталында мәлiметтер формасын ғана толтырып, мемлекеттiк баж салығын төлеп, өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қоюы жеткiлiктi. Ал өзге де қажеттi мәлiметтердi мемлекеттiк органавтоматты түрде тиiстi ақпараттық жүйелерден алады.
Сондай-ақ рұқсатқа қол жеткiзу мерзiмi он бес жұмыс күнiнен бiр күнге дейiн қысқарады. Ал этил спиртi мен темекi өнiмдерiн шығару лицензиясын алу мерзiмi он бес күннен он жұмыс күнiне дейiн шегерiледi.
Еске сала кетейiк, Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда алкоголдiк өнiмдердi сақтау және жекелеп сату лицензиясының құны 100 АЕК, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарда — 70 АЕК, ауылдық елдi-мекендерде — 30 АЕК, сондай-ақ, көтермелеп сату және сақтау лицензиясы 200 АЕК құрайды. Рұқсатты қайта рәсiмдеу — лицензия берiлгендегi төлемнiң 10%, көшiрмесiн жасату — 100% құрайды.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi
Биыл «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Iшкi iстер министрлiгiмен бiрге автокөлiк иелерiне жаңа мүмкiндiк ұсына бастады. Ендi көлiкке әдемi нөмiр алғанда, сандарды ғана емес әрiптердi де таңдауға болады.
15 қаңтардан бастап iске қосылған қызметке сәйкес қазақстандық автожүргiзушiлер мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерi арқылы симметриялық нөмiр белгiлерiн таңдай алады. Бұл үшiн азаматтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) өтiнiмдерiн рәсiмдеп, мемлекеттiк алымды төлеулерi тиiс.
2014 жылдан бастап автокөлiк иелерi ел арасында «айна нөмiр» деп аталатын симметриялық нөмiрлердi сатып алу мүмкiндiгiне қол жеткiзген едi. Ендi азаматтар ақылы түрде сандар мен әрiптердi өз қалауынша қиыстырып ала алады. Мысалы, тiлек бiлдiрушiлер 010, 020, 030, 077, 707 сияқты жоғары сұранысқа ие нөмiрлерге 5 700% АЕК көлемiнде төлейдi, ал осындай таңдаулы сандарға қоса әрiптердiң де симметриялы болғанын қаласаңыз, оның құны — 11 400% АЕК. 2017 жылы жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге 4500-ден астам таңдаулы нөмiр сатылған.
Сондай-ақ, егер азаматтың қалаған нөмiрлiк белгiсi базада болмаса, онда қажеттi мемлекеттiк алымды төлеп, мамандандырылған ХҚКО арқылы тапсырыс беруге болады.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының СҚО бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Петропавл қ. Мамандандырылған бөлiмнiң мекен-жайы: Нефтепроводная к-сi, 7Б, тел.: 50-49-08, 50-49-09.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлiк қоғамының баспасөз қызметi
Мемлекеттiк қызметтердi проактивтi принцип бойынша алған алғашқы қазақстандық Астана қаласының тұрғыны Роза Айнабекова болды. Оның нәрестесi Айымға туу туралы куәлiгiн мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов табыс еттi.
Жаңа жыл қарсаңында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бала туған ата-аналарға мемлекеттiк қызметтердi проактивтi тәсiлмен көрсету жобасын жүзеге асыра бастады. Ендi ақпараттық жүйелердiң бiрiгуiнiң арқасында жаңа туған нәрестенi тiркеу бойынша өтiнiш автоматты түрде келетiн болады.
Пилоттық жоба iске қосылғаннан берi SMS-хабарлама арқылы 1208 әйелге SMS-хабарлама арқылы құттықтау келiп, сәбидi тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтердi проактивтi принциппен алу ұсынысы жасалды. Бұл орайда Электрондық үкiмет порталы барлық мәлiметтердi түрлi мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен жинап, ал өзге деректердi SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.
Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмiрiн жiберiп, жәрдемақыларды рәсiмдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлiгiн алып кету үшiн ғана келу керек немесе үйге жеткiзу қызметiн пайдалануға болады.
Көп ұзамай әлеуметтiк қамсыздандыру және зейнетақы саласына қатысты қызметтер де проактивтi принциппен ұсынылатын болады. Еске сала кетейiк, мемлекеттiк қызметтерге проактивтi тәсiлмен қол жеткiзу үшiн азаматтар жеке сәйкестендiру нөмiрiн порталдағы жеке кабинетiнде көрсетiлген телефон нөмiрiне бекiтуi тиiс.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлiк қоғамының баспасөз қызметi
Бүгiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бiрге бала туған ата-аналарға көрсетiлетiн қызметтердiң проактивтi әдiсi бойынша пилоттық жобаны iске қосты.
Ендi ақпараттық жүйелердiң бiрiгуiнiң арқасында жаңа туған азаматты тiркеу бойынша өтiнiш автоматты түрде келетiн болады. Бала өмiрге келiсiмен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келiп, сәбидi тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтi алу ұсынысы жасалады.
Электрондық үкiмет порталы барлық мәлiметтердi түрлi мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен жинап, ал өзге деректердi SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.
«Қазiргi таңда бала туғаннан кейiн ата-аналар баланы тiркеу, куәлiк алу, жәрдемақы тағайындау және балабақшаға кезекке қою үшiн халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы тиiс. Бүгiннен бастап проактивтi қағидаттың iске қосылуына байланысты ендi фронт-офистерге барудың, тiптi электрондық үкiмет порталына жүгiнудiң де қажетi жоқ. Барлық қажеттi қызметтердi ол SMS-хабарлама арқылы ала алады. Бiрақ SMS-хабарлама алу үшiн азаматтар кез-келген ХҚКО-ға барып, өздерiнiң телефон нөмiрлерiн порталдағы жеке кабинеттерiнде бекiтуi тиiс», — дедi «Азаматтарға арналған үкiметтiң» Қоғаммен байланыс департаментiнiң директоры Мұрат Жұманбай.
Баланы тiркеу, жәрдемақыны рәсiмдеу және балабақшаға кезекке қою қызметтерiн ХҚКО-дан да алуға болады. «Бала туу» композиттiк қызметi проактивтi тәсiлмен ұсынылады. Яғни телефон арқылы шот нөмiрiн жiберiп, жәрдемақыларды да рәсiмдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа ызмет көрсету орталығына баланың куәлiгiн алып кету үшiн ғана келу керек немесе үйге жеткiзу қызметiн пайдалануға болады.
Еске сала кетейiк, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк қызмет көретудi проактивтi тәсiлге көшiру үрдiсiн ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаевтың тапсырумен қолға алған болатын.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлiк қоғамының баспасөз қызметi
Аудандық бөлім атауы | Елді мекеннің атауы | Тұрғындар саны | Елді мекеннің аудан орталығы нан арақашық тығы | Қызмет көрсету күні | Қызмет көрсету ге шығу саны | Азамат тарды қабыл дау орны | Азамат тарды қабыл дау уақыты | Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ | ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ | Автокөлік маркасының атауы және нөмірі |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Айыртау аудандық бөлімі | Арыкбалык а/о, Арыкбалык а. | 2299 | 42 | 2018 ж. 04.01 2018 ж. 10.01 | 2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | Абдильманова С.К. | Кожахимов Р.С., Баймагамбетова А.К. | SsongYong – 389AN15 |
Нижнебурлук а/о, Нижний Бурлук а. | 819 | 65 | 2018 ж. 05.01 2018 ж. 11.01 | 2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | Нурманова А.Ж. | |||
Барлығы | 2 елді мекен | 3118 | 107 | 8 |
Аудандық бөлім атауы | Елді мекеннің атауы | Тұрғындар саны | Елді мекеннің аудан орталығы нан арақашық тығы | Қызмет көрсету күні | Қызмет көрсету ге шығу саны | Азамат тарды қабыл дау орны | Азамат тарды қабыл дау уақыты | Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ | ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ | Автокөлік маркасының атауы және нөмірі |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Айыртау аудандық бөлімі | Имантау а/о, Имантау а. | 2296 | 56 | 2018 ж. 12.02 2018 ж. 16.02 | 2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | Ларионова Н.И. | Кожахимов Р.С., Баймагамбетова А.К. | |
Камсакты а/о, Карасевка а. | 391 | 65 | 2018 ж. 13.02 2018 ж. 19.02 | 2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | Рыжова В.Г. | |||
Барлығы | 2 елді мекен | 2687 | 121 | 4 |
Аудандық бөлім атауы | Елді мекеннің атауы | Тұрғындар саны | Елді мекеннің аудан орталығы нан арақашық тығы | Қызмет көрсету күні | Қызмет көрсету ге шығу саны | Азамат тарды қабыл дау орны | Азамат тарды қабыл дау уақыты | Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ | ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ | Автокөлік маркасының атауы және нөмірі |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Айыртау аудандық бөлімі | Константиновка а/о, Константиновка а. | 903 | 85 | 2018 ж. 01.03 2018 ж. 06.03 | 2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | Черненко Т.В. | Кожахимов Р.С., Баймагамбетова А.К. | SsongYong – 389AN15 |
Гусаковка а/о, Гусаковка а. | 658 | 90 | 2018 ж. 02.03 2018 ж. 07.03 | 2 | Ауылдық округ әкімдігі | 10:00 | Матушко О.Н. | |||
Барлығы | 2 елді мекен | 1561 | 175 | 4 |
Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күнi «Жемқорлыққа қарсы бiрiншi медиа-форум» қоғамдық бiрлестiгi қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттiк органдар, сондай-ақ БАҚ өкiлдерiн «Қоғамдық құрмет-2017» ұлттық сыйлығымен марапаттаудың V рәсiмiн өткiздi.
