Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында 2022 жылы қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы ақпарат

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында 2022 жылы қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы ақпарат

2022 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ-ге барлығы 398 өтініш келіп түскен.

Негізінен ауыл шаруашылығы және жер қатынастарының әртүрлі мәселелері бойынша:

  • мал шаруашылығын субсидиялау бағдарламасы бойынша – 27;
  • техникаға ауыртпалықтардың бар/жоқтығы туралы, техниканың бар/жоқтығы туралы, арзандатылған дизель отынын жеткізетін операторлар тізіміне енгізу туралы – 201;
  • агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде шеккен шығындардың бір бөлігін субсидиялау мәселелері бойынша – 3;
  • өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялаумәселелері бойынша – 4;
  • тыңайтқыштар мен пестицидтерді субсидиялау мәселесі бойынша, егістік алаңдарын қамтамасыз ету бойынша – 57;
  • сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау мәселелері бойынша – 3;
  • дивидендтер төлеу, шартты жер үлесіне құқығынан айырылу, жайылымның жоқтығы– 88.

Барлық өтініштерге қолданыстағы заңнама аясында уақытылы жауап беріледі. Мерзімі бұзылып қаралған өтініштер жоқ. Өтініштердің басым бөлігі алғаш рет түскен, қайталанған өтініштер жоқ.