
23.04.2025 ж. Аудан орталығы Саумалкөл селосында қазақ күресінен "Айыртау Барысы-2025ж." турнирі болып өтті. Жарысқа 6- жергілікті ауылдық округтің 43 балуандары қатысты. Осы "Айыртау Барысы-2025ж."турниріне Сырымбет ауылдық округінің де балуандары қатысып нәтижелі өнер көрсетті. Айтып өтсек, жеңіл салмақ дәрежеде күрескен балуандар яғни 55-кг. -да 1-орын Қашқынбай Әділет; 2-орын Ақжігіт Ербатыр Дауқарадан келген балуандар. 60-кг.-да 1-орын Нысанбаев Мейірхан Егіндіағаштан келген жас балуан.66-кг.-да 1-орын Сулейменов Нариман; 2-орын Акмурзин Арғын Қарақамыстың балуан жігіттері. 74-кг. салмақта 1-орын Құнанбаев Ануар Дауқара және 2-орын алған Дауренбек Арман Сырымбет ауылының балуаны. 82-кг.-да 2-орын Уалиев Ержан Қарақамыс ауылынан. Және "Айыртау Барысы-2025 ж" турнирінің жеңімпазы біздің Сырымбет жергілікті ауылдық округтің балуаны Ескендір Рауан болды.Ал 3-орынды Қарақамыстан келген Жахин Сұңғат жеңіп алды.Жеңімпаз және жүлдегер болған біздің округтің балуандарын құттықтаймыз!!!