«Салауатты ауыл»/«Трезвое село»

«Салауатты ауыл»/«Трезвое село»
«Салауатты ауыл»: Константинов ауылдық округінің тұрғындары салауатты өмір салтын таңдайды
Константинов ауылдық округінде салауатты өмір салтын насихаттауға, алкоголь өнімдерін шамадан тыс тұтынудың алдын алуға және тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Салауатты ауыл» бастамасы аясында ауылдық чаттар арқылы тұрғындарға сауалнамаға қатысып, алкогольді шамадан тыс тұтынудан бас тартуға қатысты өз пікірлерін білдіру ұсынылды.
Дауыс беруге округтің елді мекендерінің тұрғындары қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша:
«Иә, қолдаймын. Салауатты өмір салтын қолдаймын!» — 93 дауыс;
«Жоқ, қолдамаймын» — 30 дауыс.
Барлығы — 123 адам қатысты.
Осылайша, сауалнамаға қатысушылардың шамамен 76%-ы «Салауатты ауыл» бастамасын қолдап, салауатты өмір салтын және алкогольді шамадан тыс тұтынудан бас тартуды жақтады. Қатысушылардың шамамен 24%-ы бастаманы қолдамады.
Дауыс беру нәтижелері Константинов ауылдық округінің бейжай қарамайтын тұрғындарының басым бөлігі аталған бастамаға оң көзқарас танытып, салауатты әрі жауапты өмір салтын қалыптастыруды қолдайтынын көрсетті.
Осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрғындардың назарын алкогольді шамадан тыс тұтынудың алдын алу, отбасылық құндылықтарды нығайту және азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелеріне аударуға ықпал етеді.
Салауатты ауыл әр адамның саналы таңдауынан басталады!
«Трезвое село»: жители Константиновского сельского округа выбирают здоровый образ жизни.
В Константиновском сельском округе проведена информационно-разъяснительная работа с населением, направленная на популяризацию здорового образа жизни, профилактику злоупотребления алкогольной продукцией и формирование ответственного отношения к своему здоровью.
В рамках инициативы «Трезвое село» посредством сельских чатов жителям было предложено принять участие в голосовании и выразить своё отношение к отказу от злоупотребления алкоголем.
В голосовании приняли участие жители населённых пунктов округа.
По представленным результатам:
«Да, поддерживаю. За здоровый образ жизни!» — 93 голоса;
«Нет, не поддерживаю» — 30 голосов.
Всего приняли участие — 123 человека.
Таким образом, около 76% участников опроса поддержали инициативу «Трезвое село» и выступили за здоровый образ жизни и отказ от злоупотребления алкоголем. Против высказались около 24% участников.
Результаты голосования показывают, что большинство неравнодушных жителей Константиновского сельского округа положительно относятся к данной инициативе и поддерживают формирование культуры здорового и ответственного образа жизни.
Подобная информационно-разъяснительная работа способствует привлечению внимания населения к вопросам профилактики злоупотребления алкоголем, укрепления семейных ценностей и сохранения здоровья граждан.
Здоровое село начинается с осознанного выбора каждого!