Бүгін, 11 сәуірде Имантау ауылында "Таза Қазақстан" акциясы жалғасты. Имантау ауылына кіре берісте облыстық маңызы бар тас жол бойындағы пластиктен, пакеттерден және басқа да қоқыстардан тазартылды. Имантау орта мектебінің педагогтары мен оқушыларына белсенді қатысқаны және өз елді мекеніне бей-жай қарамағаны үшін зор алғысымызды білдіреміз! Біз бірге ауылымызды таза әрі әдемі етеміз. Болашақта бірлескен жұмыс пен осындай бастамаларға үміттенеміз!