«Ауыл Аманаты» бағдарламасы – бұл ауылдықаумақтардың экономикалық тұрақтылығынқамтамасыз етіп, жергілікті тұрғындар үшін жұмысорындарын құруға бағытталған кешенді шараларжиынтығы.
2023 жылы басталған «Ауыл Аманаты» жобасыауылдық аумақтардың тұрақты дамуына және ауылтұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталғанмаңызды қадам болды. 2025 жылы бағдарламаныжүзеге асыруға 1,5 миллиард теңге бөлініп, бұлқаражат микрокредиттерге қолжетімділік қамтамасызетуге және 242 жұмыс орнын құруға көмектеседі. Бұлөңір экономикасын дамытуға және ауылтұрғындарының өмір сапасын арттыруға нақты үлесқосады.
азіргі уақытта бағдарламаны жүзеге асыру үшінсенім білдірілген агент ретінде «Солтүстік» арнайыкомиссиясы АҚ анықталды. Жүргізілген скрининг нәтижелері бойынша ауылдық елді мекендерде мини-құс фермаларын, ет өнімдері мен шұжықтар өндірісін, жылыжай кешендерін, омарташылықты, жүн мен теріні өңдеуді және құрылыс материалдарын өндірусияқты бағыттарды дамыту ұсынылды.
Одан бөлек, Президент тапсырмасын орындау мақсатында тауарлық кредит беру бойынша Жол картасы әзірленді. Оның мақсаты – залогтық мүлкі жоқ ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, оларға ауылшаруашылық жануарларын қайтарымдылық негізде ұсыну арқылы бизнес бастау мүмкіндігін жасау. Бұл механизм аясында ірі және орташа ауыл шаруашылығы өндірушілері ауылшаруашылық жануарларын кредитке береді, бұл бизнесті бастау мүмкіндігін кең ауқымды адамдар үшін қолжетімді етеді.