Арықбалық ауылдық округі әкімінің аппаратының 2024 жылы бойынша
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет көрсету есебін қоғамдық талқылау туралы
ХАТТАМА.
Арықбалық а. 2025 жылғы 28 сәуір
Төрағалық етті: ауылдық округ әкімі А. Әшімов
Қатысқандар: мемлекеттік қызмет көрсету үшін ауылдық округ әкімі аппаратының жауапты қызметкері, округтің бас мамандары, ауыл тұрғындары.
КҮН ТӘРТІБІ
1.Арықбалық ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есепті ауылдық округ әкімі А. А. Әшімов оқыды.
Сұрақтар, ұсыныстар болама?
Есеп нәтижелері бойынша қатысқан сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.
Есепті талқылау қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:
- «Электрондық үкімет» порталында көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта ұлғайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізу;
- жылына кемінде бір рет мүдделі органдар мен адамдарды шақыра отырып, есептерді жария талқылауды жүргізу;
- өтініштердің сапалы қаралуын, өтінімдерді уақтылы тіркеуді және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бизнес-процесстер мен жұмыс уақытының мерзімдерін сақтауды қамтамасыз ету.
Осы хаттаманың орындалуын бақылау Арықбалық ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жауапты бас маманы Г.Искраға жүктелсін.
Арықбалық ауылдық округ әкімі А. Әшімов
Бас маман Г.Искра