«Саяси жiгерлiгi үшiн» номинациясы бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласын жетiлдiрiп, сапасын көтергенi және керi байланысты қамтамасыз еткенi үшiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның төрағасы Абылайхан Оспанов марапатталды.
А.Оспановтың айтуынша, бұл — марапат күн сайын мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласында тер төгiп жүрген 22 мыңға жуық қызметкердiң еңбегi, сондықтан саланы дамытып, сапасын көтеруде ұжымның рөлi зор.
«Мемлекеттiк корпорациясын құру — Елбасымыздың Ұлттық жоспарында көсреткен нақты қадамдардың бiрi. Және бұл марапат мемлекеттiк қызмет көрсетудi ашық және барынша қолжетiмдi ету жолында «Азаматтарға арналған үкiмет» дұрыс бағытта келе жатқанын дәлелдейдi», — дедi Оспанов.
Желтоқсан
№ | Аудандық бөлім атауы | Елді мекеннің атауы | Тұрғындар саны | Елді мекеннің аудан орталығы нан арақашық тығы | Қызмет көрсету күні | Қызмет көрсету ге шығу саны | Азамат тарды қабыл дау орны | Азамат тарды қабыл дау уақыты | Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ | ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ | Автокөлік маркасының атауы және нөмірі |
2 | «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Айыртау аудандық бөлімі | Гусаковский а/о, Береславка а. | 191 | 119 | 2017 ж. 19.12 2017 ж. 28.12 | 2 | Акимат сельского округа | 10:00 ч | Матушко О.Н. | Кожахимов Р.С., Баймагамбетова А.К. | |
Казанский а/о, Всеволодовка а. | 298 | 61 | 2017 ж. 22.12 2017 ж. 29.12 | 2 | Акимат сельского округа | 10:00 ч | Городецкий А.В. | ||||
Барлығы | 2 елді мекен | 489 | 442 | 4 |
2017 жылғы 7 қарашада халыққа қызмет көрсету жұмысын жетiлдiру мәселелерi бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев пен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың қатысуымен жұмыс кеңесi өттi.
БАҚ қатысқан iс-шарада ХҚКО арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетудегi өзектi мәселелер талқыланды. Кеңес аяқталғаннан кейiн брифинг өтiп, сұрақтар қойылды.
Жұмыс кеңесi кезiнде мемкорпорацияның жоспары туралы да айтылды. Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiмен бiрiгiп жасалған сервиске сәйкес, қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда мемлекеттiк органдар мен жеке ұйымдарға «электронды үкiмет» арқылы анықтама беру қызметiн iске қосу жоспарлануда. Бұл қызмет түрi ХҚКО қызметкерлерiнiң қатысуысыз өтедi. Азамат жеке мәлiметтерiн беру-бермеу жөнiнде шешiмдi өзi қабылдап, SMS-хабарлама арқылы жауап бередi.
Мемлекеттiк органдар мен жеке ұйымдарға, соның iшiнде екiншi деңгейлi банктерге анықтама беру сервисiн жүзеге асырсақ, электронды анықтама берудi 21,5 млн қысқартуға мүмкiндiк бередi. Мысалы, қазiр жәрдемақы тағайындаған кезде банк шотының нөмiрi туралы анықтаманы әкелу қажет. Интеграцияның арқасында қызмет алушыға бұл анықтаманың қажетi болмайды.
Жалпы, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын iске асыру аясында қызметтердi көрсетудiң проактивтi түрiне өту бойынша мемкорпорация мемлекеттiк органдармен бiрге қыруар жұмыстар атқаруда. Болашақта ақпараттық жүйелердегi мәлiметтер автоматты түрде өзгеретiн болады.
Кеңестен кейiн қатысушылар жаңартылған ахуал орталығымен танысты. Орталық қайта жасақталғаннан кейiн мемлекеттiк қызметтердi ұсыну сапасын бақылау деңгейi өстi. Құралдар мен техникалар жаңартылып, қызметкерлерге жайлы жұмыс орны қамтамасыз етiлдi. «Азаматтарға арналған үкiметтiң» ахуал орталығы қызметкерлерi халыққа қызмет көрсету орталықтарын үнемi бейнебақылау арқылы қадағалайды. Бүгiнгi таңда ахуал орталығына халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлық фронт-офистерi қосылған.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлiк қоғамының Баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Астанадағы мемлекеттiк қызмет саласындағы Өңiрлiк хабпен бiрге ұйымдастырған «Қазақстанның мемлекеттiк қызметтi дамыту саласындағы тәжiрибесi. Инновациялық тәсiлдер: сын-тегеурiндер мен шешiмдер» атты халықаралық конференция барысында басқа елдерден келген қатысушылар Қазақстанның мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы тәжiрибесiмен танысып, инновациялық жобаларды мемлекеттiк басқару секторына енгiзу мүмкiндiктерiн талқылады.
Конференцияның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрiнiң орынбасары Қайрат Балықбаев, Астанадағы мемлекеттiк қызмет саласындағы Өңiрлiк хабтың басқарушы комитет төрағасы Әлихан Бәйменов, Сингапурдағы мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiндегi БҰҰ «Даму» бағдарламасы ғаламдық орталығының директоры Макс Эверест Филлипс және т.б. сөз сөйледi.
Спикерлердiң айтуынша, қазiр Қазақстан UNDESA электрондық үкiметтi дамыту индексi аясында 27-шi орында, яғни бұл үкiметтiң халыққа мемлекеттiк қызметтердi ұсыну тәртiбiн жеңiлдетуге бағытталған белсендi жұмысының көрсеткiшi.
Бүгiнгi таңда мемлекеттiк қызметтер бiрнеше тәсiл бойынша көрсетiледi: электрондық үкiмет порталы арқылы (700-ден астам қызметтер мен сервистер), Халыққа қызмет көрсету орталықтары (548 мемқызмет), Mgov мобильдi қосымша (80-нен астам қызмет пен сервистер). Айта кетейiк, халықаралық үкiметтiк саммитте Mgov мобильдiк үкiметтiң үздiк қосымшасы боп танылды. Мемкорпорацияға келсек, қазiр 723 мемлекеттiк қызметтiң 548-i «Азаматтарға арналған үкiметтiң 349 фронт-офистерi арқылы ұсынылады. Және бұл көрсеткiш жылдан-жылға ұлғайып келедi (2011 жылы ХҚКО арқылы 51 мемқызмет ұсынылған). Қазiр қызметтер толық циклмен көрсетiлгендiктен, сұратылатын құжаттар мөлшерi азайды. Ал қызметтер электронды түрге көшiрiлгендiктен, Мемлекеттiк корпорацияға келушiлер саны қысқарды.
ХҚКО-ның сапасын көтерген басты ерекшелiк — түрлi органдардың құжаттарын «бiр терезе» қағидаты бойынша дайындап беру. Мысалы, Әзiрбайжан, Малайзия, Сингапур және тағы басқа елдерде түрлi органдардың құжат дайындаушы өкiлдерi бiр ғимаратта болғанымен, бөлек бұрыштарда қызмет көрсетедi. Ал қазақстандықтар түрлi органның құжаттарын алу үшiн әр бұрышқа барып кезек тұрмайды, «бiр терезе» арқылы ХҚКО-ның кез-келген қызметкерiнен ала алады.
Конференцияға қатысушы елдердiң өкiлдерi Қазақстанның тәжiрибесiн зерттеу реформалар өткiзу кезiндегi ақпараттық-сараптамалық жұмыстың базасын күшейтуге септiгiн тигiзетiнiне, сонымен қатар мемқызметтердi көрсету саласында тәжiрибе алмасу барысында тиiмдi диалог орнататынына сенiмдi.
Анықтама:
Iс-шара Тәжiрибешiлдер альянсының ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) институттарының тиiмдi платформасы негiзiндегi «тең теңiмен» принципi бойынша жасалған серияларының жалғасы болды. Альянсты 2016 жылдың сәуiрiнде Астаналық хаб iске қосты. Нәтижесiнде Қазақстан, Әзiрбайжан, Грузияда мемқызметтердi «бiр терезе» принципi арқылы көрсету саласында үш зерттеу жасалды. 2017 жылдың мамыр айында Сингапурда өткен мемқызметтердi көрсетудi жетiлдiру бойынша ғаламдық семинарда осы үш елдiң тәжiрибесi ұсынылды. Бұл ғаламдық семинарды ұйымдастыруға Қазақстан өкiлдiгi мен Аймақтық хаб ат салысқан едi.
