
25 ақпанда Сырымбет ауылдық округінің командасы «Север-2026» қысқы спорт ойындарының финалына қатысып, жалпыкомандалық есепте III орынға ие болды.
Жарыстар спорттың төрт түрі бойынша өткізілді: шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шорт-трек және футзал.
Шаңғы жарысына Казбеков Бейбіт пен Дюсембинова Дарина қатысты.
Шорт-трек жарысында Казбеков Бейбіт пен Дюсембинова Дарина II орынға ие болды.
Футзал жарысына Сырымбет ауылының командасы қатысты. Команда құрамында: Сайранов Шынғысхан, Сайранов Данияр, Токушев Руслан, Аманжол Нуржан, Таубай Ерасыл, Капаров Денис, Есильбаев Арман және Омаров Ерсин (III орын).
Спортшыларымызға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз! Денсаулық, сәттілік және алдағы уақытта жаңа жеңістер тілейміз!