2026 жылғы 13 сәуір күні сағат 11:00-де Сырымбет ауылдық округінде ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Тайжигитова Г.С.-ның төрағалығымен Сырымбет ауылдық округі әкімдігі тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есептің жария талқылауы өтті.
Мемлекеттік қызметтер көрсететін әкім аппаратының маманына мемлекеттік қызметтерді қатаң түрде белгіленген ережелер мен стандарттарға сәйкес көрсету, «Электрондық үкімет» порталында көрсетілетін қызметтер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету, жылына кемінде бір рет мүдделі тұлғаларды шақыра отырып есептердің жария талқылауын өткізу ұсынылды.
Сондай-ақ өтініштерді сапалы қарауды қамтамасыз ету, өтінімдерді уақтылы тіркеу, мемлекеттік қызметтер көрсету барысында мерзімдер мен жұмыс кестесінің сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Барлық ескертулер мен ұсыныстар ауылдық округ әкімінің м.а. жеке бақылауына алынды.