Қараша
№ | Аудандық бөлім атауы | Елді мекеннің атауы | Тұрғындар саны | Елді мекеннің аудан орталығы нан арақашық тығы | Қызмет көрсету күні | Қызмет көрсету ге шығу саны | Азамат тарды қабыл дау орны | Азамат тарды қабыл дау уақыты | Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ | ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ | Автокөлік маркасының атауы және нөмірі | Ескерту |
1 | «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Айыртау аудандық бөлімі | Константиновский а/о, Матвеевка а. | 219 | 75 | 2017 ж. 01.11 2017 ж. 10.11 | 2 | Акимат сельского округа | 10:00 ч. | Черненко Т.В. | Кожахимов Р.С., Баймагамбетова А.К. | SsongYong – 389AN15 | |
Камсактинский а/о, Кумтоккен а. | 328 | 84 | 2017 ж. 02.11 2017 ж. 14.11 | 2 | Акимат сельского округа | 10:00 ч. | Рыжова В.Г. | |||||
Барлығы | 2 елді мекен | 547 | 159 | 4 |
Қазан
№ | Аудандық бөлім атауы | Елді мекеннің атауы | Тұрғындар саны | Елді мекеннің аудан орталығы нан арақашық тығы | Қызмет көрсету күні | Қызмет көрсету ге шығу саны | Азамат тарды қабыл дау орны | Азамат тарды қабыл дау уақыты | Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ | ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ | Автокөлік маркасының атауы және нөмірі | Ескерту |
2 | «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Айыртау аудандық бөлімі | Константиновский а/о, Аканбурлык а. | 251 | 120 | 2017 ж. 12.10 2017 ж. 23.10 | 2 | Акимат сельского округа | 10:00 ч. | Черненко Т.В. | Кожахимов Р.С., Баймагамбетова А.К. | SsongYong – 389AN15 | |
Камсактинский а/о, Светлое а. | 428 | 100 | 2017 ж. 18.10 2017 ж. 24.10 | 2 | Акимат сельского округа | 10:00 ч. | Рыжова В.Г. | |||||
Барлығы | 2 елді мекен | 679 | 220 | 8 |
«Азаматтарға арналған үкiмет» «Қазпочта» АҚ-мен бiрлесiп, пилоттық жобаны iске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мемлекеттiк корпорацияның қызметтерiн «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлiмшелерiнде ала алады.
Әзiрше 66 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, оның iшiнде электрондық анықтамаларды беру, баланың туылуын тiркеу, баланың туылуы мен күтiмiне байланысты жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру, запастағы офицерлерге әскери билеттер және олардың телнұсқаларын (әскери билеттiң орнына уақытша куәлiктер) беру және тағы да басқа қызметтер бар.
«Азаматтар арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, мемлекеттiк корпорацияда шалғайдағы ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттiк қызметтердi еркiн алуына ерекше назар аударылып келедi. Осылайша, 2012 жылдан бастап бүкiл Қазақстан бойынша 70 мобильдiк ХҚКО жұмыс iстейдi, олар әкiмдiктердiң өтiнiмдерi бойынша елдi мекендерге шығып, қызмет көрсетедi. Жыл басынан берi олар 7455 рет ауыл тұрғындарына барып, 335 736 қызмет көрсеткен.
Қазпочта бөлiмшелерi арқылы танымал мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң пилоттық жобасы — азаматтарға уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкiндiк беретiн ыңғайлылыққа арналған тағы бiр қадам. Пилоттық жоба алдымен Шығыс Қазақстан облысында екi ай бойы тестiлеуден өттi, нәтижесiнде оны Қазақстанның барлық аумағында қолдану туралы шешiм қабылданды. «Пилоттық жобаны тестiлеуде ШҚО почта байланысы бөлiмшелерiнде 233 құжат берiлген. Одан бөлек, бiздiң жұмысымызға тұрғындар тарапынан жақсы пiкiрлер айтылып, оң бағалар берiлгендiктен, бiз оны елiмiздiң барлық аумағында жүргiзудi шештiк. Қазiргi таңда шалғай елдi мекендердiң тұрғындары почта байланысы бөлiмшелерi арқылы 1656 корпорация қызметiн ала алады. Демек, ендi бұл қызметтердi алу үшiн, олар аудан орталықтарына барып әуре болмайтын болды», — дедi Оспанов.
«Бiз ауыл тұрғындарын тек почта қызметiмен емес, сонымен қатар әр түрлi банк қызметтерiмен, әрине, оның iшiнде ХҚКО қызметiмен де қамтамасыз ететiн боламыз. Өйткенi ауылда көбiне почта байланысы бөлiмшелерi ғана жұмыс iстейдi. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi почта арқылы алу үшiн, ауыл тұрғындары құжаттар пакетiн ұсынулары, қызмет көрсетуге жазбаша түрде өтiнiш берулерi және қажет болған жағдайда, мемлекеттiк баж салығын төлеулерi тиiс. Қазпочта операторы өтiнiштердi қабылдап, құжаттар пакетiн қалыптастырады және оны жақын жердегi халыққа қызмет көрсету орталығына жөнелтедi. Онда ХҚКО инспекторы қызметтi ресiмдеп, курьер арқылы дайын құжаттарды жiбередi», — деп қосты «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсенов.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
коммерциялық емесакционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi
Азаматтарға арналған үкiметте тағы да кезектi пилоттық жоба — «Сiздiң дербес менеджерiңiз» iске қосылды. Дербес менеджер қызметiн пайдаланған адамтүрлi анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi атқарады. Дербес менеджер мемлекеттiк қызметтi жеке көрсетедi, қажеттi анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру бередi және т.б.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтыңайтуынша, қазiргi уақытта көптеген қызметтердi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiбарынша азайтылған. «Алайда, ХҚКО-дан басқа да мекемелерге баруға тура келетiн «күрделi» қызметтер бар. Мысалы, автосалоннан несиеге немесе бөлiп төлеуге көлiк сатып алған кезде, бiздiң дербес менеджерiмiзөздiгiнен жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркейдi, көлiктi есепке қояды және қажет болса, барлық дайын құжаттарды үйге жеткiзiп бередi», — деп түсiндiрдi Оспанов.
Жаңа сервис мемлекеттiк корпорацияның облыстық маңызы бар қалалардағы 3 7 фронт-офистерiнде, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында iске қосылды, ол ХҚКО-ға баруға және құжаттар жинауға уақыты жоқ жандарға арналып отыр. Жоба банктен несие алушылар, көлiк сатып алушылар мен бизнес өкiлдерi арасында сұранысқа ие болады деп күтiлуде.
Оспановтың айтуынша, дербес менеджер қарапайым анықтамалар бойынша кеңестер алу үшiн ғана емес, басқа да өте сұранысқа ие «күрделi» мемлекеттiк қызметтердi, оның iшiнде жылжымайтын мүлiк объектiсiн және кепiл шартын тiркеу, жер учаскесiне жекеменшiк құқығына актiлердi ресiмдеу және алу,жеке және заңды тұлғалар үшiн нотариалды куәландырусыз жылжымайтын мүлiкке сату-сатып алу/алмастыру/сыйға тарту шартынтар жасай отырып, тiркеу қызметтерi үшiн қолжетiмдi болып табылады. Келешекте бұл тiзiм ұлғаятын болады. Азаматтың атына құжаттарды жинауды корпорация қызметкерi нотариалды куәландырылған сенiмхат негiзiнде жүзеге асыратын болады.
Кеңестер берудi дербес менеджер телефон, «Telegram» және «Whatsapp» вэб-мессенджерi арқылы дүйсенбi мен сенбi аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн жүргiзедi, ал дайын құжаттар қызмет алушының электрондық поштасына жiберiледi немесе өз қолына жеткiзiледi. Дербес менеджер қажет болған жағдайда, тапсырыс берушiнiң үйiне барады.
Дербес менеджердiң қызметi жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетiледi. Мұндай қызметтiң құны мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң күрделiлiгiне және елдi мекеннiң орналасқан жерiне байланысты болады. Дербес менеджер көрсететiн қызметтердi пайдалануға болатын ХҚКО-лардың толық тiзiмiн www.gov4c.kz сайтынан алуға болады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi
Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустер өздері үшін және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері базасында аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.
Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін, төлеушілерге міндетті аударымдар мен жарналар бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастыруға көмектесін «Міндетті әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын есептеу» автоматтандырылған арнайы жүйесі әзірленді. Оны
https://gov4c.kz/programmnye-produkty сілтемесі бойынша өтіп, тегін орнатуға болады.
