Қарттар айы аясында ауылдық округ әкімі Қ.К. Сейтқалиев тыл еңбеккерлерін және бұрын әкімдікте жұмыс істеген және еңбек сіңірген демалысқа кеткен зейнеткерлерді құттықтады.
Кездесу барысында әкім ардагерлерге адал еңбегі, ауылдық округтің дамуына қосқан үлесі және өз ісіне адалдығы үшін алғыс білдірді. Зейнеткерлерге құрмет пен ризашылық белгісі ретінде Азық-түлік пакеттері табысталды.