
25 мамырда Константиновка ауылында балалар үшін жылжымалы ойын-сауық саябағы ұйымдастырылды.
Ауылдың кішкентай тұрғындары үшін жарқын әрі көңілді бағдарлама дайындалды: тәтті мақта, попкорн, салқындатылған сусындар, батут, басқарылатын ойыншық көлік, сондай-ақ шариктермен атуға арналған тир. Балалар уақыттарын көңілді өткізіп, көптеген жағымды әсер мен көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
Балаларға арналған ойын-сауық шарасын Константиновка ауылының тұрғыны Иван Корский ұйымдастырды. Осындай іс-шаралардан бөлек, Иван туған күндерді, балалар мерекелерін және басқа да ойын-сауық бағдарламаларын ұйымдастырумен айналысады.