Жаңа жыл қарсаңында ауылдық округ әкімі Аяз ата мен Ақшақармен бірге мектеп жасына дейінгі балалардың үйлеріне барып, оларға сәл де болса ғажайып, қуаныш пен жылулық сыйлады.
Ертегі кейіпкерлері — Аяз ата мен Ақшақар — әрбір баланың үйіне кіріп, жылы лебіздерін білдіріп, құттықтауларын айтып, әрине, сыйлық дорбаларын тарту етті. Өйткені әрбір бүлдіршін үшін қамқорлықты, көңіл бөлуді және нағыз мерекелік атмосфераны сезіну өте маңызды.
Жаңа жыл әр шаңыраққа нұр, қуаныш пен үміт әкелсін!
Шын жүректен қолдау көрсеткен демеушілеріміз — «АиК-Агро» ЖШС, «Арай» ЖШС, «АСКА» ШҚ, «Лето» ФҚ — сіздерге алғысымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыздың, мейірімділіктеріңіз бен жомарттықтарыңыздың арқасында бұл мереке шынымен де ерекше өтті!