Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» КММ қызметкерлері: Агроөнеркәсіптік кешеннің мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру бөлімі басшысының м. а. А. А. Прудченко және әкімшілік-құқықтық бөлімнің бас маманы Қ. Қ. Сайдалина АӨК қызметкерлерінің Ардагерлер кеңесі төрағасы М. Ш. Шәкімов пен оның орынбасары Е. Ж. Үсеновпен бірге мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін әлеуметтік маңызы бар объектілерге бару шеңберінде «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» КММ-ге барды. Қарап-тексеру барысында ешқандай қателік көзге түспеді. Кіре-берісі қолданыстағы заңнамаға сәйкес ресімделген. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған. Бөлмелердің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Ғимараттың іщінде бірінші қабатта, сондай-ақ басқарма жалға алып отырған бөлмелердің ішінде азаматтар қалаған болса мамандық кеңесін пайдаланып, өз бетінше қызмет ала алатын орын – connection-point ойластырылған. Қызметкерлер клиенттерді жылы ұшырап қарсы алады, күту орындары бар.