2025 жылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысу үшін 16 наурыз бен 15 мамыр аралығында өтінім қабылдау жүргізілуде

2025 жылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысу үшін 16 наурыз бен 15 мамыр аралығында өтінім қабылдау жүргізілуде

#МерейліОтбасы2025 #АйыртауАуданыҚұрметті Айыртау ауданының тұрғындары! 2025 жылғы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысу үшін 16 наурыз бен 15 мамыр аралығында өтінім қабылдау жүргізілуде! Байқаудың мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын нығайту, қарт ата-аналарға ересек балалардың қамқорлығын көрсету және қазақстандық отбасының оң бейнесін қалыптастыру. Байқауға еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерге жеткен, сондай-ақ қоғамдық пайдалы істерге (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) белсене қатысатын отбасылар шақырылады. Өз отбасыңыздың үлгі болуына мүмкіндік беріңіз! ℹ Қосымша ақпарат алу үшін аудан әкімдігі жанындағы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандарына хабарласуға болады: тел.: 8 (71533) 21-690