2025 жылғы 20 қыркүйекте Имантау ауылдық округ аумағында "WorldCleanupDay" және "Таза Қазақстан" халықаралық экологиялық акциясы аясында Дүниежүзілік тазалық күні өтті.
Іс-шараға ауылдық округ әкімінің аппараты қызметкерлері, Арықбалық филиалының өкілдері "МҰТП" Көкшетау, мұғалімдер, оқушылар және жергілікті тұрғындар белсене қатысты.
Акция барысында қатысушылар қарағайлы орман алқабын, әкімдік ғимаратының маңайындағы іргелес аумақтарды, сондай-ақ тұрғын үйлердің айналасын тазартты. Бірлескен күш-жігер нәтижесінде елеулі аумақ қоқыстан арылтылып, елді мекеннің тазалығы мен табиғи сұлулығын сақтау ісіне қомақты үлес қосылды.
Мұндай шаралар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, болашақ ұрпаққа таза әрі жасыл табиғат қалдыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.