СҚО 1200 басқа арналған СТФ салынуда

СҚО 1200 басқа арналған СТФ салынуда

1200 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу жөніндегі жобаны іске асыруды «Буденное-СК» ЖШС 2023 жылдың мамырынан бастады. Жаңа СТФ жобалық қуаты жылына 10,0 мың тонна сүтті құрайды.

Жобаға инвестиция көлемі 7,8 млрд теңгені құрайды, оның 5,3 млрд теңгесі - қарыз қаражаты, ал 2,5 млрд теңгесі - компанияның меншікті қаражаты.

 

Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Шатыр жұмыстары жүргізілуде, қасбетке сэндвич панельдер, газгольдерлер орнатылуда. Сонымен қатар, қажетті жол жабыны салынды және электр желілері жүргізілді, бұл фермаға ыңғайлы қол жетімділікті және тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.