СҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Сізге мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда-саттықта (аукциондарда) сатып алу Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес іске асырылатынын хабарлайды.
Сауда-саттықты (аукциондарды) ұйымдастырушы ретінде меншік иесі немесе онымен жасалған шарт негізінде әрекет ететін мамандандырылған ұйым болады.
6-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі осындай ұсынуды сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асыру қажеттілігі себебінен жер учаскесіне құқық беруден бас тартқан жағдайда, сұралып отырған жер учаскесі бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізілмеуге тиіс жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктіріледі.
Хаттама негізінде екі жұмыс күні ішінде орталық уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жер учаскесін сатып алу-сату немесе жалдау шарты жасалады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб - порталында жер учаскелерін сату бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) немесе жер учаскелерін электрондық түрде жалға алу құқығын ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) бекітілді.
Көрсетілген қағидаларға сәйкес жер учаскесін сауда-саттыққа (аукциондарға) қою екі тәсілмен жүзеге асырылады:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінің (бұдан әрі – сатушы)сауда-саттыққа (аукционға) қойылатын жер учаскелерінің тізбесін қалыптастыруы және бекітуі;
2) Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша еркін жер учаскесін сауда – саттыққа (аукционға) шығару туралы ұсыныстардың (бұдан әрі-Геосервис) жер учаскелерін алуға мүдделі тұлғалардан түсуі.
1) геосервисте ұсыныс беру;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдар болмаса, жер учаскесінің шекараларын енгізу, жер учаскесі бойынша тақырыптық деректерді цифрлық картада жүктеу;
3) ұсынысқа қол қою.
Геосервисте ұсыныстар беру үшін оған тіркелу қажет.
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;
3) байланыс деректері (почталық және электрондық мекенжайлары, телефоны).
сауда-саттықтың (аукциондардың)кез келген сатысында цифрлық картада жер учаскелері туралы мәліметтерді қарау;
учаскені сауда-саттыққа (аукционға) шығару туралы шешім қабылданғанға дейін ұсыныс беру.
Ұсынысты геосервиске берудің келесі кезеңі – жер учаскесінің шекараларын енгізу, жер учаскесі бойынша тақырыптық деректерді цифрлық картаға жүктеу.
Геосервисте жер учаскесінің шекаралары енгізілген кезде оған шартты сәйкестендіру нөмірі беріледі.
Жер учаскесі сауда-саттыққа (аукционға) қойылмаған не сұраныс болмаған жағдайда, жер учаскесінің шартты сәйкестендіру нөмірі оны берген сәттен бастап күнтізбелік бір жыл өткен соң жойылады.
Жер учаскесін сауда-саттыққа (аукционға) қою туралы оң шешім болған жағдайда сатушы веб-порталда Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтитын сауда-саттық (аукцион) өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру орналастырады.
Жер учаскесін сауда-саттыққа (аукционға) шығару туралы оң немесе теріс шешім қабылданған жағдайда, пайдаланушының геосервисте көрсетілген электрондық мекенжайына веб-порталда сауда-саттық (аукцион) өткізу не ұсынысты қабылдаудан бас тарту себептері туралы хабарландыру орналастырылғаны туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
1) сауда-саттық (аукцион) объектісінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау туралы акт;
2) жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартының жобасы.
1) сауда-саттық (аукцион) әдісі;
2) сауда-саттық (аукцион) объектісінің бастапқы және ең төменгі бағасы;
3) жер учаскесінің орналасқан жері, оның алаңы және нысаналы мақсаты;
4) иеліктен шығарылатын құқық түрі (жер учаскесінің меншік құқығы немесе жалдау құқығы);
5) сауда-саттықтың (аукционның) өткізілетін күні мен уақыты (веб-порталда жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен ерте емес және күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын уақытта белгіленеді);
6) жер учаскесіне барлық ауыртпалықтардың (шектеулердің) тізбесі;
7) жер салығының немесе жалдау ақысының мөлшері;
8) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін (жер учаскесін жалдау құқығын) сату жөніндегі сауда-саттыққа (аукционға) қатысуға арналған өтінімге (бұдан әрі – өтінім) қоса берілетін, қатысушы ұсынатын құжаттардың тізбесі;
9) кепілдік жарнаның мөлшері мен енгізу тәртібі, ұйымдастырушының деректемелері;
10) сауда-саттық (аукцион) объектісін сату және жалдау бағасын төлеу тәртібі;
11) өтінімдерді қабылдау мерзімдері.
1) қатысушының осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ сауда-саттықтың (аукционның) басталуына бес минут қалғанға дейін ұйымдастырушының шотына сауда-саттықтың (аукционның) өткізілетіні туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі;
2) қатысушының Жер кодексінің 20-бабы 2-тармағының үшінші абзацына сәйкес келмеуі;
3) қатысушының Жер кодексінің 96-1-бабына сәйкес жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде болуы.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдай орын алған кезде ұйымдастырушы кепілдік жарнаны тиісті бюджеттің кірісіне аударады.
Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде өткізу тәртібі
1) бағаны көтеру сауда-саттығы (аукционы) кезінде бастапқы баға ең төменгі бағаға тең болады;
2) бағаны төмендету сауда-саттығы (аукционы) кезінде бастапқы баға ең төменгі бағадан 100 (жүз) есе асады.