Сондай-ақ ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер 1 шілдеден бастапміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойыншатұрақты түрде аударулары тиіс ағымдағы шоттың ашылғанын хабарлаймыз:
Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
БСК: GCVPKZ2A
ЖСК: KZ92009MEDS368609103
БСН: 160440007161
Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:
121 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;
122 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;
123 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;
124 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік
қоғамыныңбаспасөз қызметі
Сәуiр
№ | Аудандық бөлім атауы | Елді мекеннің атауы | Тұрғындар саны | Елді мекеннің аудан орталығы нан арақашық тығы | Қызмет көрсету күні | Қызмет көрсету ге шығу саны | Азамат тарды қабыл дау орны | Азамат тарды қабыл дау уақыты | Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ | ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ | Автокөлік маркасының атауы және нөмірі | Ескерту |
1 | «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Айыртау аудандық бөлімі | Антоновский с/о Лавровка с. | 515 | 42 | 17.04.2017 ж. 24.04.2017 ж. | 2 | Ауылдық округі әкімдігі | 10:00 с | Гергерт С.Н. | Кожахимов Р.С., Баймагамбетова А.К. | SsongYong – 389AN15 | |
Гусаковский с/о Hовосветловка с. | 479 | 102 | 21.04.2017 ж. 28.04.2017 ж. | 2 | Ауылдық округі әкімдігі | 10:00 с | Матушко О.Н. | |||||
Барлығы | 2 елді мекен | 994 | 144 | 4 |
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияда сөйлеу және есту қабiлетi бұзылған азаматтарға мемлекеттiк қызметтердi көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Ендi бұл адамдарға ымдау тiлiнiң кәсiби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимiнде сурдоаударма ұсынатын болады. Бұл пилоттық жоба Азаматтарға арналған үкiметтiң бастамасымен «Ауған соғысының қазақстандық республикалық мүгедектер бiрлестiгi» қоғамдық бiрлестiгiмен бiрiге отырып жүзеге асырылды.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша бүгiнде халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаударма тiлiн меңгерген 862 маман жұмыс iстеуде. «Дегенмен де, бiз осымен тоқтап қалмай, одан әрi дамытуды жөн көрдiк. Ендi ХҚКО-ның жеңiлдiк терезесiне жүгiнген сөйлеу және есту қабiлеттерi бұзылған тұлғалар ым-ишарат тiлiнде қажеттi құжатты қалай алу керектiгiн шынайы уақыт режимiнде айтып беретiн, онлайн сурдоаударма арқылы қызмет ала алады» — дедi Оспанов.
Әзiрге бұл пилоттық жоба Астана мен Алматының ХҚКО-ларында жүзеге асырылған, ал басқа аудандарда пилоттық жобаны жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргiзiлуде.
Сондай-ақ, Оспановтың айтуынша бүгiнде «Азаматттарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi кедергiсiз және сапалы көрсетуге мүмкiн болатын барлық жағдайларды жасауда. Мысалы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пандус немесе шақырту қоңырауы, жеңiлдiк терезелерi, ал 1 және 2 топтық мүгедектiгi бар тұлғалар Бiрiңғай байланыс орталығының 1414 нөмiрiне қоңырау шалу арқылы ХҚКО-ны үйiне шақыруына болады.
Айта кетсек, өткен жылы мемлекеттiк корпорация жұмыскерлерi 1 және 2 топтық мүгедектiгi бар азаматтарға 39 мыңға жуық қызметтi үйiнде көрсеткен.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамы баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 27 06 58 (iш. 109)
Наурыз
Аудандық бөлім атауы | Елді мекеннің атауы | Тұрғындар саны | Елді мекеннің аудан орталығы нан арақашық тығы | Қызмет көрсету күні | Қызмет көрсету ге шығу саны | Азамат тарды қабыл дау орны | Азамат тарды қабыл дау уақыты | Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ | ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ | Автокөлік маркасының атауы және нөмірі | Ескерту |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Айыртау аудандық бөлімі | Константиновский а/о, Константиновка а. | 930 | 80 | 01.03.2017 ж. 10.03.2017 ж. | 2 | Ауылдық округі әкімдігі | 10:00 ч | Черненко Т.В. | Кожахимов Р.С., Жакжанова Н.Ж. | SsongYong – 389AN15 | |
Гусаковский а/о, Гусаковка а. | 654 | 90 | 03.03.2017 ж. 13.03.2017 ж. | 2 | Ауылдық округі әкімдігі | 10:00 ч | Сущенко Е.С. | ||||
Барлығы | 2 елді мекен | 1584 | 170 | 4 |
Ақпан
Аудандық бөлім атауы | Елді мекеннің атауы | Тұрғындар саны | Елді мекеннің аудан орталығы нан арақашық тығы | Қызмет көрсету күні | Қызмет көрсету ге шығу саны | Азамат тарды қабыл дау орны | Азамат тарды қабыл дау уақыты | Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ | ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ | Автокөлік маркасының атауы және нөмірі | Ескерту |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Айыртау аудандық бөлімі | Имантауский а/о, Имантау а. | 2299 | 54 | 15.02.2017 ж. 24.02.2017 ж. | 2 | Ауылдық округі әкімдігі | 10:00ч | Ларионова Н.И. | Кожахимов Р.С., Жакжанова Н.Ж. | SsongYong – 389AN15 | |
Камсатинский а/о, Карасевка а. | 423 | 65 | 17.02.2017 ж. 27.02.2017 ж. | 2 | Ауылдық округі әкімдігі | 10:00ч | Рыжова В.Г. | ||||
Барлығы | 2 елді мекен | 2722 | 119 | 4 |
«Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi» мемлекеттiк деректер базасының жұмысын қалыпқа келтiру бойынша техникалық жұмыстар аяқталды. Ендi қазақстандықтар ХҚКО-лардан барлық мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуларына болады.
Жүйенiң iстен шығуы кезiнде жылжымайтын мүлiк саласы бойынша қызметтердi алу мүмкiн болмады, оның үстiне тұрғылықты жерi бойынша тiркелуге ниет бiлдiргендер мекенжайларының тiркелу кодын тексере алмағандықтан, тұрғылықты жерi бойынша уақытша тiркеуде қиындықтар болды.
Естерiңiзге сала кетсек, елiмiздiң ХҚКО-ларында уақытша тiркеу жалғасуда, оны қазақстандықтар қазiргi кезде кезексiз алуларына болады. ХҚКО-лардағы кезек саны туралы ақпаратты мемлекеттiк корпорацияның www.goscorp.kz ресми сайтынан көруге болады және ақпарат сағат сайын жаңартылып тұрады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 27 06 58 (iшкi 109)
Мемлекеттiк корпорация төрағасы Абылайхан Оспанов ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi алқасының кеңейтiлген отырысында: «Азаматтарға арналған үкiмет» дамуының перспективалары туралы, заманауи ХҚКО-лар құру, үйге барып қызмет көрсету және мемлекеттiк қызметтердi алудың жаңа орындарының ашылуы туралы айтты.
Оспановтың айтуынша, қазiргi таңда мемлекеттiк корпорация трансформациялау жоспарын пысықтап жетiлдiруде. «Азаматтарға арналған үкiмет» азамат-мемлекет қарым-қатынастарын өзгертудiң негiзгi драйверi болуы тиiс. Ол үшiн корпорация азаматтармен өзара қарым-қатынас кезiнде тиiмдi және ең үздiк, сандық тәжiрибенi ендiрiп, iштен өзгеруi тиiс — дедi Абылайхан Оспанов.
Аталған жетiстiктерге жету үшiн мемлекеттiк корпорацияның 2017 жылы үш негiзгi даму бағыты анықталды. Бұл мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде сервистiң артуы, қызметтердi көрсету процесiнде жаңа технологияларды ендiру және қызмет көрсету спектрiн кеңейту. Осылайша, жақын арада қызметтi үйге жеткiзiп алуды қосу, Астана және Алматы қалаларында заманауи ХҚКО-ларды ашу жоспарланып отыр.
Мемлекеттiк корпорация басқармасының төрағасы кейбiр қызметтердi алу кезiнде тiркелген мекенжайына байланыстыруға, қызметтi берушiлердiң ақпараттық жүйеде кездесетiн құжаттарды талап етуге қатысты және т.б. бiрқатар проблемалық сұрақтарды көтердi. «Бiз мемлекеттiк қызметтердi алу кезiндегi қиыншылықтарды шешу жолдарымен жұмыс iстеудемiз. Қаңтар айында ҚР еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесiп босанған әйелдерге бала тууға және бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне жәрдемақы тағайындауды тiркелген орнына байланыстырмай, яғни облыс шеңберiнде ресiмдеуге жол беретiн пилоттық жоба iске қосылды. Қазiр бұл қызметтiң эксаумақтылығын Қазақстан бойынша енгiзу мәселелерi пысықталуда» — дедi Оспанов.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлiк қоғамы баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 27 06 58 (iш. 109)
Бүгiнде Азаматтарға арналған үкiмет арқылы 546 мемлекеттiк қызмет қолжетiмдi. Жаңа қызметтердiң басым бөлiгiн Ауыл шаруашылығы, ұлттық экономика министрлiктерiнiң және ҚР инвестициялар және даму министрлiгiнiң қызметтерi құрады.
Мемлекеттiк корпорацияда ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрiсiн басқару жүйесiн дамытуды субсидиялауды, АӨК (агроөнеркәсiп кешенi) саласында дайындау ұйымын аккредиттеудi, құрылыс объектiлерi жоспарларын кешендi ведомствоiшiлiк сараптау жүргiзуге үмiткер заңды тұлғаларды аккредиттеудi, ҚР резидентi болып табылмайтын және ҚР аумағында инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын т.с.с. тұлғаларға нвесторлық визалар алуға қолдаухат берудi рәсiмдеуге болады.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы бұл қызметтердi көрсету мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн өзгерткеннен және «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесiне (ХҚКО ЫАЖ) өзгерiстер енгiзгеннен кейiн мүмкiн болып отыр. Ендi азаматтардың бұл қызметтер үшiн мемлекеттiк ооргандарға жүгiну қажеттiгi жоқ. Демек, аталмыш қызметтердi мемлекеттiк корпорацияның басқа қызметтерi сияқты аптасына 6 күн сағат таңғы 8.00-ден кешкi 20.00-ға дейiн түскi үзiлiссiз алуға болады.
