«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында «Tin One Mining» (ТинУанМайнинг) АҚ президенті А.Е.Худайбергенов Сырымбет, Сарыбулақ және Шоққарағай ауылдарының аз қамтылған, көп балалы отбасылар және 1-сынып оқушыларына кеңсе тауарлары мен рюкзактар түрінде демеушілік көмек көрсетті.
Ауылдық округі әкімінің аппараты «Tin One Mining» (ТинУанМайнинг) акционерлік қоғамының компаниясына алғысын білдіреді.