Жер учаскесін жалдау құқығын сату кезіндегі бастапқы баға жалдау мерзіміне байланысты жер учаскесі жалданған әр жыл үшін жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнынан пайызбен сараланып былайша айқындалады:
1) 10 жылға (қоса алғанда) дейін – 2 %;
2) 11 жылдан 30 жылға дейін – 20 % + 10 жылдан асқан әр жыл үшін 1,5 %;
3) 31 жылдан 49 жылға дейін – 50 % + 30 жылдан асқан әр жыл үшін 1 %.
Бағаны көтеру сауда-саттығына (аукционына) қатысушылар сауда-саттық (аукцион) басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді, бастапқы бағадан төмен болмайтын сауда-саттық (аукцион) объектісі үшін өзінің баға ұсынысын көрсетеді.
1) сауда-саттық (аукцион) объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы 20000 еселенген АЕК мөлшеріне дейін болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру сауда-саттығында (аукционында) 10% мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5% мөлшерінде белгіленеді;
2) сауда-саттық (аукцион) объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы 20000-нан 50000 еселенген АЕК мөлшеріне дейін болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру сауда-саттығында (аукционында) 7% мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5% мөлшерінде белгіленеді;
3) сауда-саттық (аукцион) объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы 50000-нан 100000 еселенген АЕК мөлшеріне дейін болған кезде өзгерту қадамы 5% мөлшерде белгіленеді;
4) сауда-саттық (аукцион) объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы 100000-нан 250000 еселенген АЕК мөлшеріне дейін болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 2,5% мөлшерінде және бағаны төмендету сауда-саттығында (аукционында) 5% мөлшерінде белгіленеді;
5) сауда-саттық (аукцион) объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы 250000-нан 500000 еселенген АЕК мөлшеріне дейін болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру аукционында 1% мөлшерінде және бағаны төмендету сауда-саттығында (аукционында) 5% мөлшерінде белгіленеді;
6) сауда-саттық (аукцион) объектісінің бастапқы немесе ағымдағы бағасы 500000 еселенген АЕК мөлшерінен басталып, одан жоғары болған кезде өзгерту қадамы бағаны көтеру сауда-саттығында (аукционында) 0,5% мөлшерінде және бағаны төмендету аукционында 5% мөлшерінде белгіленеді.
1) сауда-саттық (аукцион) басталған сәтте аукцион залында қатысушылардың сауда-саттық (аукцион) объектісі үшін баға ұсыныстары бейнеленеді, олар шарттарды сақтай отырып, сауда-саттық (аукцион) объектісін сатып алуға келісім білдіру нысаны болып табылады және ағымдағы баға қалыптастырылады;
2) сауда-саттық (аукцион) басталған сәттен бастап қатысушыға осы Қағидалардың 38-тармағында белгіленген қадамға басқа қатысушының ағымдағы ең жоғары бағасын ұлғайту мүмкіндігі беріледі;
3) егер сауда-саттық (аукцион) басталған кезден бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі ең жоғары ағымдағы бағаны көтермесе, онда оны ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал аталған сауда-саттық (аукцион) объектісі бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізілген болып танылады;
4) егер аукцион залында сауда-саттық (аукцион) басталған сәттен бастап 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірі осы Қағидалардың 38-тармағында белгіленген қадамға басқа қатысушының ағымдағы ең жоғары бағасын ұлғайту жолымен сауда-саттық (аукцион) объектісін сатып алу ниетін растаса, онда ағымдағы баға белгіленген қадамға ұлғайтылады;
5) егер ағымдағы баға ұлғайтылғаннан кейін 20 (жиырма) минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі ағымдағы бағаны ұлғайту жолымен сауда-саттық (аукцион) объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда сауда-саттық (аукцион) объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал аталған сауда-саттық (аукцион) объектісі бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізілген болып танылады.
1) егер сауда-саттық (аукцион) басталған сәттен бастап 5 (бес) минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі сауда-саттық (аукцион) объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда сауда-саттық (аукцион) объектісінің бастапқы бағасы осы Қағидалардың 38-тармағында белгіленген қадамға төмендейді;
2) егер баға азайғаннан кейін 5 (бес) минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі сауда-саттық (аукцион) объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда сауда-саттық (аукцион) объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен төмендейді.
Қағидалардың 36, 37-тармақтарында және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда сатушы веб-портал қалыптастыратын сауда-саттықтың (аукционның) өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
Қатысушының компьютерлік және (немесе) телекоммуникациялық жабдығының техникалық ақауы болған жағдайда сауда-саттық (аукцион) жалғасады.
Сауда-саттықты (аукционды) өткізуге кедергі келтіретін веб-порталдың техникалық іркілуі фактісі болған жағдайда, ұйымдастырушы бұл туралы Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығын, сатушыны дереу хабардар етеді және сауда-саттыққа (аукционға) қатысуға жіберілген қатысушыларды веб-порталда ақпарат орналастыру және веб-порталда көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы осы сауда-саттықты (аукционды) жалғастырудың күні мен уақыты туралы алдын ала хабардар ете отырып, ұйымдастырушы техникалық іркілісті түзеткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сауда-саттықты (аукционды) жалғастыруды ұйымдастырады.
1) кепілақы (аванстық төлем) жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сату бағасының 50 (елу) %-ы мөлшерінде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлем есебіне есептеледі;
2) қалған сома жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей енгізіледі.
Әзірлеуші: «Ақпараттық-есепту орталығы» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бөлімшесі, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, № 11, 309 кабинет, байланыс телефондары 46-39-36, 46-50-18 (е-mail: sko@gosreestr.kz).