«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін жеке немесе заңды тұлғаларға жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар көрсетеді, бұл қызмет «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетіледі

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін жеке немесе заңды тұлғаларға жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар көрсетеді, бұл қызмет «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетіледі

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметін жеке немесе заңды тұлғаларға жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар көрсетеді, бұл қызмет «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;

2) электрондық жерге орналастыру жобасы.

«Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 4 жұмыс күнін құрайды.

- Браузерді ашқаннан кейін іздеу жолына Egov мәтіні енгізіледі.

- Кіруді өтініш берушінің ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңбасы) арқылы «Кіру» батырмасын басу арқылы жүзеге асырамыз 

- Әрі қарай, электрондық лицензиялауды таңдаңыз 

- Жер қатынастары

«Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту» қызметін таңдаймыз

- Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз, аймақты таңдаңыз,

- Өтінім жіберуді жоспарлап отырған мемлекеттік органды табамыз

- Ашылған қойындыда өтінім деректерін толтырыңыз, сондай-ақ белгіленген «*» жолдарын толтыру қажет.

- Деректерді енгізгеннен кейін төменгі оң жақ бұрыштағы «Келесі» батырмасын басыңыз.

- Жерге орналастыру жобасы жолында сканерленген жерге орналастыру жобасын тіркейміз, сақтауды, содан кейін «Келесі» батырмасын таңдаймыз.

Құжатқа қол қою.