Сондай-ақ, ахуалдық орталықтың бақылауынша, халыққа қызмет көрсету орталықтарында соңғы кездерi азаматтарды уақытша тiркеу қызметi бойынша орын алған кезек саны едәуiр азайған. Жыл басынан бастап 400 мыңнан астам адам уақытша тiркеуден өткен.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлiк қоғамы баспасөз қызметi
тел.: 8 7172 27 06 58 (iш. 109)
Қантар
№ | Аудандық бөлім атауы | Елді мекеннің атауы | Тұрғындар саны | Елді мекенің аудан орталығынан арақашықты | Қызмет көрсету күні | Азаматтарды қабылдау орны | Азаматтарды қаылдау уақыты | Азаматтарды қабылдау уақыты | Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ | ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ | Автокөлік маркасының атауы және нөмірі | Ескерту |
1 | «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Айыртау аудандық бөлімі | Арыкбалык а/о, Арыкбалык а. |
2315 | 40 | 2017 ж. 05.01 2017 ж. 12.01. | 2 | Ауылдық округі әкімдігі | 10:00 с. | Абдильманова С.К. | Кожахимов Р.С., Жакжанова Н.Ж. |
SsongYong — 389AN15 | |
Нижнебурлук а/о, Нижний бурлук а. |
853 | 40 | 2017 ж. 06.01 2017 ж. 13.01 | 2 | Ауылдық округі әкімдігі | 10:00 с. | Жусупов М.А. | |||||
2 | «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ғабит Мүсірепов аудандық бөлімі | Ломоносов а/о, Ломоносовское а. | 711 | 65 | 2017 ж. 17.01 2017 ж. 27.01 | 2 | Ауылдық округі әкімдігі | 10:00 с. | Гадулов Ш.Н. | Ргебаев А.А., Орумбаев А.К. |
||
Рузаевский а/о, Рузаевка а. | 3987 | 70 | 2017 ж. 19.01 2017 ж. 30.01 | 2 | Ауылдық округі әкімдігі | 10:00 с. | Пугачева Ю.В. | |||||
Барлығы | 4 елді мекен | 7866 | 240 | 8 |
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2016 жылы қазақстандықтарға 35 миллионнан астам қызмет көрсеттi, оның 33 миллионнан астамын мемлекеттiк қызмет көрсету дирекциясы көрсетсе, 1,3 миллионнан астамын «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясы көрсеткен, сондай-ақ 703 мыңнан астам қызмет жылжымайтын мүлiк және жер кадастры саласы бойынша көрсетiлген.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, тек қана «Connection Point» өз өзiне қызмет көрсету секторы арқылы жыл бойы 8 миллионнан астам кеңес берiлiп, қызмет көрсетiлген. «Бүгiнде бiз мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн барынша қолайлы жағдай жасау, оларды оңтайландырып, автоматтандыру мүмкiндiктерiн қолданудамыз. Осылайша, әрбiр бөлiмде азаматтар өз бетiнше электрондық анықтамаларды алып, баланы балабақша кезегiне қойып, айыппұлдар мен баж салықтарын төлей алатын өз өзiне қызмет көрсету секторлары жұмыс iстеуде. Ол үшiн оларға осы жерде, яғни мемелекеттiк корпорацияның ғимаратында берiлетiн электрондық цифрлық қолтаңбасы болса болды», деп қосты Құмарғалиев.
Айта кетерлiгi, жыл бойы 3,5 млн. астам қазақстандықтар қолтаңбаның электрондық нұсқасына ие болды.
Сондай-ақ Қазақстанда көлiктi қайта ресiмдеу және жүргiзушi куәлiгiн беру қызметтерi көрсетiлетiн, автокөлiк иелерiне арналған 12 мамандандырылған ХҚКО жұмыс iстеуде. Жыл басынан берi мамандандырылған ХҚКО-ларда миллиондай автокөлiк қайта тiркелген, ал жүргiзушi куәлiктерiн 253 мыңнан астам адам алған.
Құмарғалиевтiң айтуынша, мемлекеттiк корпорацияның бөлiмдерi жоқ шалғай елдi мекендерде мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. «Шалғай елдi мекендердегi тұрғындардың уақыты пен қаражатын үнемдеу мақсатында, бiздiң қызметкерлер қажеттi жабдықтармен оларға өздерi баруда. Шығу кестесi тоқсан сайын аудандық әкiмшiлiкпен бiрлесiп құрылып, жергiлiктi БАҚ-та жарияланып отырады», — деп қосты ол. Жыл басынан берi мобильдiк ХҚКО 13 мыңнан астам шығуларды ұйымдастырып, 500 мыңға жуық қызмет көрсеткен.
Естерiңiзге сала кетсек, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы осы жылдың сәуiр айында құрылған, оның құрамына 4 РМК — «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлiк орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы», «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» кiрдi. Қазiргi кезде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында 21 мыңнан астам адам жұмыс iстеуде. Қазақстан бойынша мемлекеттiк корпорацияның 530 мемлекеттiк қызмет көрсететiн барлығы 362 фронт-офисi жұмыс iстейдi. Осы ретте, 2017 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» арқылы көрсетiлетiн қызметтер саны тағы 53-ке артпақ.
№ | Қала, облыс | Шығу нүктелері (сауда орындары, базар, оқу ұйымдары) | Орналасқан орны |
1 | СҚО | 1. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2. Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі 3. Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі 4. №4 Емхана ШЖҚ КМК Петропавл қаласы, «Денсаулык» 5. «Тайга» базары |
Петропавл қ,, Пушкин к/сі 86 Петропавл қ,, Бостандық к/сі 51 Петропавл қ,, Шухов к/сі 42 Петропавл қ,, Шухов к/сі 34 Петропавл қ , Жамбыл к/сі 188 |
Бүгiннен бастап азаматтардың қолайлылықтары үшiн халыққа қызмет көрсету орталықтарының мобильдiк топтары электрондық үкiмет порталы арқылы азаматтарды уақытша тiркеу бойынша қызметтердi көрсету үшiн оқу орындарын, базарлады және сауда орталықтарын аралайтын болады.
«Уақытша тiркелiп үлгермеген азаматтардың қолайлылықтары үшiн ХҚКО-лардың мобильдiк топтары ЖОО-ларда және сауда үйлерiнде қызмет көрсететiн болады. Мобильдiк топтардың инспекторлары барлық қалаушыларға электорондық цифрлық қолтаңба жазып, электрондық үкiмет порталында уақытша тiркеуге өтiнiш ресiмдеуге көмектеседi. Бұл шығулар барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында ұйымдастырылды», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ филиалы — Мемлекеттiк қызметтердi көрсету дирекциясының директоры Әсемгүл Балташева.
Оның айтуынша, Астанада мобильдiк топтар «Артем», «Еуразия», «Азиа парк» сауда үйлерiне, ал Алматыда «Тигрохауд», «Арыстан», «Болашақ» және т.б. базарларға шығатын болады. Мобильдiк топтар барлығы 82 нүктенi, оның iшiнде ЖОО-ларды, базарларды және мемлекеттiк ұйымдарды қамтуды жоспарлап отыр.
Естерiңiзге сала кетсек, азаматтарды уақытша тiркеу қызметiн электрондық үкiмет порталы арқылы онлайн жүзеге асыруға болады. Қызмет «Азаматтық, миграция және иммиграция» тарауында қолжетiмдi. ХҚКО қызметкердерi азаматтарға уақытша тiркеуге өтiнiмдi ресiмдеуге көмектеседi, бұл ретте меншiк иесi (бiреу немесе бiрнеше) ЭЦҚ арқылы өз келiсiмiн растауы тиiс, одан кейiн өтiнiм тiркелушiнiң Жеке кабинетiне қайтып келедi. Ол онлайн режимiнде мемлекеттiк баж салығын төлеуi қажет және өз өтiнiшiнiне ЭЦҚ арқылы қол қоюы қажет. Уақытша тiркелгенiн мекенжайын тексеру үшiн азамат мекенжай анықтамасын ала алады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз-қызметi
Азаматтарға арналған үкiмет қазақстандықтардың уақытын үнемдейтiн кезектi пилоттық жобаны iске қосты. Бүгiннен бастап, жас аналар бала тууына байланысты және оның бiр жасқа дейiнгi күтiмiне жәрдемақыны бiр облыс iшiнде тiркеуiне қарамастан ресiмдеуiне болады.
Естерiңiзге түсiре кетсек, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы пилоттық жобаны iске қосқан болатын, оның шеңберiнде корпорация қызметкерлерi перзентхана ғимараттарында бiрден 4 бiрдей қызмет көрсетуге өтiнiш қабылдай алатын. Бұл қызметтер: бала тууын тiркеу, бала тууына және оны бiр жасқа дейiн күтуге жәрдемақы тағайындау, әлеуметтiк тәуекелдер жағдайына әлеуметтiк төлемдер тағайындау: бiр жасқа толғанға дейiнгi уақытта бала күтiмiне байланысты кiрiсiнен айырылу, балаларды мектепке дейiнгi мекемелерге кезекке қою. Бүгiнгi күнде бұл жобаға ҚР бойынша 206 перзентхана мен перинаталдық орталықтар жұмылдырылған.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтiң айтуынша бала тууымен байланысты перзентханаларда көрсетiлетiн композиттiк қызметтер пилотын мемлекеттiк корпорация өткен жылдың қыркүйек айынан бастап тестiледi. Бұл ретте, жәрдемақыларды тағайындауда құжаттарды қабылдау барысында ең проблемалық мәселе эксаумақтық қағидаттың болмауы болып шықты, яғни азаматтар жәрдемақы тағайындауға тек тұрақты тiркелген жерiнен ғана өтiнiш берулерiне болатын болды.
