«Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 174 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» облыс әкімдігінің қаулысы жобасы Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді.
«Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 174 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасын қабылдау 2025 жылғы 28 наурызда заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексінің қабылдануына байланысты қажет.
«Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 174 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілер порталында (http://egov.kz) және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында (http://dsh.sko.gov.kz/) көпшілік талқылауға орналастырылды.
Ашық НҚА порталындағы жарияланымның сілтемесі::
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15522052
Ауыл шаруашылығы
және жер қатынастары
басқармасының басшысы Д. Токужинов