Сырымбет ауылдық кітапханасында ересек оқырмандардың қатысуымен Масленица мерекесіне арналған іс-шара өтті.
Қонақтар халықтық мерекенің тарихы мен дәстүрлерімен танысып, масленица аптасының әр күнінің мән-мағынасын білді, қысты шығарып салуға байланысты мақал-мәтелдерді еске алды.
Жылы әрі достық атмосферада қатысушылар викториналар мен байқауларға қатысып, халықтық салт-дәстүрлер мен орыс мәдениетінің байлығын бейнелейтін әдеби шығармаларды талқылады. Масленица бейнесінің орыс жазушылары мен суретшілерінің шығармашылығында қалай көрініс табатыны туралы әңгіме ерекше қызығушылық тудырды.
Іс-шара дәстүрлі түрде бауырсақ пен құймақ қосылған шай дастарханымен аяқталды. Бұл қонақтарға халық дәстүріне жақындай түсуге және пікірлес жандардың ортасында уақытты көңілді өткізуге мүмкіндік берді. Мереке барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мәдени мұраға тағзым етудің және өзара қарым-қатынасты нығайтудың тағы бір мүмкіндігі болды.