«Басқаша айтқанда, бұрын, егер әйел Бурабайда тұрғылықты мекенжайы бойынша тiркелген болып, ал Көкшетау қаласының перинаталдық орталығында босанған болса, ол жәрдемақы тағайындау үшiн тiркелген жерi бойынша, яғни Бурабайдағы ХҚКО-ға жүгiнуiне тура келетiн. Бiз бұл мәселенi шештiк және бала тууына байланысты және оның бiр жасқа дейiнгi күтiмiне жәрдемақы тағайындауға өтiнiш қабылдауда эксаумақтық қағидатты қолдану механизмiн әзiрледiк. Бастапқыда пилоттық жоба тек облыс iшiнде ғана жұмыс iстейтiн болады, ал жақын арада эксаумақтықты барлық Қазақстан бойынша iске қосуды жоспарлап отырмыз», — дедi Еренчинов.
Сондай-ақ Еренчиновтiң айтуынша, балаларға жәрдемақы тағайындауды рәсiмдеу үшiн эксаумақтық қағидатты енгiзу — мемлекеттiк қызметтердi алуды жеңiлдетудiң кезектi қадамы, себебi, бұл 4 бiрдей қызметтi алу үшiн қазақстандықтарға құжаттардың минималды топтамасы қажет — бұл — ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат, неке қию туралы куәлiк және оның көшiрмесi (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан соң неке қиған азаматтар куәлiктiң көшiрмесiн бермейдi), баланың тууы туралы медициналық куәлiк (перзентханада берiледi), барлық балалардың тууы туралы куәлiктерi немесе ахуалдық жазбалардың көшiрмесi, банктiк шоттың нөмiрi жайлы құжат.
Пилоттық жобаны iске қосқан сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы перзентханалар мен перинаталдық орталықтарды жүз мыңнан астам қызмет көрсеткендiгiн айта кету керек.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi
Өскемен қаласының Жiбек маталар комбинаты шағын ауданы тұрғындары үшiн жағымды жаңалық — Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлiмi жаңа ғимаратқа көшуде. Ашылу салтанатына арнайы сапармен келген «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқарма төрағасы Данияр Еренчинов, басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев және аппарат басшысы Қайратғали Хайрулла қатысты.
«Мемлекеттiк корпорация адамдарға көмек көрсету үшiн құрылған. Сонымен қатар, бiз шығындарды оңтайландыру жолдарын ойлауымыз керек. Жалға алынған ғимараттар үшiн үлкен қаражат төлеп қайтемiз, оның үстiне ол адамдар үшiн қолайсыз болса. Сондықтан бiз өз ғимаратымызда жөндеу жұмыстарын жасадық, көрiп тұрағандарыңыздай ол бұрынғыдан да жарық, жылы, үйлесiмдi. Бiздiң ең басты мақсатымыз — адамдардың өмiрiн жақсарту. Бұл бүгiн көрнекi түрде көрсетiлдi, — дедi ашылу кезiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқарма төрағасы Данияр Еренчинов.
Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығына орай ашылып отырған жаңа да ыңғайлы ғимарат тұрғындар үшiн ерекше сыйлық болып отыр. Жаңа ғимарат барынша кең және мемлекеттiк қызметтердi сапалы ұсынға барлық жағдайлар жасалған. Реттеу залында 44 жұмыс орны және электрондық үкiмет порталы арқылы өз беттерiмен қызмет алуға орталық мамандары көмектесетiн «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторы, мүмкiндiктерi шектеулi жандарға қызмет ұсынатын арнайы жұмыс орны бар, сонымен қатар азаматтарды тiркеу және құжаттандыру бағыты бойынша мемлекеттiк қызмет ұсынатын көшi-қон полициясы мамандары да осы жерде орналасқан. Азаматтарға ыңғайлы болу үшiн автотұрақ та қарастырылған.
Айта кетерiмiз, аталған бөлiм осы уақытқа дейiн көп қабатты тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында, дүкенмен бiрге, бiр алаңда орналасқан едi. Ал ендi, бөлек тұрған жаңа ғимараттың бiрiншi қабатында Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментiнiң фронт-офисi орналасса, екiншi қабатында Жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық тексеру департаментi мамандары орналасқан. Бұл оңтайландыру «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясынң сәуiр айында құрылғандығынан мүмкiн болды, себебi екi департамент те мемлекеттiк корпорация құрамына енген. Көшiру жұмыстарының арқасында мемлекеттiк корпорация 6 млн. теңге үнемдемек, себебi бұл қаражат бұрын жалға алу үшiн жылына төлетiн. Ғимаратты жөндеу жұмыстарын өз қаражатымызға iстедiк.
Ендi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ұсынатын мемлекеттiк қызметтердiң барлық түрлерiн Өскемен қаласы тұрғындары мына мекенжайдан алуларына болады: Сатпаев даңғылы 34/2. Фронт-офистiң жұмыс кестесi өзгерген жоқ: дүйсенбi мен сенбi күндерi аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, үзiлiссiз жұмыс iстейдi. Айта кетер болсақ, бүгiнде мемлекеттiк корпорация арқылы 530 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi.
Анықтама үшiн: Күнiне №1 қалалық бөлiмге 500-600 қызметалушы келедi, соның 250 азаматы — ЫАЖ ХҚКО ақпараттық жүйесi арқылы көрсетiлетiн дәстүрлi қызметтер үшiн келсе, 200-ден астам азамат ҚҚП арқылы электронды қызмет алушылар. Әрқашан өзiне — өзi қызмет көрсету секторына үлкен жүк артылатын. Оған 100 қызмет алушы келедi. Көшi-қон полициясы бөлiмiне күнiне 100 қызметалушы келедi, оның 40-тан астамы құжаттандыру қызметi бойынша болса, 60-тан астамы тұрғылықты мекенжайы бойынша тiркелуге келедi.
Консультативтiк-кеңесшi кеңес мемлекетттiк корпорация көрсететiн қызметтердiң сапасын одан әрi жақсарту бойынша шараларды жетiлдiру бойынша қабылданатын шешiмдердiң заңдылығын және тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған болатын.
Жиынға Қазақ ұлттық аграрлық университетiнiң ректоры Тiлектес Есполов,Астана қ. бойынша «Ұлттық ғылымакадемиясы» РҚБ Астана қаласы бойынша өкiлдiгiнiң директоры Зайролла Дүйсенбеков, Тиiмдi басқару және бәсекеге қабiлеттiлiктi дамыту халықаралық агенттiгiнiң президентi Гүлнар Құрбанбаева, еңбек ерi, «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттiк орталық» РМҚМ бұрынғы бас директоры Әбдiкәрiм Төреқұлов, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Данияр Еренчинов және басқа да кеңес мүшелерi қатысты. Консультативтiк-кеңесшi кеңестеПарламент Мәжiлiсiнiң депутаты Майра Айсина басшылық еттi.
Жиналыс барысында мемлекеттiк корпорацияныңстратегиялық жоспарының орындалуы мақұлданды және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер сапасын арттыру бойынша ұсынымдар берiлдi. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi саласы бойынша стандарттарғамұрағаттық құжаттарды сақтау мерзiмiн азайту бөлiгiнде өзгерiстер енгiзу мәселелерi талқыланды.
Жиналыс қорытындысы бойыншакөлiк құралдарын тiркеу, жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын анықтау бойынша және т.б.мемлекеттiк қызмет стандарттарына өзгерiстер енгiзу ұсынылды.
Айта кету керек, Консультативтiк-кеңесшi кеңесжұмысының негiзгi қағидаттары ашықтық пен айқындық, ал кеңестiң мүшелерiмемлекеттiк корпорация жұмысына бей-жай қарамайтын, жұмыс сапасын жақсарту бойынша сындарлы сын мен ұсыныстарынайта алатыназаматтарболып табылады.Консультативтiк-кеңесшi кеңесотырысы жылына кемiнде 2 рет туындайтын мәселелер сипатына байланысты өткiзiлiп тұратын болады.
Астанада «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк кадастрлық есебiнiң өзектi мәселелерi» атты халықаралақ конференциясы басталды. ҚР Ауыл шаруашылық министрлiгi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бiрлесiп ұйымдастырған iс-шараға кадастрлық қызмет саласындағы салалық кәсiпорындардың және Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттердiң ұйымдары мен Литва Республикасының делегациялары қатысуда. Сондай-ақ, конференцияға ҚР Ақпарат және коммуникация министрлiгi, ҚР Әдiлет министрлiгi, «Қазгеодезия» РМҚМ, «Зерде» ҰИХ АҚ және «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ өкiлдерi қатысуда. Конференция нәтижесiнде қатысушылар ынтымақтастық жөнiндегi меморандумға қол қоймақ.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша конференция қатысушалары кадастрлық қызмет саласында тек тәжiрибе аламсып қана қоймай, Қазақстанда жылжымайтын мүлiктiң бiрiңғай мемлекеттiк кадастрын құруды дамыту перспективаларын талқылайтын болады.
