Мемлекеттік қызметтер бойынша жария талқылаулар туралы хабарландыру
2025 жылғы 25 сәуірде "Нижнебурлук ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ үй-жайында "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет туралы есептерді жария талқылау өтеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізу халықты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша хабардар етуге бағытталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.
Ауылдық округ әкімінің сайтында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет нәтижелері туралы тоқсан сайынғы және жылдық есептер орналастырылған (параққа кіру үшін сілтеме:
Барлық тұрғындарға қоғамдық талқылауларға белсенді қатысуға өтініш білдіреміз.