«Бұл шара бiз үшiн — тек қана бiрегей диологтар алаңы емес, сонымен бiрге Қазақстан Республикасында Бiрiңғай кадастрлық есеп жүйесiн құру механизмi мен шешiм қабылдауда бiрыңғай түсiнiстiкке келу мүмкiндiгi болып табылады» — дедi Медет Құмарғалиев. «Осы жылдың мамыр айында бiз жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай мемлекеттiк кадастрын құруды компаниямыздың стратегиялық жоспарына енгiзген болатынбыз. Бiрыңғай кадастрды құру жекеленген ақпараттық жүйелердi бiрiктiрудi, жылжымайтын мүлiктi ресiмдеу барысында әкiмшiлiк кедергiлердi азайтуды, сапаны жоғарылатып және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды есепке алу және тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтiң ашықтығын қамтамасыз етедi».
Бүгiнгi күнi мемлекеттiк корпорацияда жер телiмдерiнiң, ғимараттар мен құрлыстардың ГАЖ — қабаттары, инженерлiк коммунакациялармен, жол-көшелiк желiлер және т.с.с. қамтыған жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай кадастрының мүмкiндiктерi жайлы демонстрциялық тақта жасалған. Жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық тексеру дирекциясы Астана қ. бойынша 92 күрделi құрылыстар мен құрылыстарды үйлестiрудi орындаған.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi
Ендi жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң жаңа техникалық паспортын алу және сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiстерiн тiркеу үшiн халыққа қызмет көрсету орталығына бiр рет барсаңыз жеткiлiктi. Бұрын қызмет алушы бұл мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ХҚКО-ға кемiнде үш рет баруы қажет болатын.
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, деректердiң өзгерiстерiн тiркеуге 2 фактi — қайта өлшеу кезiнде анықталған алаңның өзгерiсi және жылжымайтын мүлiк объектiсiн қайта жоспарлаған жағдайдағы сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiсi негiз болуы мүмкiн.
Жөндеу жұмыстарының, балкон алаңының қосылуы және т.бнәтижесiнде алаң көлемi өзгерген жағдайда, азамат сәйкестендiру деректерiнiң өзгерiстерiмен тiркелген техникалық паспортты және құқық белгiлейтiн құжатты (жекешелендiру, сыйға беру, сату-сатып алу шарты) алады.
Жылжымайтын мүлiк қайта жобаланған немесе қайта жабдықталған жағдайда, азамат жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiстерiн тiркетуi қажет. Ол үшiн алдымен өзгерiстердi заңдастыру үшiн сәулет органдарына жүгiну қажет, нәтижесiнде ол пайдалануға қабылдау актiсiн алады. Бiрақ, Құмарғалиевтiң айтуынша, ендi барлық құжаттар топтамасын мемлекеттiк корпорация қызметкерi жинап бере алады. Ол сенiмхат негiзiнде өз бетiнше барлық құжаттар топтамасын жинақтайды, оның iшiнде пайдалануға арналған қабылдау актiсiн де ресiмдейдi. Ал қызмет алушы ХҚКО-дан дайын құжатты алады.
Құжаттар топтамасын жинақтау қызметiн мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi ақылы негiзде жүзеге асыратынын атап өткен жөн.
Бұл сервис мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiне келуге және құжаттар жинауға уақыты жоқ азаматтарға ыңғайлы болуы үшiн ұйымдастырылған, сондай-ақ ол бизнес жүргiзу жағдайларын жеңiлдетуге арналған.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi
«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жаңа пилоттық жобаны iске қосты, бұл жоба шеңберiнде баланың туылуын тiркеудi, бала туу мен оның күтiмiне жәрдемақы тағайындауды, босану және жүктiлiкке байланысты табысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтiк төлемдердi ресiмдеудi, сондай-ақ баланы балабақша кезегiне қоюды жас аналар перзентханада жүзеге асыра алады. Композиттi қызмет көрсету барлық 4 қызметке бiр уақытта перзентханада өтiнiш қабылдауды бiлдiредi.
«Естерiңiзге сала кетейiк, осы жылдың наурыз айында Әдiлет министрлiгi баланың туылуын тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтер стандартына азаматтар баланың туылуын тiркеуге өтiнiштi 3 жұмыс күнi iшiнде берулерi тиiс деген өзгерiстер енгiзген. Қазақстандықтарға қолайлы болу үшiн осы және оған iлеспе қызметтердi композиттiк түрде көрсету мүмкiндiктерiн қарастырдық. Бұл қазақстандықтардың өмiрiн жеңiлдетiп, уақыттарын үнемдейдi» — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.
Құмарғалиевтiң айтуынша, композит «Баланың туылуын тiркеу, оның iшiнде азаматтық ахуал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, түзетулер мен толықтырулар енгiзу», «Бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi бойынша жәрдемақыларды тағайындау», «Әлеуметтiк тәуекелдер жағдайларына әлеуметтiк төлемдер тағайындау: еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылу» және «Мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа дейiн) балаларды балалар мектепалды ұйымдарына жiберу үшiн кезекке қою» қызметтерiне қатысты болып табылады.
Дайын болған туу туралы куәлiктi ата-аналар, құжат тапсырған күндi есептемегенде, 2 жұмыс күнi iшiнде халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуларына болады, ал жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат клиенттiң ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы түседi. Сонымен қатар, қазақстандықтар балабақша кезегiн egov.kz электронды үкiмет порталынан немесе мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiндегi «Connection Point» өз өзiне қызмет көрсету секторлары арқылы көрулерiне болады.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 8 айда 24 миллионнан астам мемлекеттiк қызметтер көрсетiлген, оның 235 мыңнан астамы туу туралы куәлiк беру болып табылады.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi
Жаңа композиттiк қызмет мүгедектiктi белгiлеу мен жәрдемақы тағайындау рәсiмiн айтарлықтай жеңiлдеттi. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бiрлесiп атқаратын жұмысы қазақстандықтар үшiн мемлекеттiк жәрдемақыларды алуды жеңiлдетуге бағытталған.
«Бұған дейiн мүгедектiктi белгiлеу үшiн жүгiнген адам алдымен медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмшесiне баратын. Осы рәсiмнен кейiн ғана әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау үшiн ЗТМО-ға жүгiнетiн едi,» — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ филиалы — ЗТМО дирекциясы директорының орынбасары Серiкқан Сабыржанов. «Ендi медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмшесiне келу жеткiлiктi, мұнда мүгедектiк белгiленгеннен кейiн азамат үш мемлекеттiк қызметке: мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға (МӘЖ), республикалық бюджеттен төленетiн мүгедектiгi бойынша арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыға (АМЖ), сондай-ақ «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ-дан еңбек ету қабiлетiнен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтiк төлемге бiр өтiнiш бере алады. Өтiнiштегi банктiк шоты көрсетiле отырып, ақпарат автоматты түрде зейнетақы төлеу жөнiндегi орталыққа жiберiледi», — деп атап өттi Сабыржанов.
Әдiлет министрлiгiнiң ақпараттық жүйесi және мүгедектердiң орталықтандырылған деректер қорын интеграциялау нәтижесiнде өтiнiштi қабылдау кезiнде қағаз құжат айналымы толықтай жойылды, ал жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтердi, тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi электрондық үкiмет шлюзi арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттiк деректер қорының ақпараттық жүйесiнен алады.
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан берiлетiн төлемдер әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларына ғана тиесiлi екендiгiн естен шығармау керек.
Осылайша, жылдың басынан берi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алуға 16 989 өтiнiш және республикалық бюджеттен төленетiн мүгедектiгi бойынша арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыға 17 590 өтiнiш қабылданған, «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ-нан еңбек ету қабiлеттiнен айрылу жағдайы бойынша 7 689 әлеуметтiк төлем тағайындалды.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының Баспасөз қызметi
Астанада «Қазақстан бала көзiмен» тақырыбында Астана күнiне арналған балалар суреттерi конкурсының жеңiмпаздарын марапаттау салтанаты өттi. Конкурс «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы қызметкерлерiнiң балалары арасында өткiзiлдi. ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Дариға Назарбаева мен ҚР Ақпаратжәне коммуникациялар министрi Дәурен Абаев конкурстың жеңiмпаздарына марапат қағаздары мен сыйлықтарды ұсынды.
Салтанатты марапаттау кезiнде Дариға Назарбаева осындай дарынды балаларды тәрбиелегендерi үшiн олардың ата-аналарына алғыс айтып, мерекелiк iс-шараға қатысушылардың барлығын Астана күнiмен құттықтады.
Ең үздiк суретшiлер үш санат бойынша таңдалды: 7 жасқа дейiнгi балалар, 7 жас пен 11 жас аралығындағы және 11 жас пен 15 жас аралығындағы балалар. Бiрiншi, екiншi және үшiншi орындардың сыйлықтары Алматы, Қостанай, Павлодар, Атырау, Қызылорда облыстарының, сондай-ақ СҚО және ОҚО еншiсiнде кеттi. Ал балалар суреттерi конкурсының гран-приi Ақмола облысынан келген 5 жасар Диас Карамкасов пен 8 жасар Даяна Идрисоваға және қарағандылық 12 жасар Анель Имишоваға бұйырды.
«Конкурсанттардың жалпы санынан жеңiмпаздарды анықтау өте қиын болды. Қатысушылар сурет салудың кез-келген техникасы — гуашпен, акварельмен, қарындашпен, фломастермен салынған суреттердi ұсынған. Барлық жұмыстар ашық бояулы және қызықты болды. Бiздiң конкурстың мақсаты — балаларды Отанына деген сүйiспеншiлiк пен патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков.
Астана күнi құрметiне балаларға мерекелiк демалыс ұйымдастырылды. Балалар алғашқы Президенттiң мұражайында, ҚР ұлттық мұражайында, мұхитаралда, джунглиде, «Атамекен» этно-мемориалды кешенiнде болып, «Байтерек» монументi алаңынан астанамыздың орталығына шолу жасады.
Еске салсақ, мемлекеттiк корпорация «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттiк орталық» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК — 4 кәсiпорынды қайта құра отырып, жұмысыносы жылдың 11 сәуiрiнен бастаған болатын. Бүгiнгi таңда корпорация Қазақстан бойынша 20 мыңнан астам қызметкердiң басын бiрiктiрдi.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi
Өткен жылдың мамыр айында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнiң дамыған 30 елдердiң қатарына кiру мақсатында бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшiн 100 нақты қадамдарды белгiлеген. Солардың iшiндегi соңғы 10 қадам «Есеп беруге мiндеттi үкiметтi қалыптастыру» реформасын iске асыруға бағытталған.
Атап айтқанда, 94-шi қадамда Ашық үкiметтi жүзеге асыру мiндеттерi белгiленген.
«Ашық үкiметтiң» мақсаты — ашық және халық алдында есеп беруге мiндеттi мемлекеттi құру, азаматтардың мемлекеттiк басқару саласындағы құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту, жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттiк басқару тиiмдiлiгiн арттыру үшiн қолдану болып табылады.
Ашық үкiмет мынадай 5 компонеттен тұрады: ашық деректер, ашық НҚА (нормативтiк құқықтық актiлер), ашық диалог, ашық бюджеттер және мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау. Бес порталдың iшiнен төрт портал қазiргi кезде жұмыс iстеуде, ал мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау порталы келесi жылдан бастап жұмысын бастайды.
ҚР ИДМ БААК
Баспасөз қызметi
1. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» комерциялық емес акционерлiк қоғамының филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментiнiң Айыртау аудандық бөлiмiнде, мемлекеттiк тiлдi дамыту мақсатында 2016 ж. қаңтар айының 11 жұлыдызында бөлiм қызметкерлерiнiң қатысуымен «Қазақ тiлiнде iс-қағаздарын жүргiзу тәртiбi» тақырыбына дөңгелек үстел өткiзiлдi. Мақсаты: қазақ тiлiндегi ресми iс-қағаздарын ажырату. Жеке адам өмiрiне қатысты құжаттар, олардың түрлерi және дұрыс толтыру тәртiбiн игеру.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тiл саясатын iске асырудың алғашқы кезеңiнде негiзгi төрт бағытта iс-шаралар жүргiзедi. Соның бiрi — ресми iс жүргiзудi мемлекеттiк тiлге кезең-кезеңмен көшiрудiң нақты негiзiн жасау.
Iс қағаздарын қазақша жүргiзу — мемлекеттiк тiлдiң жүзеге асуының нақты көрсеткiшi.
2. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» комерциялық емес акционерлiк қоғамының филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментiнiң Айыртау аудандық бөлiмiнде, мемлекеттiк тiлдi дамыту мақсатында 2016 ж. маусым айының 2 жұлыдызында бөлiм қызметкерлерiнiң қатысуымен «Мемлекеттiк мекемелердегi мемлекеттiк тiлдiң қолданылуы» тақырыбына дөңгелек үстел өткiзiлдi. Мемлекеттiк тiлде дайындалатын құжаттың мәтiнiне аса мән берiп қарау, яғни грамматикалық немесе мазмұн-мағынасындағы қателiктерге жол бермеу, кемiнде екi жауапты адамды тағайындап, мемлекеттiк тiлдiң жүзеге асырылуын бақылап қадағалап отыруын мiндетiне жүктеу, сияқты тақырыптар талқыланды.
3. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» комерциялық емес акционерлiк қоғамының филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментiнiң Айыртау аудандық бөлiмiнде, мемлекеттiк тiлдi дамыту мақсатында 2016 ж. маусым айының 9 жұлыдызында бөлiм қызметкерлерiнiң қатысуымен «Қазақ тiлiндегi ресми iс-қағаздарына тән белгiлер» тақырыбына дөңгелек үстел өткiзiлдi. Мақсаты: қазақ тiлiндегi ресми iс-қағаздарын ажырату. Жеке адам өмiрiне қатысты құжаттар, олардың түрлерi және дұрыс толтыру тәртiбiн игеру.
Халықаралық балаларды қорғау күнi қарсаңында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жұмыскерлерi Қазақстанның барлық өңiрлерiнде асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға және балалар үйлерiндегi әлеуметтiк жұмыскерлерге көшпелi кеңестер өткiздi
«Халықаралық балаларды қорғау күнi мерекесiне орайластырылған акция Қазақстанның барлық өңiрлерiнде өттi. Бүгiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясыныңжұмыскерлерi отбасы негiзiндегi балалар үйлерiнде қорғаншылықты ресiмдеу, жәрдемақы, зейнетақы ресiмдеу және т.б. әлеуметтiк маңызды қызметтердi көрсету бойынша көшпелi кеңестер өткiздi», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков.
Сондай-ақ, Оршубековтың айтуынша, мемлекеттiк корпорация жұмыскерлерi кеңестер берумен қатар, балаларға арнап жағымды тосынсыйлар жасады. Мәселен, «Азаматтарға арналған үкiметтiң» қарағандылық филиалының өкiлдерi балалармен футболдан жолдастық кездесу өткiзiп, 16 жасқа толған жеткiншектерге дайын жеке куәлiктер тапсырса, ал Алматыда көп балалы ана сәбилердiң күтiмiн жасайтын құралдар түрiнде жағымды сыйлықтар алды.
Атап өтсек, бүгiнгi күнi мемлекеттiк корпорация арқылы азаматтарға 530 мемлекеттiк қызмет түрi қолжетiмдi. Олардың iшiнде зейнетақы төлемдерi, 18 жасқа дейiнгi балаларға жәрдемақылар тағайындау, мүгедектiгiне байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау және т.б.әлеуметтiк маңызды төлемдер мен жәрдемақылар тағайындау қызметтерi бар.
Мемлекеттiк корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуiрiнде «Жер кадастры ғылыми өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның қайта құрылуы жолымен бастағанын естерiңiзге саламыз.
«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi
«Жер кадастрының ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК–лерiн қайта құру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуiрден бастап өз қызметiн бастады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгi корпорацияны құру бойынша iшкi құжаттарды жасау, корпорацияның даму жоспарын жасау, инфрақұрылымды оңтайландыру және сараптау сияқты барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады. Тиiстi уәкiлеттi органдар корпорация жұмысын регламенттеу мен мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қатысты 140-тан астам нормативтiк-құқықтық актiлердi қабылдады.
Мемлекеттiк корпорация бiрiншi кезеңде 522, ал екiншi кезеңде 700-ден астам мемлекеттiк қызмет көрсетедi. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басты ерекшелiгi, барлық бизнес-үдерiстердi автоматтандыру мен оңтайландыру болады. Бiрiктiрiлген кәсiпорындарға ХҚКО-лардың қолданысындағы қызмет көрсету мониторингi мен сапасын бағалаудың жаңа құралдарын пайдалану, СМС- хабарлау, кедергiсiз қызмет көрсету, кезектi броньдау сервисi тәрiздi мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң бiрыңғай стандарттары енгiзiлген.
Корпорацияның көрсететiн қызметтер санының едәуiр артуына байланысты, корпорация құрамына кiрген барлық кәсiпорындардың 3 600 қызметкерiне оқыту-үйрету жұмыстары жүргiзiлдi. Қызметкерлердiң жұмысының нәтижелiлiгiн анықтау үшiн тиiмдiлiктiң негiзгi көрсеткiштерi бекiтiлдi (КРI).
Мемлекеттiк корпорация қызметiндегi жаңалықтардың бiрi — қызметтi көрсетуге өтiнiмдi қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, қызметкерлер оларды өңдеудi жүзеге асырады. Республикамыздың барлық ХҚКО-ларында енгiзiлген ақпараттық жүйенiң арқасында, қызмет көрсету уақыты мен қажет етiлетiн құжаттар едәуiр қысқарады.
Азаматтардың мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiгi де әртүрлi араналар арқылы — қалалар мен аудандарда халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сонымен қатар өзiне-өзi қызмет көрсету секторларының көмегiмен, электрондық және мобильдiк үкiмет арқылы қаматамасыз етiледi. Сондай-ақ, шалғай елдi мекендерде тұратын азаматтарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн мобильдi ХҚКО-лар жұмыс iстейтiн болады.
ҚР ИДМ БААК
Баспасөз қызметi